Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қоқан хандығын патшалық Ресейдің жаулап алуы

29797

 1873 жылы Қоқан хандығында хан мен оның аяусыз қанауына  қарсы  көтеріліс болды. Өз күшіне сенбеген хан Құдияр  орыстардан  көмек сұрап, 1875 жылы 25 шілдеде  Н.П.Кауфманға  хат жазады. Бірақ көтерілісшілер  Қоқан ханы  етіп Пулатты  жариялайды да, (Пулатхан лақап есімі, шын аты Мулла Исхак Хасан оглы, ұлты қырғыз) астанаға жақындайды. Құдияр хан Орыс әскерінің тез жететіне күмәнді болып, 1875 жылы 22 шілдеде Ташкентке қашады. Құдияр хан қашқаннан кейін таққа оның ұлы Насриддинбек отырады.  Бұған қатты ашуланған  Пулатхан Насриддин ханға  қарсы әскери қимылдарға көшеді. Хандықта қиын жағдай орнайды. Елде екі қарама-қарсы лагер пайда болады. Біріншісін – Абдурахмен – артабачи (Насриддинді Қоқан ханы еткен), екіншісін Пулатхан басқарды. Қоқан хандығында  қос билік орнайды, бұл азаматтық соғысты тудыруы мүмкін еді. Басты мақсат соғыстың алдын алып, екі күшті бір тудың астына біріктіру керек болды. Сөйтіп, орыс отарлауына газавад  соғысы жарияланады.

  Абдурахман – артабачи  Насриддин – ханның атынан газавад соғысты жариялап, бүкіл мұсылмандарды қасиетті соғысқа шақырады. Қоқан хандығының жауланған жерлерін қайтаруды көздейді. Пулатхан мұсылман болғандықтан  бұл әскери қимылға қатысуға мәжбүр болады. 1875 жылы 7 тамызда  кешкі сағат 5те генерал  Головачевке хабар жетеді. Ол бойынша сағат түскі 3-те Аблық ауылына 1000 қоқандық пен 2 қарудың келіп жеткені айтылады. Түнде Головачев  барлығын К.П.Кауфманға жеткізеді. Ол бірінші атқыштар батальоны мен 4 отты қару және 4 мың казакпен қарсы шығуға бұйрық береді. Көтерілісшілерден қатты қорыққан  төменгі шен офицерлерді де қаруландырып,  Ташкент қаласының орыс тұрғындарына қару үлестіреді.

  Сол күні Кауфман министрге телеграмма жібереді: «Менің бейбет келісімдерге барғым келгенімен,  бәрі сәтсіз аяқталады. Түнде жау 10000 әскермен Наманган жақтан Тиляуға өтіп кетті. Генерал Головачев өз әскерімен  қарсы аттанды, қалған әскерлерге тиісінше бұйрық беріліп жатыр. Олар Ходжентке аттандырылады. Телеграмма арқылы қаржы министрінен 100  мың  рубль көлеміндегі кредит ашуды сұраймын». Телеграмма Ресей императорына көрсетіліп, кредиттің ашылуы құпталады. Бұл Ресей патшалығының  Қоқан хандығына, яғни ұлт-азаттық қозғалыс өкілдеріне қарсы  соғысының басталуы еді. Әскери шайқастар жалғаса береді. 1875 жылы 22  тамызда Махрам түбінде үлкен шайқас болады. Қоқандақтарға көп шығын болып, бірнеше мың көтерілісшілер қаза болады. Кейін К.П.Кауфман Д.А.Милютинге  жазған хатында Махрам шайқасы Қоқан хандығының тағдырын шешті деп жазады. Соңғы шайқастарда орыс әскері  еш қарсылықсыз Қоқан, Маргеллан т.б қалаларды жаулайды. К.П.Кауфманның 1875 жылы 12 қыркүйектегі Д.И.Милютинге жазған хатында: « Мен Маргелланға кірдім, қала депутациясын  қабылдадым. Бүкіл Маргеллан бектігіне  125000 тилла көлемінде пеня қойдым, ол біздің ақшаға шаққанға 500 мың сомды құрайды»дейді. 1875 жылы 22 қыркүйекте К.П.Кауфман Маргелланға Насриддинханды шақырып, келісімге қол қойдырады.  Ол бойынша Қоқан хандығының халқы үлкен сомадағы контрибуция төлеуі керек болды. Бұл еңбекшілерге ауыр тиеді. Халық көтеріле бастайды. Саяси сахнаға қайтадан Пулат-хан шығады. Көтерілісшілердің негізгі күші – Андижана жинақталады. Абдурахман –артобачи Пулатханмен достасады. Осыған байланысты орыс әскери  басшылығы Андижанға  жазалаушы отряд  экспедицияға дайындалады. Генерал Троцкий  былай деп жазады: «Егер дастархан жіберсе қабылдамаймын. Дервиш – Али маған Кур –Кара-Кузды ұстап беремін деп уәде берді. Кур-Кара –Куз амин кезінде Ахмет –бек пен Петровскийге қарсы көтерілісті бастады. Оны Андижанда ұстаған өте қолайлы ...»

  1875 жылы 1 қазанда орыс әскері генерал-майор Троцкий басқаруымен Андижанға жақындайды, оны штурммен алады. Кейін вагенбурге қайтып, 2 сағат бойы қаланы қаруларымен оқ астына алады. Қала қорғауда бірнеше көтерілісшы орыстарда 66 адам қаза болады.

  Архив документтері бойынша 1875 жылы 9 қазанда таңертең Қоқан тұрғындары хан сарайына штурм ұйымдастырады. Штурм 3 сағатқа созылады. Насреддин  хан қашуға мәжбүр болады. 

  1875 жылы 22 қыркүйектегі келісім бойынша Сырдарияның оң жағалауы Наманган  қаласын қоса Түркістан генерал-губернаторының билігіне өтеді. 1875 жылы  19 қазанда  М.Д.Скоболевке генерал –майор шені беріліп, Ұлы Мәртебелінің свитасына енуге мүмкіндік алады. Қуанған М.Д.Скоболев енді өлкенің өзге жерлерін жаулауға көшеді. Ол көтерілісшілерді Наманганға кіргізіп өлтіруді жоспарлайды. Өз әскерін қаладан шығарып, тау жаққа кетеді. Көтерілісшілер Наманганға кіреді. М.Д.Скоболев 26 қазанда әскерімен Наманганға келеді, 27 қазанда оны 16 қарумен оқ астына алады. Нәтижесінде Наманганда бірнеше мың адам өледі. Сосын 1875 жылы 12 қарашада орыс әскері Балықшыдағы көтерілісшілер отрядын жеңеді. Ұлт-азаттық қозғалыста Матчедегі көтеріліс маңызда орын алады. Бұл қаланың тұрғындары 8 қарашада Қоқан көтерілісіне қосылады. Штаб-капитан Арандаренко басқарған жазалаушы отряд Матчиндіктерді аяусыз өлтіреді. 

  1875 жылы 18 қарашада таңертеңгі сағат 7де Пичуген отряды Ашабаға  жетеді, онда отрядты кишлак қабырғаларынан оқпен ата бастайды. Ұзақ атыстан кейін жаяу әскер штурмге көшеді. Бүкіл тұрғындары өлтіріліп, кишлак өртенеді. 19қарашада полковник Пичугин отряды  Ақжарға қайта оралады. Оның сөзіне сенсек, Ашабадағы қырғыннан кейін, басқа кишлак тұрғындары орыс әскерінің бұйрығын сөзсіз орындауға көшіпті. Генерал М.Д.Скоболев  осы кезде Инки-Су арасына қысқы әскери экспедиция аттандыруға ресми  рұқсат алады. Көтерілісшілер мұны біліп қойып, Андижанда күтіп алуға бекінеді. 1876 жылы 8 қаңтарда орыс әскері Андижанда күшті қарсыласуға топ болғанымен, көтерілісшілер тағыда жеңіледі. Орыс әскері Андижанды  алған кезде 20мыңға жуық көтерілісі мен қала тұрғыны өлтіріледі. Бірақ көтерілісшілер қаруларын тастамай, қарсыласуын тоқтатпайды. 1876 жылы 16 қаңтарда әскер министрі  Д.Милютин Қоқан хандығының тағдырын шешкен  хатты  К.П.Кауфманға құпия түрде жолдайды. Онда:  «Ұлы Мәртебелінің  ыңғайы келген жағдайда Қоқан хандығының қалған бөлігін жаулауға рұқсат беріледі», - делінді.

  Бұл кезде Түркістан генерал- губернаторы К.П.Кауфман  Санкт-Петербургте еді. Үлкен қолдауды алғаннан кейін К.П.Кауфман Қоқан хандығының қалған бөлігін жаулауға көшеді. Хаттың мазмұнын құпия сақтайды. Түркістан генерал-губернаторының қызметін атқарушы Колпаковский бұл туралы тек 1876 жылы 2ақпанда Санкт-Петербургтегі Кауфман жіберген  хаттан біледі. 18 қаңтарда  көтерілісшілер Асаке маңынан табылып, Абдурахмен артабачи отряды ойсырай жеңіледі. Қала қарсылықсыз алынады. 1876 жылы 20 қаңтарда Абдурахман – артабачи өз көмекшілерімен бірге келіссөздерге барып, 24 қаңтарда  генерал Скоболевпен  кездескеннен кейін тұтқынға беріледі.  Өз отядының қалған бөлігін таратып жібереді. 27 қаңтарда орыс әскері Пулатханның өзіне түседі, Үшқорған маңында кездесіп шайқасады. Орда  штурммен алынып, көтерілісшілер жеңіледі. Пулат-хан қашып құтылады.Орыс әскерінде 6 адам жараланып, 5-і есінен адасады. 

  1876 жылы 30 қаңтарда Насреддин-бек Қоқанға келіп, таққа отырады. 2 ақпанда К.П.Кауфман Санкт-Петербургтен Түркістан округының әскерін  уақытша басқарушы генерал-майор Колпаковскийге хат жолдайды. Онда : «Халықты тыныштандырудың жалғыз жолы – Хандықты Ресей отары ету .  Мәртебелі император  Қоқан хандығын Ресей патшалығының құрамына кіргізуге рұқсат етті. Сіз хандыққа әскерді толық кіргізуіңіз қажет. Бұрынғы Қоқан хандығы Ферғана облысы болып өзгертілсін, облыс басшысы етіп Скоболев  тағайындалды. Насриддинді Ташкентке қалдыру керек». 

Сөйтіп Кауфман Қоқан хандығын 1876 жылы 19 ақпанда Орыс императоры Александр ІІ-нің  10 жыл таққа отыру мерекесіне сый етіп тапсырады. Бірақ Қоқан халқы бодандыққа өткізгісі келмейді. Скоболевтің айтуы бойынша «Қоқан хандығында 3 партия болды. Біріншісі – бай саудагерлер. (олар Ресей бодандығына өткісі келді) Ал қалған екеуі , яғни дінмен халық әлі күнге дейін Насриддинге қызмет етті». 

Насриддин –бекті  ресми түрде таққа отырғызу генерал Колпаковскийді  қатты алаңдатты. Ходжент уезінің  басшысы барон Нольде генерал лейтенант Головачевтен «Насриддин құттықтауға» рұқсат сұрады. 

  Ал Қоқан хандығын басып алу бұйрығынан хабарсыз генерал-майор М.Д.Колпаковскийге тез арада «үкіметті өз басшылығына алуды және хандыққа әскер енгізуді» ұсынды. Осы жағдайда Колпаковский Кауфманға Насриддинбектің хан жарияланғанын жеткізді.Кауфман былай деп жауап береді: «Насриддин Қоқан халқын басқара  алмайды,өзгерісте енгізе қоймас».

  Сонымен, Колпаковский Кауфманнан Қоқан хандығын жаулау керектігі жөнініде екінші бұйрық алады. Осыған байланысты 4-ші ақпанында Колпаковский бұйрық мәтінін М.Д.Скоболевке жеткізеді: « 19 ақпанда сіз өз отрядыңызбен Қоқанға оңтүстік батыс жағынан жетуіңіз керек.Халыққа Ұлы Мәртебелінің отарына өткенін жеткізіңіз қалғанын Боголюбов айтады».

  К.П.Кауфман Колпаковскийдің шешім қабылдауға жігерсіздігінен қорқып,5 ақпанда генерал Скоболевке тікелей телеграмма жібереді.Скоболев болса,өз отрядымен Қоқанға бірден аттанады.

  1876 жылы 7 ақпанда Якка-Мулла кишлагында Насреддинбек ханмен кездесу болады, ол орыс императорының бұйрығына көнеді. 8 ақпанда орыс әскері Қоқанға кіреді. Генерал Колпаковскийдің айтуы бойынша: «Қоқан халқы Ресей императорына қосылуды қуанышпен қабылдамады».

  9 ақпанда көтеріліс басшылары Батыр төре мен Абдул-момын -,ал 18-нен 19-на қараған түні Пулатхан тұтқындалады.

1876 жылы 19 ақпанда әскери министр генерал-майор Д.Милютин ресми түрде Мәртебелі император бұйрығын жариялады:

1  1875 жылы Қоқан хандығын құраған территорияларды Империя құрамына кіргізіп, Ферғана облысын құру.

2  Жергілікті жағдайларды есепке ала отырып басқаруды Зеравшанмен Әмударья бөліміндегідей генерал-губернаторлыққа уақытща бере тұру.

3  Әмударья, Кульджинь және Зеравшан бөлімдеріндегідей басқару шығындарын жергілікті табыстардан алып отыру. Жергілікті табыстарға есеп жүргізу.

4  Ферғана облысының әскери губернаторы және басқа әскердің басшысы болып Ұлы Мәртебелінің свитосының мүшесі генерал-майор Скоболев тағайындалсын.

Қоқан хадығының ресми басқаруы орыс генералдарына өткенде қалған көтерілісшілер отрядын аяусыз өлтірілді.1876 жылы 1 наурызда Маргелан қаласында Пулат-ханды дарға асады. Қыпшақ биі  Танғайты оның ұлының көмегі арқасында көтерілісшілердің басшыларының бірі Курамин Момын ұсталады.М,Д.Скоболев сонымен бірге Маргеландағы қазы калянды, қазыларды,раистерді,бірнеше аминдерді тұткындауға бұйрық береді.Қырғыздар үлкен қарсылық көрсетті.Орыс генералдары «жігіттер» яғни қырғыз-қазақ атты әскері көмегіне сүйенеді.Оның басшысы Шабдан Жонтаев болды.Құрамында 50 жігіті бар осындай отряд Бекжан мен Тұсынкүлдің басқаруымен 1876 жылы 29 наурызда Маргеланға жетеді.Онда әйгілі Құрбанжан-Дотқохтың ұлы Абдуллабек басқарған көтерілісшілерге тап болады.Бірақ отряд жеңіліп, 25 жігіт тұтқындалып,Тұрсынкүл ауыр жарақат алады. Бұдан бірнеше күн бұрын Ушқорған маңына жіберілген Сарымсақ Ходжа бастаған 30 жігіт Уалихан-төре көтерілісшілерінен жеңіледі.Сарымсақ-Ходжа жігіттерінен тек 2-уі ғана елге оралады. Көтерілісшілер Жаңа-арық  үңгірін паналайды. Ол Гульчиден 25 шақырым қашықтықта еді. 24 сәуірде генерал М.Д Скоболев әскері мен оларға қарсы аттанады.25 сәуірде үлкен шайқас болады.Көтерілісшілер қатарында 1500 адам болып,Сулейман-удайчи, Абдуллабек, Омарбек, Бекжан, Тонықұл-понсау және Уалихан төре басқарады. Көтерілісшілердің 150 сарбазы өлтіріледі. Орыс әскері ресми деректерге қарағанда, 1 төменгі шен офицерінен,екі жігіттен айырылады . сонымен бірге есауыл щтакельбер бен 8 төменгі шен ауыр жараланады. Генерал М.Д.Скоболев Курбонджан дадхохпен кездесуге мәжбур болады.Тек 1877 жылы қаңтарда К.П.Кауфман толық жеңісі жайлы Санкт-Петербургке хабарлайды. Орыс әскері Орта Азияның басқа билеушілерімен күрес Ташкент пен Кураманың алынуына дейін жүрді. 1873-1876 жылдары көтерілістің басқа басшылары қарулы қақтығыстарға дайындалды. Мысалы, 1882,1885,1892,1898 жылдардағы көтерілісте болып өтеді. Оның басты себебі – отаршылдықтың халықты аяусыз қанауы еді. Мысалы 1887 жылдан бастап Сырдария уезінде халықтан алынатын алым 100% көбейтіледі. Архив документтерінде 10 жыл бойы (1875-1885 ж.ж.) Ферғана облысының жергілікті халқы орыстарға құрмет пен сыйлау көрсеткені айтылады. Бірақ үкімет отарлауының күшейе түсуі халық көтерілісін тудырады.

  Жергілікті феодалдардың және Ресей патшалығының отарлау әкімшілігінің халықты аяусыз қанау саясаты, кедейлердің жағдайын тым нашарлатып жіберді. Осыған қарамастан жергілікті халық арасында жүрген билік үшін курес пен құлиеленушіліктің қалдығы жойылады. Көшпелі халық отырықшылыққа көше бастайды. Жергілікті халық европа және дүние жүзілік әдебиетпен танысуға мумкіндік алады. 1882 жылы француз қызметкері корсикандың Алоизе жергілікті халықтың бесеуіне микроскоп қолдануды үйретеді. Оның басщылығымен өзбек тілінде «Жібек құртын өсіру методикасын қолдану ережесі» атты ғылыми-методикалық еңбек жазылады. Ол сонымен бірге Қоқанда жібекшілер мектебін ашады. Орыс дәрігерлерінің көмегімен денсаулық сақтау ісі дамиды. Барлық қалаларда медпункттер мен ауруханалар ашылады. Жергілікті халыққа медициналық көмек  көрсетіледі. Аймақта алғаш рет пошта және телеграф байланысы, кейін – телефон, радио,электр энергиясы орнатылады. Өндіріс пен халық шаруашылығының дамуына темір жолдың салынуы көп септігін тигізеді. Үлкен масштабта геологиялық зерттеулер жургізіліп,пайдалы қазбалар өндірісін дамытады. Заводтар мен фабрикаларда жергілікті ұлт өкілдері қызмет етеді. Бұл жергілікті жұмысшы табының қалыптасуына әкеледі. 

Пайдаланылған әдебиеттер мен  деректер тізімі

1 ӨРОММ и-715 қор, 1 тізбе, 63-і іс

2 РМТМ 560қор, 21 тізбе, 335 іс

3 РМӘТМ , 1396 қор, 2 тізбе, 91 іс

4 ӨРОММ и-715 қор, 1 тізбе, 64  іс

5 ӨРОММ и 715 қор, 1 тізбе , 66  іс

6 РМӘТМ. 1393 қор, 1 тізбе, 80 іс

7 РМТМ 1291 қор, 82 іс

8 Серебренников А.Г.К истории Коканского похода.

Қараңыз: Бабабеков Х.Н Народные движения в Коканском ханстве и  их Социально-экономические и политические признаки –Ташкент 1990

9 ӨРОММ и -715 қор, 1 тізбе.67 іс

10 Географическое общество РФ.30-қор, 1 тізбе, 10 іс

11 РМТМ 933 қор, 1 тізбе, 38 іс

Өтеубай Қожақұлы – тарих ғылымдарының докторы, профессор

Мәліметті Қорқыт Ата атындағы ҚМУ берді


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?