Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Эди Азулай: Қазақстан тарихы тағылымы мол тұстарға толы

30497
Эди Азулай: Қазақстан тарихы тағылымы мол тұстарға толы - e-history.kz

Израиль елінің азаматы Эди Азулай порталымызға арнайы сұхбат беріп, өзінің Қазақстанға келгендегі алғаш алған әсерін әңгімелеп, тарихи танымы және туризмді дамыту тетіктері туралы өз ойымен бөлісті. 

- Эди Азулай, Қазақстанға келгендегі алған алғаш әсеріңіз қандай болды? 

- Мен үшін бұл сапардың жағымдылығы мен тиімділігі теңесіп тұр. Инвестициялық бизнес мәселесі бойынша келіп, қаланың тарихи орындарымен де танысып жүрмін. Расында, қаладан бірден жағымды әсер алдым. Астана тұрғындары ашық-жарқын, ақкөңіл адамдар. Бұл қала маған бұрыннан таныс, жүрегіме жақын көрінді. 

- Қазақстанның тың тарихы туралы біле алдыңыз ба? 

- Елдің тарихымен, ұлтының рухани-материалдық құндылықтарымен танысу үшін алдымен мұражайларын аралау керек. Азанда ұшақтан түсіп жайласқан соң, уақыт тауып Ұлттық музейге бас сұқтым. Мені мұндағы әрбір тарихи факт ерекше таң қалдырып, рухани күш-қуат сыйлады. Қазақстан тарихы өзінің жан-жақтылығымен, ғажайып тұстарымен қызығушылық тудырады. Қазақ халқының тарихы терең үңіліп зерттеуге әбден тұрарлық тағлымы мол тұстарға толы. 

d884eba1f40f5ad39f9713badaf002f5.jpg

- Тарихымыздың сізге ерекше әсер еткен тұстарына тоқталып өтесіз бе? 

- Әрине, ондай тұстар көп екен. Мен, әсіресе, «Алтын адамды» көріп, қайран қалдым.  Алтыннан жасалған тұрмыстық және әшекей бұйымдар, қазақ халқының түп тамыры өте өнерлі, бақуатты әрі асыл текті екендігін аңғартады. «Алтын адам» - ата-бабаларыңыздың нағыз ер-жүрек жауынгер болғаныдығының айқын айғағы. Тас ғасырынан бастап қола, темір дәуірлерінің бұйымдары мен құралдары мұнда мекен еткен ежелгі адамдардың үлкен цивилизацияға қарыштап қадам жасағанын сипаттайды. Олар түрлі тайпалардың құрамында нағыз геосаяси байланыстар орната білген. Мен үшін бұлар ауыз толтырып айтып жүрерліктей аса қызықты фактілер. 

 - Қазақстанның туристтік потеницалы туралы не айтар едіңіз? 

- Жоғары потенциал бірден сезіледі. Тек ақпараттандыру жағын күшейтсе болды. Мен бүгін Қазақстанның шет-жағасымен ғана таныстым. Израильден бір топ туристтерді ертіп келу үшін осы ақпараттың өз де жеткілікті. Сондай-ақ, мұндағы тұрғылықты ервейлердің тұрмыс-тіршілігі, олардың синагогаға көзқарасы және ерекшеліктері бізді қызықтырмай қоймайды. Оған қоса Қазақстанның керемет табиғаты туристтер үшін аса тартымды. Жарнаманың рөлі зор. Бұл туристтік кластердің қарғынды джамуына түрткі болады. 

 - Әңгімеңізге көп рахмет!

Сұхбат «Үздік отыздыққа апарар «100 нақты қадам» бағдарламасындағы «Біртектілік пен бірлік» бөліміндегі 86 және 87 қадамдарын жүзеге асыру аясында алынды. 

Гүлжанат ӘБДІКӘРІМ


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?