Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Тұрсынхан Зәкенұлының лекциясы: Күлтегін және оның заманы

461

Ертеңгі ұрпақ біздің түп-тамырымызды бізсіз де тауып алады, сонда «мынау Күлтегін ескерткіші, бұл – біздің төл жазуымыз, әрпіміз» демей ме. Қазірдің өзінде ғылымда құпиялығы ашылып келе жатқан түркі жазуы VІІІ ғасырдағы кеңістікте таралған әліпби болатын. Біздің мемлекеттілік сезіміміз қаншалықты тереңге кетеді? Руникалық жазуды біз бастасақ, түркі әлемі бізге қарай ожыраймайды – ошырылады, қарсы келмейді – қайырылады. Латын қарпіне көшкенде түріктер бірігеді дегенді оқып жүрмін, бірақ біз төл жазуымызды тірілткенде сезіміміз басқаша болады. Рух қайта оралады десе сенемін. Түркі әлемінің ортасында отырған біз ертең төл қарпімізді пайдалансақ, басқа түркі халықтарына «Ей, бауырлар, біз ата-бабамыздың жерінде, қарашаңырақта отырмыз. Үстімізге ата-бабамыздың тонын киіп, иіскеп отырмыз. Солар қалдырған жазуды қолданып, рухымен өмір сүріп жатырмыз» деп толық айтуымызға болады. Біз қазір орыс-славяндық ортадан жырылып шығып, енді англо-саксондық мәдениетке ұмтылып бара жатқанымыз анық. Мұнымен біз әлемнің алдына түсе алмаймыз, бірақ біз қайткелі тұрмыз: бүкіл дүние жүзі қызыққан руникалық жазуымызды тастап, ешкімге таңсық емес латын әлемінің көшіне ергелі отырмыз

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?