Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Еуразия топонимдері Түркі тайпаларының бүкіл алып құрлықта өмір сүргенінің дәлелі

29891
Еуразия топонимдері Түркі тайпаларының бүкіл алып құрлықта өмір сүргенінің дәлелі - e-history.kz

«Сіз алапат еңбек жасағансыз»

Мақала авторы осы тақырыпқа арналған еңбегін жер-су аттары бойынша атақты ғалым, ағылшын тілінде шыққан «Еуразия топонимдері» кітабының иесі, Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының География институтының директоры Будаг Абдуалиоғлы Будаговтың назарына ұсынған екен. Осы саланың ірі білгірінің Ахмет Дүйсенбаевтың атына жазған жауап хатын оқырмандар назарына қоса ұсынып отырмыз.

Құрметті Ахмет Дүйсенбаев!

Сіздің хатыңызды, сондай-ақ Еуразия топонимдері туралы материалдарды алдым. Олар мені өте-мөте қызықтырды. Еуразия құрлығындағы түркілік тамырлары бар төрт жүзден астам географиялық атауларды жинап, талдау арқылы сіз алапат еңбек жасағансыз!

Осындай материал жинауды мен көптен армандап жүретінмін, Сіз соны жасапсыз. Бұл арқылы топонимистер географ қана емес, тарихшылар да, филологтар да болуға тиістігін дәлелдегенсіз.

Мен Сізге өзімнің бөлекше алғысымды айтып, разылығымды білдіремін. Біз Сіздің мәліметтеріңізді өз еңбектерімізде міндетті түрде пайдаланатын боламыз.

Үлкен құрметпен, академик Б.А.БУДАГОВ  Баку қаласы

Мен 2006 жылы Түркі қағанатының «іздерін» кәдімгі географиялық картадан  іздеп көрдім. Ол үшін «Малый атлас» деген кітаптан Еуразия құрлығында Түркі қағанаты дәуірінен бері сақталып қалған топонимдерді, яғни елді мекендер мен тау, өзен, көл аттарын іздедім. Көзіме түскен түркі тектес топонимдерді көшіріп алдым. Яғни маған түсініктілеуі: қазақ, қырғыз, татар, ұйғыр, башқұрт, өзбек, түркімен, азербайжан тілдеріне ұқсас жер-су аттары. Ең қызығы: олар  көпшілік жағдайда бізге таныс  түркі халықтарының тілінде сақталғанға ұқсайды.

Көпшілігі кәдімгі үндес топонимдер. Қай тілдік топқа жататынын мамандар анықтай алуға тиіс. Шыққан тектері түркі халықтарының тілімен қатар, парсы, моңғол, араб, орыс, қытай, угро-фин, үнді (мысалы, «тамаша», «тоты құс» сияқты) басқа тілдерден болуы мүмкін.

Бұл топонимдерді екі топқа бөліп отырмыз. Біріншісі– шартты түрдегі нақты түркі тектес топонимдер. Мағынасы қазақша түсінікті. Екіншісі – үндес топонимдер. Оның түркішеге ұқсас болғанымен, шын мағынасы бұлыңғыр, күмән туғызады. Сондықтан оларды екінші топқа жатқыздық. Бұл топонимдерді картада қалай орыс тілінде жазылған, сол түрінде тіземіз де, жанына қазақша талдау береміз. Бұл тәсіл топонимдерді салыстырмалы түрде бағалауға мүмкіндік береді. 

АБАКАН (Хакасия, Россия) – Аю қаны (қала).

АБЫШКАН (Новосибирь обл., РФ) – Жабысқан (көл).

АЙ (Челябинск обл., РФ) – /Ай мүсінді/ Ай (өзен).

АЙДАР(Белгород обл., РФ) – Айдар (өзен).

АЙДАРКУЛЬ(Өзбекстан) – Айдар көл.

АЙДАРЛЫ(Қазақстан) – Айдарлы (село).

АКБУЛАК(Оренбург обл., РФ) – Ақбұлақ.

АКЖАР (Оренбург обл., РФ) – Ақ жар.

АКЖАРКА (Оренбург обл., РФ) – Ақ жар.

АККЕРМА́Н (Одесса обл., Украина) – Ақ қырман (бекініс).

АККУДУК (Оренбург обл., РФ) – Ақ құдық.

АККУЛЬ (Новосибирь обл., РФ) – Ақ көл.

АКСАЙ (Волгоград обл., РФ) – Ақ сай (село).

АКСАРАЙСК (Астрахань обл., РФ) – Ақ сарай (кент).

АКСУ(Оренбург обл., РФ) – Ақ су.

АКТАШ(Таулы Алтай, РФ) – Ақ тас (село).

АК-ТАШ (Челябинск обл., РФ) – Ақ-Тас.

АКТЮБЕ(Астрахань обл., РФ) – Ақ төбе (село).

АКТЮБЕ(Челябинск обл., РФ) – Ақ төбе (көл).

АЛАБУГА (Куйбышев обл., РФ) – /Өзенді бөгеп пайдалану/ Ала бұға.

АЛАКУЛЬ(Новосибирь обл., РФ) – Ала көл.

АЛАН(Иркутск обл., РФ) – /Орманда/ Алаң

АЛБАШИ (Краснодар өлк., РФ) – Алау, қызыл бас (хутор).

АЛТАЙ (Россия, Қазақстан) – Алып тау.

АЛТЫНАЙ(Свердловск обл., РФ) – Алтын ай (кент).

АЛТЫНЖАР (Астрахань обл., РФ) – Алтын жар (село).

АЛТЫН-ТАШ (Челябинск обл., РФ) – Алтын-Тас.

АЛУШТА(Қырым, Украина) – Алыста (қала).

АЛЫГДЖЕР (Бурятия, РФ) – Алыс жер (кент).

АНАПА (Краснодар өлк., РФ) – Анапай (қала).

АРАКУЛЬ (Челябинск обл., РФ) – Ара көл.

АРКАДАК(Саратов обл., РФ) – Арқа дағ (қала).

АРКАИМ(Челябинск обл., РФ) – Арқайым (көне мекен).

АРКУЛЬ(Киров обл., РФ) – Арғы көл (кент).

АРТЕК(Қырым, Украина) – Артық ( балалар орталығы)

АРТЫБАШ(Таулы Алтай, РФ) – Артық бас (кент).

АРТЫК(Якутия, РФ) – Артық (кент).

АСТРАХАНЬ (Россия) – Астра хан (қала).

АХТАНИЗОВСКИЙ ЛИМАН (Краснодар өлк., РФ) – Ақ теңіз лиманы (жайылмасы).

АХТУБИНСК (Астрахань обл., РФ) – Ақ төбе (қала).

АХТЫРКА (Сумск обл., Украина) – Ақ төбешік (қала).

АХУН (Краснодар өлк., РФ)– Ақын (тау).

АХ-ЦУ (Краснодар өлк., РФ) – Ақ-Су (сай, шатқал).

АША(Челябинск обл., РФ) – Аса, Асу (қала).

АШИСАЙ (Оренбург обл., РФ) – Ащысай.

АЩИ-БЛЯК (Оренбург обл., РФ) – Ащы-Бұлақ.

АЮДАГ (Қырым, Украина) – Аю дағ (Аю тау).

БАГАН (Новосибирь обл., РФ)– Баған (село).

БАЗАВЛУК (Днепропетров обл., УР) – Бұзаулық (өзен).

БАЙКАЛ (Россия) – Бай көл.

БАЙТОГ (Иркутск обл., РФ) – Бай тау (кент).

БАКЛАНДЫ(Новосибирь обл., РФ)– Бақланды (көл).

БАЛАГАНСК (Иркутск обл., РФ) – Бұлғынды (кент).

БАЛАЙ(Новосибирск обл., РФ) – Балақай (көл)

БАЛАШИХА (Москва обл., РФ) – Балашық (қала).

БАЛТА(Одесса обл., Украина) – Балта (қала).

БАЛЧИК(Болгария) – Балшық (қала).

БАЛЧУГ(Москва) – Балшық (көше).

БАРЛАКУЛЬ (Новосибирь обл., РФ) – Борлы көл (кент).

БАРНАУЛ (Россия) – Барн ауылы (қала).

БАРЫШ (Ульянов обл., РФ) – Борыш, қарыз (қала).

БАСМАНОВО (Смоленск обл., РФ) – Таңба басылған (кент).

БАХЧИСАРАЙ (Қырым, Украина) – Бақша сарай (қала). 

БАШКУЛЬ(Новосибирь обл., РФ)– Бас көл. 

БЕЙСУГ(Краснодар өлк., РФ)– Бейдің басы (кент).

БЕСКУДУК (Қазақстан) – Бес құдық (село).

БЕШГЁЗ, Бешгиоз(Молдова) – Бес көз (село).

БЕШТАУ (Ставрополь өлк., РФ) – Бес тау (тау).

БИЮК-КАРАСУ (Қырым, Украина) – Биік-Қарасу (өзен).

БОКАЛЫ (Новосибирь обл., РФ) – Бақалы (көл).

БУДЖА́К (Одесса обл., Украина) – Бұл жақ (кеңістік).

БУЗУЛУК (Оренбург обл., РФ) – Бұзаулық (қала). 

БУЛГАН(Моңғолия) – Бұлғын (қала).  

БУРЛУК (Харьков обл., Украина) – Бұрлық (кент).

БУРЛЯ (Оренбург обл., РФ) – Борлы (өзен).

БУРЧАККУЛЬ (Новосибирь обл., РФ) – Бұршақ көл.

ГЕЛЕНДЖИК (Краснодар өлк., РФ) – Келіншек (қала). 

ГИЗЕЛЬ-ДЕРЕ (Краснодар өлк., РФ) – Қызыл дерек (кент).

ГУБЕРЛЯ(Оренбург обл., РФ) – /Гүрілді/ Гүбірлі (өзен).

ГУРЗУФ (Қырым, Украина) – Зуфтың көрі(кент).

ГУРЭМИР(Самарқанд, Өзбекстан) – Әмірдің көрі (мавзолей). 

ДОНГУЗ (Оренбург обл., РФ) – Доңыз, қабан (кент).

ДУРАКОВО, ДУРАШКОВО, ДУРАШ­КИНО (Қорған обл., РФ) – /Уақытша мекен, көл жағасы/ Тұрақ

ЕЛАБУГА(Татарстан, РФ) – Ала бұга (қала).

ЕЛАНКА(Новосибирь обл., РФ) – Жыланды (өзен).

ЕССЕНТЮКИ (Ставрополь өлк., РФ) – Есен түкті, шәші (қала).

ЖАЛГА (Иркутск обл., РФ) – Жылға

ЖАР-АГАЧ (Омбы обл., РФ) – Жар-Ағаш (ауыл).

ЖАРГОМЫС (Новосибирь обл., РФ) – Жары қамыс (көл).

ЖАРЛЫ (Оренбург обл., РФ) – Жарлы (шатқал).

ЖЕТЫКОЛЬ (Оренбург обл., РФ)– Жеті көл.

ЖИГУЛИ(Самара обл., РФ) – Жегілген (тау жотасы).

ЖИЛАНДЫ-ТАУ(Оренбург обл., РФ) – Жыланды-Тау.

ЗУР-ТАУ (Челябинск обл., РФ) – /Үлкен тау/ Зор-Тау.

ИЗМАЙЛОВО (Москва) – /Татар фамилиясы/ Исмаилов (аудан аты).

ИЛЕК (Оренбург обл., РФ) – Елік (село).

ИМЕНТАУ (Челябинск обл., РФ) – Емен тау.

ИСЕТЬ (Қорған обл., РФ) – Иіс ет (өзен).

ИСИЛЬ-КУЛЬ (Омск обл., РФ) – Есіл-Көл.

ИССЫК-КУЛЬ (Қырғызстан) – Ыстық-Көл.

ИТКУЛЬ (Новосибирь обл., РФ) – Ит көл.

ИРТЯШ (Челябинск обл., РФ.) – Жер тас.

КАБАКЛЫ (Новосибирь обл., РФ) – /Тау беткейі/ Қабақты. 

КАГАРЛЫК (Киев обл., Украина) – /Қараңғылық/ Қағарлық.

КАЗАКЛИЯ (Бессарабия, Молдова) – /Қазтабан/ Қаз ақлия.

КАЗАНКА (Николаев обл., Украина) – Қазанды.

КАЗАНКИ (Қырым, Украина) – /Тағам ыдысы/ Қазаншық.

КАЗАНЛЫК (Башкортостан, РФ) – Қазандық.

КАЗАНЛЫК (Болгария) – Қазандық.

КАЗАНЧА (Оренбург обл., РФ) – Қазанша.

КАЗАТКУЛЬ (Новосибирь обл., РФ) – Атақаз көлі.

КАЗАХ (Әзербайжан) – Қазақ (қала).

КАИНКА (Новосибирь обл., РФ) – Қайыңды (қала).

КАИНСК (Новосибирь обл., РФ) – Қайыңды (қала).

КАЙНАР(Днестрдің көзі, Украина) – /Бастауы/ Қайнар.

КАЙНАР(Шудың көзі, ҚР) – /Бастауы/ Қайнар.

КАЛМАЦКОЕ, КАЛМЫКОВО, КАЛМЫШКИ (Қорған обл., РФ) – Көлмек (көлдер).

КАНАШ (Калининград обл., РФ) – Кеңес (кент).

КАНДАБУЛАК (Самара обл., РФ) – Қандабұлақ (өзен).

КАНТЕМИР (Молдова) – Хан темір (қала).

КАРАБАШ (Тюмень обл., РФ) – Қара бас (тау).

КАРАБАХ (Әзербайжан) – Қара бақ (анклав). 

КАРАБУЛА(Краснояр өлк., РФ) – /Тұз/ Қара бұла (село).

КАРАБУЛАК (Ингушетия, РФ) – Қара бұлақ.

КАРАБУРАНКЁЛЬ (Қытай) – Қара боран көл.

КАРАБУТАК (Оренбург обл., РФ) – /Қара тармақ/ Қара бұтақ (село). 

КАРАГАЙ (Таулы Алтай, РФ) – Қарағай.

КАРАГАЙКУЛЬ (Челябинск обл., РФ) – /Ормандағы көл/ Қарағай көл

КАРАГАЙЛА (Кемеров обл., РФ) – Қарағайла.

КАРАГАЙЛИНСК (Кемеров обл., РФ) – Қарағайлы (кент).

КАРАГАЧ(Қабарда-Балқар, РФ) – Қара ағаш (село).

КАРАГАШ(Омбы обл., РФ) – Қара ағаш (ауыл). 

КАРА-ДАГ (Қырым, Украина) – /Көне жанартаулық массив/ Қара-Дағ.

КАРАКОЛЬ(Новосибирь обл., РФ) – Қара көл.

КАРА-КОРУМ (Сибирь, РФ) – Қара-Қорым (қала).

КАРАКУЛЬ (Омск обл., РФ) – Қара көл.

КАРАМАЙ (Қытай) — Қара май (қала).

КАРАНДАШ (Челябинск обл., РФ) – (Графит) Қара тас.

КАРА-ОЗЕК (Омск обл., РФ) – Қара-Өзек.

КАРАПУЗ(Новосибирь обл., РФ) – Қара мұз.

КАРАСЁВО, КАРАСИНСКОЕ, КАРАСИЧКИ, КАРАСЬЕ, КАРАСЫ (Қорған обл., РФ) – Қара су (көл).

КАРАСУ (Иран) – Қара су (өзен).

КАРАСУК(Новосибирь обл., РФ) – Қара су (өзен).

КАРАСУН (Бурятия., РФ) – Қара су (өзен).

КАРА-ТЕРЕК (Омск обл., РФ) – Қара-Терек.

КАРАУЛ(Краснояр өлк., РФ) – Қарауыл.

КАРАШАР (Қытай) – Қара шахар.

КАРАЧИ (Новосибирь обл., РФ) – Қараши.

КАСИ́МОВ (Рязань обл., РФ) – /Хан/ Қасым қаласы.

КАРГА (Новосибирь обл., РФ) – Қарға (көл).

КАРМАКЛА (Новосибирь обл., РФ) – Қармақшла (село).

КАРТАЛЫ (Челябинск обл., РФ) – Қара талды (қала).

КАТУНЬ (Таулы Алтай, РФ) – Қатын (шуылдақ өзен).

КАЧКАНАР(Свердлов обл., РФ)– Қашқандар (қала).

КАУРАК (Новосибирь обл., РФ) – Құрғақ (өзен).

КАЧУГ (Иркутск обл., РФ) – /Өзен иіні/ Қашық (кент).

КАШИРА (Москва обл., РФ) – /Қой қора/ Қашар (қала).

КАЯК (Краснояр өлк., РФ) – Қайық (кент).

КЕМЕР (Түркия) – /Жағасы/ Кемер (қала).

КЕМЕРОВО (Россия) – /Жағасы/ Кемерлі (қала).

КЕРБУЛАК(Иркутск обл., РФ)– /Далада/ Кер бұлақ (кент).

КЕРЕМЕТЬ (Самара обл., РФ) – /Тамаша/ Керемет (кент).

КИЗЕЛ (Пермь обл., РФ) – Қызыл (қала).

КИЗЛЯР (Дағстан., РФ) – Қыздар (қала).

КИПЧАК (Қырым, Украина) – /Половецтер/ Қыпшақ.

КИРГИЗЫ (Самара обл., РФ) – /Қазақтар/ Қырғыздар (шатқал).

КИРЕЙ (Сибирь, РФ) – Керей (өзен).

КИРЕНГА (Сибирь, РФ) – Кір өзен (өзен).

КИЧИ БАЛАТОН (Венгрия) – Кіші Балатон (көл).

КЛЮЧИ-БУЛАК (Сибирь, РФ) – Бұлақ көзі.

КОБЫЛЬЕ (Қорған обл., РФ) – Қабылық (жалғас көл).

КОГАЛЫМ (Тюмень обл., РФ) – /Қоғалы/ Қоғалым.

КОКТЕБЕЛЬ(Қырым, Украина) – Көк төбелі ел (кент).

КОКЧЕТАВ (Қазақстан) – Көкше тау (қала).

КОНДУРЧА (Оренбург обл., РФ) – Құндызша (кент).

КОНЕВО, КОНКИНО, КОНЬКОВО (Қорған обл., РФ) – /Түнеп аялдайтын жер/ Қон, Қоныс (көл жағасы).

КОУНРАД (Қарағанды обл., РК) – Қоңыр ат (кент).

КОПЕТДАГ (Иран, Түркменстан) – Көпет дағ (көп таулар). 

КОПКУЛЬ (Новосибирь обл., РФ) – Көп көл.

КОШ-АГАЧ(Таулы Алтай, РФ) – Қос-Ағаш.

КОШКУЛЬ (Новосибирь обл., РФ) – Құс көл.

КРЕМЕНЧУГ (Украина) – Кірменшық (қала).

КРЫМ, Кырым(Украина) – /Жотам/ Қырым (түбек).

КУВАНДЫК (Оренбург обл., РФ) – Қуандық.

КУГАЛЫ (Оренбург обл., РФ) – Қоғалы (көл, село).

КУДА (Сибирь, РФ) – Құда (алқап). 

КУКУНУР (Сибирь, РФ) – Көк нұр (көл).

КУЙТУН-БУЛАК (Бурятия., РФ) – Құйтұн-Бұлақ.

КУЛТУК(Иркутск обл., РФ) – Қолтық (шығанақтағы кент).

КУЛУН (Краснояр обл., РФ) – Құлан (село)

КУЛУНДА(Алтай өлк., РФ) – Құланды (село).

КУМЕРТА́У (Башқортостан, РФ) – Көмір тау (қала).

КУМЛЫ(Новосибирь обл., РФ) – Құмды (көл).

КУМЫСНОЕ (Оренбург обл., РФ) –/Қымызды/ (село).

КУНАШИР (Курил аралдары, РФ) – /Күн шығар/ Күн ашар (арал).

КУНБАТАР (Дағстан, РФ) – Күн батар (тау).

КУПИНО (Новосибирь обл., РФ) – Көп көл.

КУРИЧАНКА (Қорған обл., РФ) – /Қурай жинайтын жер/ Қурайшы (село).

КУРГАН (Россия) – /Құрғақ жер, суы жоқ/ Құр(ға)ған (қала).

КУРИЧЬЯ ДАЧА (Қорған обл.,РФ) – /Қурайлы жер/ Қурайшы (орман).

КУРМЫШИ (Қорған обл., РФ) – /Құрғақ жер/ Құрғаған (суы)/.

КУРТАМЫШ (Қорған обл., РФ) – Құртамыш (өзен).

КУРГАН-ТЮБЕ(Тәжікстан) – Қорған-Төбе (қала).

КУРТАМАК (Самара обл., РФ) – Құр тамақ (өзен).

КУРТАМЫШ (Қорған обл., РФ) – Құртамыш (бұралқы өзен).

КУЧУК-КАРАСУ (Қырым, Украина) – Кіші-Қарасу (бұлақ).

КУЧУКСКОЕ(Новосибирь обл., РФ)– Күшік көл.

КУШАК (Оренбург обл., РФ) – Құмы ұсақ (село).

КУШУГУМ(Украина) – Көшу құм (көшпелі құм).

КЫЗЫЛ (Тува., РФ) – Қызыл (қала).

КЫЗЫЛУЗЕН(Иран) – Қызыл өзен.

КЫЗЫЛ-ТАЙГА (Тува, РФ) – Қызыл-Тайга.

КЫЗЫЛ-ТАУ (Оренбург обл., РФ) – Қызыл-Тау.

КЫЗЫЛ-ТАШ (Таулы Алтай, РФ) – Қызыл тас.

КЫЗЫЛ-ЯР(Қырым, Украина) – Қызыл-Жар.

КЫШТОВКА (Новосибирь обл., РФ) – Қыстау (Қыстақ). 

КЫШТЫМ(Челябинск обл., РФ) – Қыстақ.

ЛАЙТАМАК(Тюмень обл., РФ) – Лай тамақ.

МАМАЕВ КУРГАН (Волгоград обл.) – /ХанМамай бекінісі/ Мамай қорғаны.

МИАСС (Челябинск обл., РФ) – /Асты батпақ/ Ми асты (қала).

МОЙНАК (Қарақалпақстан, УР) – Мойнақ.

МУЙНАК (Новосибирь обл., РФ) – Мойнақ.

МОЙНАКИ (Қырым, Украина) – Мойнақ.

НАРЫН-ХУДУК(Калмыкия, РФ) – Нарын-Құдық.

САЗДЫ (Оренбург обл., РФ) – Сазды.

САЙГУЛЬ (Новосибирь обл., РФ) – Сай көл.

САЙЫЛЫК (Якутия, РФ) – /Жазғы мекен/ Саялық.

САКИ (Украина) – /Көне түркілер/ Сақтар.

САМАРА (Россия) – /Семіз/ Самар (өзен).

САМАРКАНД (Өзбекстан) – Семіз кент (қала).

САНДЫКТАУ(Ақмола обл., ҚР) – Сандық тау

САНДЫК-ТАУ(Оренбург обл., РФ) – Сандық-Тау.

САПУН-ГОРА(Қырым, Украина) – Сабын-Тау.

САРАПУЛ(Удмуртия., РФ) – Сары пұл.

САРАТОВ (Россия) – Сары тау (қала).

САРБАЙ (Куйбышев обл., РФ) – Сары бай.

САРАБАЛЫК (Новосибирь обл., РФ) – Сары балық.

САРБАЛЫК(Новосибирь обл., РФ) – Сары балық.

САРГУЛЬ(Новосибирь обл., РФ) – Сары көл.

САРЫБАЛЫК (Новосибирь обл., РФ) – Сары балық.

САРЫКАМЫШ (Түркия) – Сары қамыс.

САРАКАМЫШ (Оренбург обл., РФ) – Сары қамыс.

САРЫ-СУ (Қырым, Украина) – Сары-Су.

САСОВО (Рязань обл., РФ) – Сасық сазды.

САСЫК(Қара теңіз бассейні, Украина) – Сасық (көл).

САСЫК-КОЛЬ (Алматы обл., ҚР) – Сасық көл.

САСЫК-СИВАШ(Қырым, Украина) – Сасық-Саз .

СИВАШ (Қырым, Украина) – Саз.

СОБАЧЬЕ (Қорған обл., РФ) – /Сабаға ұқсас көл/ Сабаша (көл).

СОКУР(Новосибирь обл., РФ) – /Шұңқыр/ Соқыр.

СОСЫКА (Краснодар өлк., РФ.) – Сасық (өзен).

СУКСУН (Пермь обл., РФ) – Суық су (өзен).

СУКТАШ (Челябинск обл., РФ) – Суық тас.

СУЛУКОЛЬ (Омск обл., РФ) – Сұлу көл.

СУНГАР (Якутия, РФ) – Сұңқар.

СЫРТ (Самара обл., РФ) – Сырт (сыртқы).

ТАБАН-КУЛЬ (Оренбургская обл., РФ) – /Табан-Көл/ (көл, тау).

ТАБАНЫ (Новосибирь обл., РФ) – /Балық/ Табан (көлі).

ТАБУЛГА (Новосибирь обл., РФ) – Тобылғы.

ТАГАНКА (Москва) – /Таяныш, жерошақ/ Таған (аудан). 

ТАГАНРОГ (Ростовь обл., РФ) – Таған мүйіс (қала).

ТАЗ (Тюмень обл., РФ) – /Жалаң/ Таз (тау).

ТАРА (Новосибирь обл., РФ) – Тар (өзен).

ТАС-ЮРЯХ (Якутия, РФ)– Тас-Өзен. 

ТАТАР БУНАРЫ(Украина) — Татар мұнарасы.

ТАТАРКА, ТАТАРСКОЕ (Қорған обл., РФ) – /Тоттанған, Таттар/ Тат (көл).

ТАТАРСК (Новосибирь обл., РФ) – Татаркент.

ТАТАРСКИЙ ПРОЛИВ (Россия) – Татар шығанағы.

ТАШАУЗ(Түркменстан) – Тас ауыз (құдық).

ТАШКАЗГАН (Челябинск обл., РФ) – Тас қазған.

ТАШКЕНТ (Өзбекстан) – Тас кент (қала).

ТАШЛА(Оренбург обл., РФ) – Таста (өзен).

ТАШЛАМА (Самара обл., РФ) – Тастама.

ТАШЛЫКИ (Ярослав обл., РФ) – /Жері/ Тасты.

ТАШЛЫК (Черкасск обл., Украина) – /Жері/ Тасты.

ТАШЛЫК (ПМР, Молдова) – /Жері/ Тасты.

ТАШЛЫК (Кировоград обл., Украина) – /Жері/ Тасты.

ТАШЛЫ (Татарстан, РФ) – /Жері/ Тасты.

ТАШТАГОЛ(Кемеров обл., РФ) – Таста көл.

ТЕМИРТАУ(Кемеров обл., РФ) – Темір тау (қала).

ТЕМРЮК (Краснояр кр., РФ) – Темір уық.

ТЕРЕК (Қарашай-Балқар, РФ) – Терек.

ТЕРЕКЛА (Оренбург обл., РФ) – Теректі.

ТЕРЕНКУЛЬ(Новосибирь обл., РФ) – Терең көл.

ТЕРЕН-КУЛЬ(Оренбург обл.,РФ) – Тереңкөл.

ТЕРЕНСАЙ (Оренбург обл., РФ) – (Шатқал) /Тереңсай.

ТОБОЛ (Қорған обл. РФ) – /Көп сулы, жайылма/ Толы бол (өзен).

ТОКМАК (Запорожье, Украина) – Тоқпақ (қала).

ТОЛМАЧЁВО (Ленинград обл., РФ) – Тілмаш елі (село).

ТОЛМАЧИ (Тверь обл., РФ.) – Тілмаштар (село).

ТУЗЛУК (Оренбург обл., РФ) – Тұздық.

ТУНГУЗ(Самара обл., РФ) – Тұңғыз (көл шатқалы).

ТУРАН(Тува, РФ) – Тұран.

ТУРФАН (Қытай) – /Сортаң/ Тұрпан (өлке).

ТЮМЕНЬ (Россия) – Төмен (қала).

УБАГАН (Қорған обл., РФ) – /Ұсақталған/ Ұбаған.

УЗУНГУЛЬ (Новосибирь обл., РФ) – Ұзын көл.

УЗУНКОЛЬ (СҚО, Казақстан) – Ұзын көл.

УЛУКУЛЬ(Новосибирь обл., РФ) – Ұлы көл.

УЛЬКАН (Иркутск обл., РФ) – Үлкен (жаға). 

УНЖА (Кострома обл., РФ) – Ұнша (өзен).

УРАЙ (Тюмень обл., РФ) – Орай.

УРАЛ(Россия) – /Белдік, оралған тау сілемдері/ Орал (таулар)

УРЕНГА (Челябинск обл.,РФ) – Үйеңкі (қала).

УРЕНЬ (Нижегород обл., РФ) – Айран.

УРМАН (Красноярск өлк., РФ) – /Қылқанжапырақты/ Орман.

УРМАНЬ (Тернополь обл., Украина) – /Аралас/ Орман.

УРУП(Қарашай-Шеркесия, РФ) – Үріп (өзен, кент).

УРУП (Курил аралы, РФ) – Үріп (арал).

УРУС-КУЛЬ (Челябинск обл., РФ) – Ырыс-Көл.

УСУН-КЮЕЛЬ (Саха-Якутия, РФ) – Ұзын көл.

УФА (Башқортстан, РФ) – /Уба, төбе/ Оба (қала).

УЧ-КУДУК (Өзбекстан) – Үш-құдық (қала).

УЧМА (Ярославль обл., РФ) – Ұшпа.

УШ-ТУРФАН (Қытай) – /Үш сортаң/ Үш-Тұрпан.

ХАЙРАНКУЛЬ (Челябинск обл., РФ) – Қайран көл.

ХАРЫК-ТАУ (Оренбург обл., РФ) –Қарық-Тау.

ЧАБАКЛЫ (Новосибирск обл., РФ) – Шабақты.

ЧАБАН (Житомир обл., Украина) – /Қойшы/ Шабан.

ЧАБАНОВКА (Закарпат обл., Украина) – /Қойшы/ Шабан.

ЧАБАНСКОЕ (Одесса обл., Украина) – /Қойшы/ Шабан.

ЧАБАНОВО (Винница обл., Украина) – /Қойшы/ Шабан.

ЧАБАНОВ (Адыгей, РФ) – /Қойшы/ Шабан.

ЧАБАНСКИЙ (Саратов обл., РФ) /Қойшы/ Шабан.

ЧАРА (Иркутск обл., РФ) – Шара.

ЧАРСК (ШҚО, Қазақстан) – Шар (қала).

ЧАТЫР-ДАГ (Қырым, Украина) – Шатыр-Дағ (тау).

ЧЕБАРКУЛЬ (Челябинск обл., РФ) – Шұбар көл.

ЧЕЛБАС (Краснодар өлк., РФ) – /Ожау су/ Шел бас/.

ЧЕРКИЗОВО (Москва) – /Татар есімінен/ Серкиз.

ЧЕТЫРЛА (Самара обл., РФ) – Шытырла.

ЧУЛПАН (Самара обл., РФ) – Шолпан.

ЧУРТАНДЫ-ТАУ (Оренбург обл., РФ) – Шортанды-Тау.

ШАРЛЫ-КУЛЬ (Оренбург обл., РФ) – /Сазды көл/ Шарлы-Көл.

ШЕРБАКУЛЬ (Омск обл., РФ) – Шарбақ көл.

ШОПТЫКУЛЬ (Новосибирск обл., РФ) – Шөпті көл.

ЫТЫК-КЮЕЛЬ (Якутия, РФ) – Ыстық-Көл.

ЭДЕЛЬБАЙ (Ставрополь өлк., РФ) – Еділ бай.

ЭЧКИ-ДАГ (Қырым, Украина) – Ешкі-Дағ (тау). 

ЮРМА (Челябинск обл., РФ) – Жүрме.

ЯБУЛАКТАШ(Челябинск обл., РФ.) – Жапалақ тас (тау). 

ЯЛАНКУЛЬ (Новосибирь обл., РФ) – Жалаң көл.

ЯМАНЬ (Воронеж обл., РФ) – Жаман.

ЯМАНЬ (Липецк обл., РФ) – Жаман.

ЯРКЕНД (Қытай) – Жар кент (қала).

ЯРКУЛЬ, Яргуль, Ярголь (Новосибирск. обл., РФ) – Жар көл.

ЯШКУЛЬ (Қалмақстан., РФ) – Жас көл.

Әрбір түркі тектес халықтар мен ұлыстардың тілінде ұлттық және диалектикалық ерекшеліктері бар екені баршаға аян. Біздің сөздеріміздің о баста шыққан тегі бір, бірақ олардың өзгерістерге түскеннен кейінгі, қазіргі айтылуы әрқилы. Менің ойымша, солардың ішіндегі ең «тазасы» және барынша әмбебап, бесаспабы – қазақ тілі. Бауырлас түркиялық тіл мамандары мен сала ғалымдары да осындай пікірде екен.

Көршілес ірі мемлекеттердің идеологиясының әсерімен, тіпті олардың отаршылдық саясатының ықпалымен Қазақстанда көптеген елді мекендер мен жер-су аттары бұрмаланды. Нәтижесінде: Жезқазған – Джезказган, Жамбыл – Джамбул, Шымкент – Чимкент, Жаңақорған – Яны-Курган, Көкшетау – Кокчетав, Медеу – Медео, Бурабай – Боровое, Шу – Чу, Ақтөбе – Актюбинск, Орал – Уральск, т.б. болып кетті.

Жалпы айтқанда, көптеген Еуразия топоним­дері қос түбірлі: түркі-славян, түркі-араб, түркі-парсы, түркі-моңғол, түркі-угрофин текті. Елді мекен атаулары заман сұранысына байланыс­ты да өзгеріп тұрды. О баста Қаралы өткел, қысқартылып Қараөткел (Қарөткел), сосын Ақмола – Акмолинск – Целиноград – Ақмола, енді Астана.  Немесе  Ақмешіт – Перовск – Қызылорда,-  Тараз – Әулие-Ата – Мирзоян – Жамбыл – Тараз,  Гурьев – Атырау,  Щевченко – Ақтау, тағы басқа да топонимдер.

Кейде тек бір немесе екі әріп ауысқанда атаудың мағынасы түбегейлі өзгеріп кеткен. Мысалы, Караганда – қарағанда (ол оған) болады, ал дұрыс атауы – Қарағанды – қараған (акация) өскен жер. Дұрысы: Бурабай – бураға (түйеге) бай (мол) жер. Ал, бұрысы: Боровое – қарағайлы орман болып кеткен. Бұл аз ғана мысалдардың өзі топонимдердің шын мәні тек алғашқы балама аттарында ғана екендігін дәлелдейді.

Топонимдер де бізге археологиялық жәдігер сияқты төл тарихымызды толыққанды түсінуге және жалтақтамай дәріптеуге негіз береді, жәрдемдеседі. Жер-су аттарына зер салсақ, түркі тайпаларының ежелгі заманда тек қана Алтай мен Орал таулары етегінде ғана емес, одан да әрі Сібір мен Байкал ормандарында, Қиыр Шығыста да өмір сүргендігіне көзіміз жетеді. Бұл Ұлы көш қашан басталды? Қашан толастады?

Шыңғыс Айтматовтың айтуынша, қырғыз ағайындар Енесай мен Байкалды мекен еткен екен. Бүгінгі көршілес Қазақстан мен Ресейдің Кедендік одақ құрып, одан соң Ортақ Эко­номи­калық Кеңістік жасап жатқан­дығының терең тарихи себебі бар сияқты. Мұндай күтпеген геосаяси өзгерістерге халықтары да наразылық көрсетіп отырған жоқ. Сондықтан Еуразия кеңістігін түркі-славян халықтарының ежелгі ортақ кеңістігі деп санауға топонимикалық тұрғыда толық негіз бар.

Ахмет ДҮЙСЕНБАЕВ, ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ғылым ордасы» РМК  Қазақстан ғылымының тарихы музейінің ғылыми қызметкер-қор сақтаушысы



Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?