Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Тарихи географиядағы мемлекеттердің типологиясы мәселесі

29726

Тарихи география әлем елдерінің тарихы және географиясымен байланысты көптеген мәселелерді қамтиды.

Мемлекеттердің типологиясы ең күрделі методологиялық мәселелердің бірі боп есептеледі. Бұл мәселе белгілі дәрежеде тарихи категорияға жатады. ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының басына дейін бүкіл мемлекеттер негізгі үш топқа бөлінді: социалистік, капиталистік және дамушы. ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап, әлемдегі социалистік жүйенің ыдыраунан кейін елдердің жаңа типологиясы қалыптасты. Барлық елдер

1) экономикасы жоғары дамыған;

2) дамушы;

  3) өтпелі экономикаға ие елдер деп үшке бөлінді. Сонымен қатар, елдерді экономикалық дамыған және дамушы деп екі топқа бөліп қарастыру да кеңінен тараған. Бұл типологияның негізінде әр елдің Жалпы ішкі өнімінің (ВВП) көрсеткіші жатады, яғни мемлекетте  өндірілген өнімнің жеке адам басына табысы есептеледі.

  Соңғы кезде халықаралық статистикада Дүниежүзілік банк ұсынған әлем елдері мен аумақтарының ұсақ типологиялық классификациясы қолданылады. Жоғарыда айтылған ВВП көрсеткішіне негізделе отырып мемлекеттер үш негізгі топқа бөлінеді. Біріншіден, төмен табысқа ие елдер. Оларға Дүниежүзілік банкідан алынған мәлеметтерге қарай Африканың 42 елі, шетел Азияның 15 елі, Латын Американың 3 елі, Океанияның 1 елі және  ТМД-нің 6 елі кіреді.

Екіншіден, орта табысы бар елдер. Олар да екіге бөлінеді: ортадан төмен табысы бар елдер (Европаның 8 елі, 6 ТМД елі, 9 Азия елі, 10 Афри­ка елі, 16 Латын Америка және 8 Океания елі) және ортадан жоғары табысы бар елдер (6 Европа елі, 7 Азия елі, 5 Африка елі, 16 Латын Америка елі). Үшіншіден, табысы жоғары елдер. Оларға 20 Европа, 9 Азия, 3 Африка, 2 Солтүстік Аме­рика, 6 ЛатынАмерика және 6 Океания елдері жатады.

Әр елдің мемлекттік құрылысы басқару жүйесімен белгіленеді. Басқару жүйесінің негізгі екі түрі бар: республикалық және монархиялық.

Республикалық құрылыста заңшығарушы билікті халық сайлаған парламент, ал орындаушы билікті үкімет жүргізеді. Республикалар президенттік және парламенттік болады. Президенттік республикада елді және көп жағдайда парламентті басқарып отырған президенттің билігі өте маңызды болады. Президенттік республиканың үлгісі ретінде АҚШ-ты айтуға болады. ТМД-ның 12 мемлекеті де президенттік респуб­ликаға жатады.

Монархиялар ежелгі дәуірлерде пайда болып орта ғасыр және жаңа заманда кеңінен тараған. 2005 жылда әлемнің саяси картасында 30 монархия болған: 14 — Азияда, 12 —  Европада, 3 —Африкадажәне 1 —Океанияда. Олардың арасында империя, корольдік, княжество, герцогство, сұл­танат, эмират, және папалық Ватикан мемлекет қаласы бар. Монарх билігі өмірлік және әкеден балаға өтеді, бірақ Малайзияда және БАЭ-да монархтар бес жылға сайланады.

Қазіргі кездегі монархияның көбі конституциялық монархия, яғни шын мәнінде заңшығарушы билік парламенттің, ал орындаушы билік үкіметтің қолында. Монарх болса әдет ғұрыптарға сай салтанатты рәсімдерге қатысады. Бірақ кей кездерде оның ролі өте маңызды болады.

Конституциялық монархиярхиялармен қатар абсолюттік монархиялар да сақталып келе жатыр. Ондай елдерде сайланушы парламент болмайды. Монархтардың жанында өздері белгілеген кеңес органдары қызмет атқарады. Қазіргі таңда барлық абсолюттік монархиялар Азияда Араб түбегінде орналасқан.

Бұл мемлекет түрінің үлгісі ретінде Оман көрсетіледі. Оманда 1970 жылынан бастап сұлтан Кабус елді басқарып отыр. Сұлтан монарх бола отырып мемлекетінің премьер-министрі, сыртқы істер министрі, қорғаныс министрі, қаржы министрі, қарулы күштер басқолбасшысы қызметтерін атқарады. Абсолюттік монархия елдеріне Са­уд Аравиясы жатады. Ол жерде корольдің өзі премьер-министрлік, қарулы күштер басқолбасшылығы және жоғары сот қызметтерін атқарады. Катарда билік толығымен жергілікті эмирдің қолында. Біріккен Араб Эмираттары абсолюттік монархия болған жеті князьдіктен тұрады. Кувейт және Бах­рейн соңғы кездері өздерін конститу­циялық монархияға жатқызады, ал шын мәнде олар әлі де абсолюттік монархия ерекшеліктерін сақтап отыр.

Абсолюттік монархияның ерекше түріне теократиялық монархия жатады. Бұл монархияда ел басқарушысы діни басқарушылықты да атқарады. Классикалық үлгі ретінде Ватиканды айталамыз. Теократиялық монархияларға Сауд Аравиясы және Бруней сұлтанаты жатады.

1991 жылы Кеңес Одағының ыдыраунан кейін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы пайда болды. ТМД құрамына бұрыңғы КСРО құрамындағы 12 республика кірді. Қазіргі таңда Достастық құрамында 11 ел бар.

Шалдарбекова А.Б.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 



Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?