«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Бейнегалерея

Абай: Жүректің көзі ашылса...

Қазақстан тарихы интернет-жобасы Абай күні қарсаңында оқырман назарына «Жүректің көзі ашылса...» бағдарламасын ұсынады. Бағдарлама Абай шығармашылығына танымдық, ғылыми барлау жасауға арналған. Бұл бағдарлама –хакімнің қара сөздері мен өлеңдеріне жаңаша герменевтикалық талдау жасау арқылы күні бүгінге дейін қалыптасқан кей ұғымдарына басқалай ракрустан қарау. Дәлірек айтар болсақ, санамызға орыныққан стереотиптер мен жалған қағидаларды бұзуды көздейді.