Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

“Ғасырлар қойнауында” атты көне кітаптар көрмесі өтті

29845

Кітаптардың да өз тарихы бар. “Ғылым ордасы” Республикалық ғылыми кітапханасында “Ғасырлар қойнауында” атты көне кітаптар көрмесі өтті. Экспозицияға арнайы сирек кездесетін көне кітаптар қойылды. Елімізде ғана емес, әлем бойынша саны шектеулі халықаралық маңызы бар кітаптармен тілшіміз Гауһар Омарбек таныстырады.

Еліміз бойынша, кітап қоры саны жағынан да, ерекшелігі жағынан да ауқымдысы осы Ғылым Ордасындағы Республикалық ғылыми кітапхана болып табылады. Бүгін, кітапханадағы сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалардың жағдайынан сыр шертетін дөңгелек үстел өтті. Белгілі ғылым жанашырлары қатысқан жиын – әлі де болса, кітапхана қорындағы аударылмай, ұмыт қалуға жақын қалған, қолжазбаларды еліміздегі ғылыми-зерттеу жұмыстарына араластыруды мақсат санайды.

ГҮЛШАТ ӘБЕКОВА, СИРЕК КІТАПТАР МЕН ҚОЛЖАЗБАЛАР БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: 8 осы дөңгелек үстелдің де мақсаты – құнды кітаптарды аударып, халлыққа жеткізу. Қазір бірнеше ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көне шағатай тілінде жазылған Хандар шежіресі бар. Ұзындығы 3 метр. Ені 48 см.

Осы кітаптардың көбі халықаралық маңызы бар дүние болып табылады. Ғасырлар қойнауынан атты көрмеден небір кітаптар мен қолжазбаларды кездестіруге болады. Мысалы, Абылай ханның Сібір әскери шебінің генералы Шпрингерге жазған хаты, одан бөлек, Еліміздегі салмағы бойынша ең ауыр, көлемді Ресей императоры Александр II- шінің таққа отыру рәсімі суреттелген кітап та осында. Әлем бойынша, тиражы 150 дана ғана. Ені 68см, салмағы 22 келіге тартады. Арнайы үлкейткіш әйнек арқылы ғана оқуға болатын кішкентай кітапты да кездестіруге болады.

ГҮЛШАТ ӘБЕКОВА, СИРЕК КІТАПТАР МЕН ҚОЛЖАЗБАЛАР БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: 80 жылдық тарихы бар бұл ғылыми кітапхана осы Қазақстандағы ең бір құнды материалдар жағынан ең бай кітапхана болып табылады. Осы кітапхананың қолжазбалар мен сирек кітаптар қоры 1956 жылы құрылған. Бұл қорда 100 мыңнан артық өте сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар сақталған.

Сирек кездесетін ең көне кітаптардың электрондық нұсқасы да дайындалған. Кез келген оқырман арнайы залда отырып, тыңдай алады. Бұл кітаптардың басым бөлігі кеңес заманында сатып алынғандар. Олардың ішінде, билік тарапынан рұқсат берілмеген кітаптарда бар.

Гауһар омарбек, Жәнібек Бимағамбетов, «Алматы» телеарнасы

http://gylymordasy.kz/
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?