Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ділмұхамедов Елток Ділімбетұлы

29557

ДІЛМҰХАМЕДОВ Елток ДілімбетұлыҚазақстанда тау-кен ісінің қалыптасуы және жұмысшы класының туындауы проблемаларын зерттеуші маман, тарих ғылымдарыныңдокторы (1973).

Кеңестік биліктің алғашқы жылдарында Орта Азиядағы басмашылдықпен күреске белсене қатысты.

В.И. Ленин атындағы Ортаазиялық коммунистік университетін тәмамдады (1930),

Ташкентте Марксизм-ленинизминститутын бітірді (1938),

Қарақалпақ мемлекеттік педагогикалық институтының Марксизм-ленинизм негіздері кафедрасының меңгерушісі (1940),

ҚазКСР ҒА Тарих, археология және этнография институтының Қазақстанның жаңа тарихы  бөлімінің кіші ғылыми қызметкері(1947),

Төңкеріске дейінгі Қазақстан тарихы бөлімінің аға ғылыми қызметкері(1954),

осы бөлімнің ғылыми кеңесшісі (1977-1982).

Екі томдық «Қазақ КСР тарихын» жасауға қатысты, Ростовтағы Донда жұмысшы класы тарихы бойынша Жалпыодақтық  ғылыми сессияның (1963), Мәскеудегі бірінші дүниежүзілік соғыс тарихы бойынша Жалпыодақтық конференцияның (1964) қатысушысы.

«1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» және «Ерен еңбегі үшін В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» медальдарымен марапатталған.


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?