Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Көне Бозоқ бүгінгі Астана

30520
Көне Бозоқ бүгінгі Астана  - e-history.kz

«Қазақстан – 2050» жалпыұлттық қозғалысының бұрындық болуымен ұйымдастырылған «Менің Елім – Моя страна» мотошеруі тобы ортағасырлық қала Бозоқпен танысты. Көне Бозоқ бүгінгі Елордамыз. Қаланың бай тарихы мен өзіндік маңызы бар орталық.

Алғашқыда Бұзоқ (Бұзық) деп аталған Бозоқ қонысы Есіл өзенінің сол жақ жағалауы бойындағы ми батпақ арасында орналасқандықтан күні бүгінге дейін сақталған. Бастапқыда, Кемел Ақышев бұл қалашықты Ақжол деп атағысы келген. Кейін, түркі-оғыздардың тарихы жөніндегі жазбаша дереккөздерде ол көл атауында сақталған Бұзықты деген топонимді анықтады және өзінің жұмысына Бұзық деп ат қойды. Бұл мекен атауын білдіретін мағынаны талқылау барысында Қазақстанның Президенті Н.Ә. Назарбаев және К. Әкішев Бозоқ деген атау археологиялық феномен үшін қолайлы деген ортақ пікірге келеді. Бозоқ — ежелгі түркі мемлекеттері әкімшілік құрылымының шығыс бөлігінің атауын білдіретін түркі-оғыздық термин. Мағынасына қарай «бұзық» деген түркі-оғыздық термин – терең бойлайтын, бұзатын оқ дегенді білдіреді, ал егер бұл сөзді «боз оқ» деп өзгертсек, боз, ашық оқ дегенді білдірмек. Ежелгі түрік тілінде «боз оқ» деп оқыған дұрыс болады. Осылайша, Есіл өзенінің жағасындағы қалашық «Бозоқ» деген атты иеленді.

Орталық Қазақстанның ортағасырлық қала мәдениетіне жасалған зерттеулер Қазақстан тек қана көшпелі өркениет елі ғана емес, қалалар елі болғанын дәлелдейді. Еуразиялық кеңістіктің шығыс бөлігінің ортасында орналасқан қала маңызды геостратегиялық факторға ие болды, өйткені бұл жерде Еуразия халықтарының сауда, көші-қон, дипломатиялық жолдары түйіскен. Ата-бабаларымыздың мекендеу орнын таңдауы Елбасы таңдауымен сәйкес келуі кездейсоқтық емес. Қалашықтың құрылымдық ұйымдастырылуы 40 га ауданды алатын солтүстіктен оңтүстікке созылған үш негізделген топтан тұрады. Қалашықтың орталық бөлігін төртбұрышты әбзелдер құрайды. Әрқайсысы дуалмен қоршалған кварталдар бір-біріне тіркесіп тұрады Үш бөлікті құрылым ішінде қалашықтың мінәжаттық орталығы орналасқан, ол жерде екі кірпіш кесенесінің, бір мұнараның, кірпішті күйдіру пешінің және 11 жерлеу орындарының негіздері табылған.

Бозоқ тарихында үш тарихи кезең белгілі

Бірінші кезең - VIII-IX ғғ., ерте ортағасыр. Бұл кезеңге үш ауданнан тұратын мекеннің орталық бөлігі жатады. Сарыарқа қыпшақтардың атамекеніне айналып, Бозоқ қалашығы қыпшақтардың Еуразия кеңістігін жаулау жолындағы алғашқы ордаларының бірі болды.

Екінші кезең - Х-XII ғғ., Қыпшақ хандығының күшею кезеңі. Бұл кезеңде балшықтан құйылған кірпіштерден үйлер, алғашқы кесене мен мұнара салынған. Қаланың айналасына тұрғындардың ойластырылуымен суландыру құрылыстары орнатылған.

Үшінші кезең - XIII-XIV ғғ., Алтын Орда дәуірі.

Бұл кезеңде Бозоқ мәдени орталық мәртебесіне ие болды және ақсүйектерді жерлеу орнына айналды. есенелердің жанынан кірпіш күйдіруге арналған пештер салынды. Осылайша, бұл мекеннен алғашқы қоныстанушылар көшіп кеткен соң, әскери орда аумағы кейінгі көптеген ғасырлар бойы бұл өңірдің мінәжаттық діни орталығы қызметін атқарды. Бұл жерде тұрғын-үйлер мен өндірістік ғимараттардан басқа шикі кірпіштен салынған кесенелер, мазарлар, жерлеу дуалдары ашылды. XIII-XIV ғғ. Алтын Орда дәуіріне жататын жер асты жерлеу орындары табылды. Ең соңғы жерлеулер XVII-ХVIII ғғ. жатқызылады. Археологиялық ескерткіштің оңтүстігінде ХVIII-ХIХ ғғ. қазақтардың қыстақ қалдықтары орналасқан. Бозоқ қалашығының Қазақстан астанасы үшін оның ертедегі дерегі ретінде маңызы өте зор. Мыңдаған жылдар бұрын қазіргі Астананың орнында әскери бөлімшелердің пайда болуы оның ежелден бастау алатынын дәлелдейді.

Бұдан басқа, Бозоқ қалашығы оның аумағындағы кесенелердің шоғырлануына қарағанда ортағасырлық Нұра – Есіл ауданы халқы үшін рухани орталық қызметін атқарды десе де болады. Бозоқ қалашығы әкімшілік билік орталығы, қолөнер мен сауда, оның ішінде, Ұлы жібек жолының әртүрлі тармақтарының түйіскен жерінде орналасқандықтан халықаралық сауда жолы торабы болды.

Осылайша, ежелгі ғасырлардан бастап-ақ бұл аймақ маңызды экономикалық орталық болған. Сонымен бірге бұл жерде Бозоқ билеушілерінің ордасы- қазіргі Астананың арғы атасы орналасқан.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?