Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Тәуелсіз ұрпақ: басым бағыттар мен кемел келешек» атты ғылыми-тәжірибелік конференция

29809

2012 жылдың 11-ші желтоқсанында «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының концерт залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіз ұрпақ: басым бағыттар мен кемел келешек» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары: Алматы қаласының әкімдігі; «Ғылым ордасы» РМК; ҚР Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ); Философия, саясаттану және дінтану институты. Конференцияға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов, «Ғылым ордасы» РМК бас директоры Роза Кәрібжанова, ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ директоры Болат Сұлтанов, «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанов, ғалымдар, ғылыми-зерттеу институттарының, ЖОО-дың өкілдері, жастар ұйымдарының белсенділері қатысты.

Іс-шараға қатысушылар егеменді Қазақстанның қалыптасуы арқылы еліміздің жастар саясатының дамуын қарастырып және жастардың проблемалық сұрақтарын, сондай-ақ, оларды шешу жолдарын талқылады.

 «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанов атап өткендей, жастармен қарқынды жұмыс жасап, олардың өзін-өзі дамытуға жағдай жасау мен өскелең ұрпақтың білімге деген құштарлығын қалыптастыру қажет. «Егеменді жылдары Қазақстанның жеткен жетістіктері өте жоғары. Бірақ, қол жеткізген табыстармен тоқтап қалмау керек. Мемлекеттің келешектегі жетістіктері жас ұрпаққа байланысты. Өкінішке орай, бүгін біз бәсекеге қабылетті емес жастарды жиі кездестіреміз. Егер сіздің жоғары біліміңіз жоқ болса, егер сіз әрдайым өз біліктілігіңізді арттырмасаңыз сіз табысты бола алмайсыз», – деп мәлімдеді Р.Алшанов.

 Өз кезегінде, Философия, саясаттану және дінтану инстиутының директоры Зарема Шаукенова өскелең ұрпақтың отансүйгіштік, инновация және жас мамандардың арқасында еліміздің бәсекеге қабылеттілігін арттыру секілді идеологемаларға негізделген идеологиялық сана-сезімдерін қалыптастыру қажеттігі жөнінде мәлімдеді.

«Бүгінгі жастар идеологиялық өнімдерде аса талғамсыз. Сонымен қатар, жас ұрпақтың идеологияға деген мұқтаждығы байқалуда. Қазіргі жастар жетістіктерге жетуге бағдарланған. Оларға бұл бағытта қолдау көрсету қажет», – деп атап өтті З.Шаукенова.

 Жас ұрпақтың идеологиялық сана-сезімін қалыптастыру жөніндегі идеяны Алматы қаласы Жастар саясаты сұрақтары жөніндегі басқармасының бастығы Санжар Боқаевта қолдады. Сонымен қатар, ол жастарға идеологиялық тұрғыда әсер ету құралы ретінде әлеуметтік желіні таңдауды ұсынды.

 «Жас ұрапаққа теледидар және радио арқылы идеологиялық әсер ету тиімді нәтижесін бермейді. Өйткені қазіргі жастар байланыстың басқаша арнасына көшкен. Бұл әлеуметтік желілер, қысқаша хабарламалар қызметтері және т.б.», – деп жеткізді С.Боқаев.

 Оған қоса, конференцияның қатысушылары өскелең ұрпақтың радикалдық және экстремистік ағымдардың әсеріне тез мойынұсынғыш болуына қатысты өз қауіптерін білдірді.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары Леся Каратаева хабарлағандай, соңғы мәліметтерге сәйкес жастар арасындағы (бұл 15 пен 28 жас аралығындағы адамдар) жұмыссыздардың саны 139 мың адамды, яғни жалпы жұмыссыздардың санынан 29,4% құрайды. Л.Каратаеваның пайымдауынша, аталған топтың еңбекпен қамтылмауы оларда жағымсыз көз-қарасты тудыруы мен радикалды ағымдардың назарын аударулары мүмкін, соңғылардың әсері жас ұрпақ өкілдерінің террористік топтарға қатысуларының салдары болуы мүмкін. Осы орайда, Л.Каратаева жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешуге назар аудару қажеттігі мен мектеп бағдарламасына дінтану пәнін енгізу мүмкіндігін қарастыру жөнінде мәлімдеме жасады. Сондай-ақ, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры орынбасарының пікірінше, мектеп оқушыларының арасында экстремистік мәндегі діни ағымдардың таралу жағдайларын болдырмау үшін аталған пәннің оқытушыларын тағайындау мәселесіне өте мұқиат қарау қажет.

Конференцияны қорытындылай келе іс-шараға қатысушылар мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру шеңберінде ЖОО-ларда дәріс беру сапасын арттыру, өскелең ұрпақтың адамгершілік-отансүйгіштік құндылықтарын белсенді түрде қалыптастыру, өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытуға қолайлы жағдай жасау қажеттігін атап өтті.

http://gylymordasy.kz/


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?