Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Шумерлер мен түркілер параллелі

29553

Мақалада шумер атауының шығу тегінің бірнеше нұсқасы мен олардың түркілік түбірі қарастырылады. Салыстырмалы анализ негізінде екі халықтың тілі, наным-сенімі және киім үлгілерінің ұқсастығы, жазу-сызуы және т. б. паралеллі жасалады.

Ежелгі түркілік іздерді Шумерлерден іздегеніміз де тегін емес, европалық ғалымдар Халфен, Мюллер, Франке, Де Груут, Менген, Кастрен, Хаваси, Халоун, Харлейз, Копперз, Котвич және т.б. ежелгі түркілердің әлемнің төрт бұрышында  қалдырған іздері туралы жан - жақты зерттеулер жүргізгенін З.В. Тоган дәлелді келтірген. Шевеста, Кзермак, Шмидт, Копперз зерттеулерінде көне түркілер мәдениетін б.д.д. ІІ мыңжылдықта Ніл өзені аңғарынан жиі кездестіруге болады деп атап өткен. Ал, М.А. Кастрен Орталық Азиядағы, әсіресе Алтай өлкесіндегі тайпалардың ежелгі Шумер жеріне қоныс аударғаны туралы жазады.

Резюме

В статье рассматривается несколько вариантов этимологии названия шумер,  а так же тюркские корни этого народа. На основе сравнительного анализа производится параллели языка,  веровании и идентичность одежды, письменности и т.д. двух народов

Древнетюркских следов мы искали в Шумерах и это не безобоснованно, потому что З.В. Тоган доказательно писал, что европейские ученые Халфен, Мюллер, Франке, Де Груут, Менген, Кастрен, Хаваси, Халоун, Харлейз, Копперз, Котвич и др. тщательно исследовали, что древние тюрки оставили свои следы во всех четырех уголках мира. Шевеста, Кзермак, Шмидт, Копперз в своих исследованиях отметили, что древнетюркские культуры во ІІ веке до н.э. можно встретить в бассейне р. Нила. М.А. Кастрен писал, что племена Центральной Азии, особенно Алтайского края переселились на территорию древнего Шумера.

Summary

In the article they consider several variants of “Sumer” word’s etymology and Turkic origination of this nation. Basing on comparative analysis, they present the parallels of language, religion and identity of clothes, written language etc. of these nations.

We were searching ancient Turkic traces in Sumerians, and it is not ungrounded, as Z.V. Togan was evidentially writing that European scientists Halfen, Muller, Francke, De Gruut, mengen, Kastren, Havassee, Hallown, Herleys, Coppers, Cotwich and others have thoroughly studied that Turks left their traces all over the World. Shevesta, Ksermak, Schmidt, Coppers in their researches mentioned that the ancient Turkic cultures in the II century B.C. could be seen at the basin of Nile River. M.A. Castren was writing that the Central Asian tribes (especially from Altay region) moved to the territory of ancient Sumer. 

Ежелгі адамдардың алғашқы қонысы Африка, алғашқы өркениет ошағы Шумер мемлекеті болып табылады. Мемлекеттік құрылым, жазу-сызу, білім-ғылым, мәдениет-өнер – осының бәрі Шумерде бастау алып, өркендеген. Шумер мемлекетін құрғандардың этникалық негізі, олардың жазу-сызуының тілдік негізі, наным-сенімдерінің түбірі, батыстық зерттеулер үшін әлі күнге құпиясын ашпай келеді. Сірә да Шумерлік «баба тарихы» өзінің мұрагері болып табылатын ұрпағына өкпелеп, құпиясын соған сақтап, тарихтың қойнауында тығып отырған болар. Іздеушісі, жоқтаушысы болмаған соң, солай етпеске амалы бар ма?

Профессор Х.М. Әбжанов Қазақстан тарихының зерттелу әдістеріне тоқтала келе: «Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстанды мекен еткен этностар, мемлекеттік құрылымдар аспаннан түсе қалғандай баяндалады. Олардың арасындағы генетикалық, нәсілдік, тілдік, экономикалық, саяси, рухани ортақтық, сабақтастық, жалғастық мәселелері кешенді Һәм қисынды ашылмаған күйде қала береді.

Қазақстан тарихының мазмұнын, ерекшелігін әу бастан автохтонды тұрғындар, олардың төл мемлекеттері анықтаған. Байырғы халық пен оның мемлекеттілігінің етене байланыстылығының тарихын адал ашатын методология бірінші орынға қойылуы керек» деген болатын [1].

Біздің мақсатымыз да көзі қарақты зерттеушілер үшін түрткі ой болсын деп, мақаланың көлемі көтергенше Шумерлер тарихының түңлігін түруге тырысу.

Евфрат (шумерлер Буранун (Дала деген мағына беретін) деп атаған) жазығына алғаш егіншілер шамамен б.д.д. 7000 жылы келіп қоныстана бастаған, ағашы, тау-тасы жоқ бұл жазықты қамыс-қоғаның көптігіне орай олар «Қамыс-ши иелігіндегі жер» деп атаған. Шамамен б.д.д. 3500 жылы Қосөзеннің оңтүстігінде шумерлер пайда болды. Зерттеуші ғалымдардың айтуы бойынша, олар Евфрат жазығына солтүстік-шығыстан түскен және олардың тілі айналасындағылардың ешбіріне ұқсамайтын.

Ірі шумертанушы А.Фалькенштейннің пікірі бойынша, шумерлер бұл жерге тіпті тас дәуірінде келген. Ал белгілі тарихшы И.М. Дьяконов шумерлердің қайдан келгендігі әлі күнге құпия дейді [2]. Антропологтардың еңбектеріне сүйене отырып, оларды европоидтық үлкен нәсілдер қатарына жатқызады [2. 93].

Келесі бір зерттеуші Г. Фр. Кольб өз еңбегінде (История человеческой культуры, 1897): «Полагают, что клинопись есть изобретение туранского народа, который в продолжение двух столетий господствовал в Месопотамии; это были финско-татарское племя, котороеэллиныназывалиазиатскими  скифами»- деп жазған болатын [3]. 1837 жылы ағылшын дипломаты, лингвист ғалым, ассирологияның атасы деп аталған Генри Роулинсон (1810-1895) Бехустин жартасындағы үш тілде жазылған жазбаларды көшіріп алып, үшінші тілдік сына нұсқасын 1853 жылы терең зерттей келе оны «скифтік немесе түркілік» деп атап, шумерлердің өзін «вавилондық скифтер»деген болатын.

Шумерлердің ата жұртының Шығыстық тегі ғалымдары одан әрі шығысқа сүйреп Алтайға жақындатқан сайын ғылыми әдебиетте шумерлер мен түркілер тілін салыстыра қарастырудың алғашқы әрекеттері қалыптаса бастады. Солардың бірі,  Ф. Хоммель, шумерлер  текстеріндегі түркі тілімен сәйкес келетін 200 сөзді атап көрсетті, сол үшін әжуалау мен масқаралауға ұшыраған болатын  [4]. ХХ ғ. 60-шы жылдары неміс ғалымы Курт Вальтер Керам: «Шумерлер тілі көне түркі тіліне ұқсас» деп кесіп айтқан еді.

Қазақстан ғалымдары арасында осындай пікірді түрік танушы ғалым А.С. Аманжолов 1969 жылы Германияда өткен конференцияда жасаған баяндамасында айтқан. Кеңес өкіметінің лингвист ғалымдары өре түрегеліп қарсы шықты, ия бұл сол кездегі идеологиялық, шовинистік пиғылдармен сай келмейтін [5].

Расында, бұл тақырып қазақ ғалымдары арасында қолдау таппады. Олар Алдыңғы Азиядағы өлі тілдер бойынша Кеңестік мектептің ірі маман болып табылатын И. Дьяконовтың сөзсіз авторитеті алдында бас иіуге мәжбүр болды. Осы Германиядағы конференцияда И. Дьяконов: «В настоящее время шумерский язык приходится считать изолированным и родство его с каким бы то ни было другим языком – неустановленным» деген еді. Кейінгі зерттеулер А.С. Аманжоловтың келтірген деректерінің дәлдігі мен ақиқатын айқындай түсуде. Осы уақыт аралығында көптеген шет елдік ғалымдардың, шумерлер мен түркілер тілінің туыстығын растайтын зерттеулері жарық көрді. И.М. Дьяконовтың шумерлер мен түркілер тілінің туыстығығын байқамағандығын көрсете отырып, Олжас Сулейменов оның кітабындағы түркі тіліне ұқсас 60 шумерлік сөздерді атап көрсетті (ада – отец (ата), ама – мать (ана), ту – родить (ту, туу), ере – муж (ер, еркек), рядовой воин (өрен), угу – стрела (оқ), таг – прицепи(тақ), заг – сторона(жақ), бильга – мудрый (білгір), предок, ме – я (мен), зе – ты (сен), ане – вот (әне), гуд - бык, гаш - -птица (құс), кир – грязь (кір), земля (жер), уш – три (үш), у – десять(он), кен – широкий (кең), узук – длинный (ұзын), туш – спуститься (түс), уд – огонь (от), удун – дерево(отын), дрова, дингир – бог (тәңір), небо, тенгир - бог, небо және т.б.). О. Сулейменов әр бір сөзді тыңғылықты талдауға алып, шумер-түркілік түбірінің сәйкестігін анықтай отырып, төмендегідей қорытынды жасады: а) ұқсастықтардың жүйелілігі бар, өйткені олар өмірмен байланысты;  б) шумер және түркі тілдері ұзақ уақыттар бойы өзара анық ықпалдастықта болған;  в) бұл тілдер  генетикалық жағынан емес, керісінше өзара мәдени ықпал етулер нәтижесінде туыстасқан [6].

Шумер-түркі тілінің байланыстары туралы 1947 жылдан бастап талмай зерттеу жүргізген түрік ғалымы Осман Недим Тун еді. Өз зерттеулерінің нәтижесімен халықаралық конгресстерде баяндама жасап, көптеген мамандардың кеңесіне жүгініп, тек 1990 жылдан кейін ғана шумер-түркі тілінің байланыстарына арқа сүйей отырып түркі тілінің жасын анықтауға арналған еңбегін жарыққа шығарды. Бұл кітапта О.Н. Тун көне түркі тілімен түбірлес 168 шумер сөздеріне тарихи-салыстырмалық зерттеу жүргізіп, екі тілдің фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктерін талдауға алған. Нәтижесінде ғалым шумер және түркі тілінің генетикалық туыстығы бар деуге дәлелдердің аздығын алға тарта отырып, осыған дейін табылған материалдар екі тілдің бір-біріне өте қатты ықпал етіп отырғанын атап өтеді [7].

О.Н. Тунның айтуынша түркі тілі 5500 жыл бұрын-ақ,  оны пайдаланушылар арасында логикалық дамытылуға ие болып, фонетикалық құрылысы мен грамматикалық жүйеленуі қалыптасқан. Егер де бұл жүйенің дамуына дейін тағы да 5500 жыл қажет болғанын ескерер болсақ, онда түркі тілінің жасы шамамен 11 мың жыл болуға тиіс деді.  Ал, түркі тілінің жазбаша көрінуінің мерзімі (шумер сына жазуы), ол 8000-8500 жылдар бұрын орын алды деуге болады [Туна О.Н., 1990, 49].

Шумер атауының шығу тегіне көп көңіл аударғандардың бірі Олжас Сүлейменов. Ол өзіне дейінгілердің талдауындағы кеткен олқылықтарды келтіре отырып, шумерлер жазуындағы таңбаларды терең талдауға алған. «Қосөзендегі батпақты сулы, нулы ел – Суб-йер» дей келе, «Таңба мен атаудың түркілерден шыққандығының ең нанымды дәлелі – түркілер иероглиф пен таңбаның шын мағынасын білді, сондықтан олар Суб-йер тіркесімен байланысты қияли аңыз шығармады. Демек тіркес құпия сырға толы әлдене болып көрінбейді» [6. 246] дегенді алға тартты. Сонымен Олжас Сүлейменов Шумер атауын «Су-жер» сулы жер атауынан таратады.

Әрине алғашқы егіншілердің өзен, көлдер жағасына келіп орналасқанын ескерер болсақ, бұл атаудың өмір сүру құқы бар екендігін айта аламыз. Осы жерде өзіміздің де жорамалымызды айта кетуді жөн көрдік. Шумерлер өздерін «санг-гиг» - «басы қара», яғни қарабастылар деп атаған. Дьяконов – санг – бас – деп аударған. Сонымен қатар ең ежелгі оқулықтарды жазғандарды – «санга» (абыз) – титулымен атаған. Бұған қарап, «сана», «дана» - сөздерінің шығу тегі де осында жатыр ма деген ойға қаламыз. Гректер сақтардың бір бөлігін «шошақ бөрікті» (тиграхауда) деп атаған секілді, орыс жылнамалары да «қарақалпақтарды» «черные клоубоки» деп атаған, сонымен қатар албандар арасында «қоңыр бөрік», «қызыл бөрік» деген рулардың бар екендігі мәлім. Қазақтың ертедегі жыр-дастандарында парсыларды «қызылбастар» деп айтатыны белгілі. Мінеки бұл кейінгі халықтардың жадында сақталған естеліктер, ал ежелгі Шумерлердің мәдени мұрасына жүгінсек, олардағы бас киімдер бөрік, тақия секілді, бұл мүсіндерден айқын көрінеді (Төмендегі 1-2, 3-4-ші суреттерді салыстыра отырып қараңыз). Шумерлердің «угула гуруштері» (әскербасылар), дулыға секілді бас киімдер кисе, билік басындағылар бөрік және тақия киюмен шектелген. Ал бөрік және тақия қазақтарда қазірге дейін қолданыста. Оны салыстырмалы түрде берілген төмендегі суреттерден анық байқауға болады.  Яғни, б.д.д. ІІІ ғасырда табылған мүсіндердегі бөрік пен тақияның кейінгі ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақтың бас киім үлгісіне сай келетінін айта аламыз.

Шумерлердің өздерін қалай атағанына қатысты Тенгиз Гудава: «Себя называли «черноголовыми» -саи" или «саига» - sa-i (-ga), а шумерский народ - "унсаи" - un sa-i» деп атап көрсетеді. Бұл жерде бірнеше жорамалдар жасауға болады: «қара» деген сөздің көне түркілерде халықты (қара будун)  немесе күштілікті (Қара Алып Ер Тоңға) білдіргенін ескерсек «санг-гиг» - «басы халық», «басты халық», «басшы халық» деген түсінікті - қазақы мағынада: «ата-баба», «шыққан тегі» деп аударған дұрыс секілді, өйткені европалық аудармашылар түркі тіліндегі бір сөздің бірнеше мағынада аумағының кең болатынына көп көңіл бөле бермеген. Ал, «ун-саи» - «үлкен-бас» деп аударылады, мағыналық тұрғыдан «Үлкен халықтың ұрпақтары», «Ұлы халықтар» болып шығады (Арилік теорияның тарауына да «аз, ас, ар» рулық атаулардың (Мыс: Авестадағы) үлгі болғандығы белгілі емес пе?). Олардың сырттан келгенін ескерер болсақ, жергілікті халықтан өздерін жоғары ұстау дәстүрімен (Түркілердің «Ұлыг», «төре» және «қарача», «қара будун» деген әлеуметтік бөлінісіне сай) және билікті өз қолдарында ұстап тұру үшін осындай әлеуметтік сатының атауын енгізуі де мүмкін. Тіпті, кейінгі сақтардық атауының шығуында осы шумерлік «санг», «саи», «саига» (sa-i (-ga) –са-и-ка, «сақтың», ал, үйсіндерде «усун» - ун са-и (un sa-i) жатпасына кім кепіл.

 

21a10692f14bbad45650280d51d76b36.PNG


1.«Хаммурапидың басы» деп аталатын мүсін (б.д.д. ІІІ ғ.)

 

29081913f835d2e85a8a1775cd306d0a.PNG


2. Ж. Жабаевтың мүсіні ( 1846-1945)

678972cffbd27cffd474cf9f44103ac4.PNG


 3. А. Құнанбаев (1845-1904) 


2f5d1549803b7f30c3d0e9e1d1317d66.PNG


 4. Иштуп – Иль билеушісінің мүсіні

Енді Шумер деген сөзге тоқталайық. Менің жорамалым бойынша, бұл сөздің мәнін Ши-жер, «Шилі жер» дегеннен іздеген жөн шығар, өйткені «GI» - ши Шумер тілінде «қамыс, ши» (gi «қурай, қамыс» (тростник) – ежелгі түркілік ï «өсімдік; қоға») деген мағына береді. Қызылорда облысындағы Шиелі елді мекенінің атауы (сонымен қатар: Шу өзені және Шілікті, Қоғалы, Шулы-Нулы); аңыздардағы Геракл да (шумерлерде «Dau» немесе «Azan» деп аталған) - Шығыста «Шулен» деген жерде туған, сол жақтан келген делінеді) халықтың жадында жатталған атаудың тамыры тереңдігін көрсетеді. Бұның себебі, Шумерлер бастапқы қоныстарын қамыстан салған, кейіннен саз балшықтарға сабан араластырып кірпіш құйып, күнге кептірген, негізгі құрылыс заты кірпіш болғанымен, қамыс-ши ғимараттар төбесін жабатын материал болды, олардың қайықтары, ыдыстары, жиһаздары да осы қамыс-шиден тоқылды. Қамыс-шидің қаптап өскен елі ретінде танымал болуы және оның тұрмыстық өмірдегі маңызына орай бағаланғандығы себепті – Ши-елі, Ши-жері (Шумер, Шимер, Шижер) деп аталуы да шындыққа жанасымды болар. Ал Шумерлерде ағаш пен тастың табылмайтыны себепті оны қиыр солтүстіктен азаптанып, қауіп-қатерге толы су жолымен әкелген және ол тек ауқаттылардың ғана үлесіне тиетін.

Енді тағы бір пайымдауымызға жүгінейік. Ежелгі Шумерлердің сөздігінде «шу» - қол, «уыс -  уус, ус» – деген түсінікті де береді. Ал көне түркі тілінде қол, уыс кең мағынада – тұтастықты, жалпылықты немесе ұлысты, тайпалық одақты білдіретін. Мысалы «оң қол», «сол қол» немесе «оң қанат», «сол қанат» (Шыңғыс хан моңғол ұлысын үш бөлікке бөлген: оң қанат (қол), сол қанат (қол), орталық (кель)). Егер осы мағына тұрғысынан алсақ, онда – Шумер – Ұлыс жері, халық (ел) жері (Шу – уыс, ұлыс; мер – йер, жер).

Түрік ғалымдары, әсіресе З.В. Тоган әл-Масуди мен М. Қашқаридің деректеріне сүйене отырып, Хазарды-Cібір немесе Сувармен теңестіреді. Алтай өлкесінде өмір сүрген қауымдарды, жалпы осы Субар атауымен атағанды жөн көреді. Ол шумерлер атауына қатысы бар деген Субар және Субари атауларын-суб- ер, суб- ері, яғни Сүй- ер, Сүй- ері деп түсіндіреді. Сібір атауы Субардың бір түрі деген пікірді Макварт да қостайды(Marguart J. Ungar Jahrbücher, ІV.-C.272).

Тенгиз Гудава («До и после Библи. Глава 2. Шумеры») мынадай мәліметтер келтіреді: «Народ сей называл страну «кенги» - KI.EN.GI (r)  - «земля праведников», «земля надежных хозяев», «земля хозяев цивилизации», из чего ясно, что шумеры вполне осознавали свое избранничество и свою роль. Более того, шумеры были убеждены, что цивилизация и все ее атрибуты - суть ДАР НЕБЕС, и они только слуги и исполнители БОЖЕСТВЕННОГО ЗАМЫСЛА. Это важно отметить, дабы понять смысл Шумер, как произведения Божия.  Другие самоопределения страны шумеров:Общественно-гражданское: KALAM – «страна (шумер)», «отчизна», «нация»  и религиозно-философское: KUR.GAL – «великая гора», метафора для Шумера как места, где земля встречается с небом. На самом деле в Шумере не было гор и само понятие KUR («гора») синонимично таким понятиям как «чужеземье», «иной мир». В данном случае шумерские жрецы ассоциировали свою родину с «горой», дабы подчеркнуть ее близость Богу».

Міне бұл мәліметтерден өзімізге етене таныс бірнеше түсініктерді ала аламыз: «Киелі», «киелі мекен», «ғалам», «Ұлы тау немесе Қара тау(осы жерде сақ қорғандарын еске алыңыз, ол да жадта сақталған қасиетті таудың көрінісі емес пе деп кім айта алады?)»

А. Фалькенштейн де Шумер атауын Ки-эн-ги(р) (Энлил құдай храмы орналасқан жердің атауы) (šumeru - искаженная аккадская передача собственно «шумерского» названия Kenger или Keηer (Kenger) топонимінің фонетикалық өзгеруінен іздеуді ұсынады (Falkenstein A. Das Sumerische. - Handbuch der Orientalistik. Abt. I, Bd. II, Absch. 1-2, Geschichte der Forschung, Sprache und Literatür, Leiden 1959, S. 9, 11, 14-15). Дат шумеролігі А. Вестенхольц Шумер атауын «ки-эме-гир» (земля благородного языка) (дәл аудармасы «киелі жер ана» – Ә.Ш.) деп аталған сөздің өзгеруінен іздеу керек дейді.

Ал енді біз осыған қатысты өз топшылауымызды келтірейік, жоғарыдағы зерттеулердегі келтірілген атаулардан «Кимер», «Канг, Канһа, Қаңлы» түбірлері көрініс беретін секілді. Үндестік заңын ысыра тұрып, шумер сөздігіне жүгіне отырып талдап көрелік. «Ki» - ки –жер деген мағынада қолданылады, ал «эn» - эн – қожайын, ие, иелік етуші (яғни, екі сөздің қосындысынан: «Ки-эн» түркілік- Кі(р) - ие, дәл мағынада Жер-ие (қазақтың «Кие» сөзі де иелікпен, жермен байланыстырылады) туындайды. Gi – ги(р) жинақтық ұғым береді. Сонымен: «Ши-жер-ие» - «Шилі жерлердің иелері» - «Шумер». Сонымен Шумер атауының бірнеше нұсқасын көрсеттік: Су-жер, Ши-жер (Шиелі), Ұлыс жері. Әрине, бұл талдаулар, болашақта басқа да көптеген нұсқалармен түсіндірілуі арқылы көбейе түсетіні анық. 

Атауларды қоя тұрып шумерлер мен түркілердің жақындастығын олардың жазу-сызуларынан, наным сенімдерінен іздестіріп көрелік. 

Ежелгі шумерлердің қаласы Э –Анада табылған жазба мұрағаттары жазбаға дейінгі кезеңнің (шамамен б.д.д. 3000 ж.) алғашқы дәуіріне жатады. Ойды белгілі бір суреттер мен шарты таңбалар арқылы беру жаңа тас ғасыры адамдарының табысы болып табылады. Міне сондықтан шумерлердің алғашқы таңбаларың жазу деп атауға келмейді, өйткені олар нақты сөзді немесе әріпті бере алмайтын, бұлар, оны баяндаушыға ой салатын түрткі, есте сақтауға тиісті белгі секілді болды. Бірақ таңбалар жетілдіріле келе, жеке ойды ғана емес, енді буынды, содан кейін әріпті білдіретін шартты белгілерге айналды.

365151529f437303d7d0c098dc83ce23.PNG


 5.  Шивэт-Улан (Бағана тас) 


775f4021f2d8f2e6119ea300d7b87ee5.PNG


6. Кутик-Иншушинак жазба таңбалары. 

  (Элам патшасы, б.д.д. ХХІІ ғ.)

Мысалы Эламда табылған саз таблицада «Әлемнің төрт тарабын» (шартарабын) бағындырған Шаркалишарриден кейінгі Қосөзен патшасы Кутик- Иншушинак (немесе Пузур), өзін Суздың қарапайым ғана билеушісі «ишши аккум» (энси) және Эламның шаккана аккумы (шаған) деп атаған, яғни біздің тілмен айтқанда – Суздың – ішкі немесе кіші әкімі, Эламның шаған немесе қаған әкімі.

Монголия территориясында табылған түркі дәуірінің көне жазбаларына жататын (5 - сурет) бағана тастағы таңбалардың шумерлік (6-сурет) таңбалармен ұқсастығын осы суреттер арқылы байқауға болады. Ал бұлардың арасын қаншама ғасырлар бөліп жатқанына қарамастан, дәстүр мен жадтың сабақтастығының бұзылмай жеткеніне сүйсінбей тұра алмаспыз.

Түркілердің есте сақтау қабілеті мен көшпенді ғұмырына сай мәдениетті тасымалудаушы әрекетінің зор болғандығы сөзсіз.

 

1a5575afc37122d3c28e2aec3ea1fde2.PNG

7.Үстіртте табылған таңба тас. 

6eb1f6e7fb88c6a8767dc545f610557e.PNG


 8. Блау таблеткасы. Жерді  бөлудің Сармат (дай-массагеттер) кезеңі  ең  ежелгі  құжаты.  Б.д.д. 2900-2800 жж. 

   

Келесі суретте(8) жерді бөліп бергендігін растайтын ең ежелгі (еншілік) құжат (шамамен б.д.д. 2900-2800 ж.ж.) Блау таблеткасында белгіленген. Бұнда жерді берудің рәсімі (салты) көрсетілген. Үлкен ауқатты отбасылар немесе храмдар жерді йарду(м), уарду(м) – (орыс тілінде «нисшедший, низведенный» қазақша дәл мағынасында жарлы, жалқыбайларға  (кедей, құлдарға) жалға берілетіндігі айтылған. Жетінші (Үстіртте табылған (б.д.д. ІІІ ғ.) тастағы белгі)  және сегізінші суреттегі (Блау таблеткасы.  Б.д.д. 2900-2800 жж.) басы ромб жалғасы крест секілді таңбалардың бір бірінен аумайтынына  қалай таңданбауға болады.

Шумерлер оқулықтар жазбас бұрын алдымен шумер-аккад сөздігін жасаған. Олардың екі түрі бар; жалпы және терминдік (мыс. ботаника, фармацевтика, зоология, минералогия және т.б.) сөздіктен үзінді: шумерлік – дир, дири – аккадша – ватру – превосходящий (асып түсетін) қазақша – аса, дүр, дүрдей. Шумерлік оқулықтардың үлгісі «қыш кітапханалар» арасынан табылған э – дуба (оқу, оқыту, оқулық, яғни әдаба) шумерлердегі бала оқытуды, мектепті және оқу құралы әдебиетті айқындаушы болып табылады. Мұнда, мысалы емші – «ашутасу», дұғалаушы – «машмаш» деп берілген (қазақта аштау, ұшықтау деген сөздер бар, ал «машмаш» – шаман дегенге келеді). Шумер тілін грамматикалық жағынан зерттеу үшін арнайы оқу құралы (өзгерген сөздер, оның айтылуы туралы) жасалды. Оны «Ана иттишу» - «согласно извещению об этом» – «анадай айтылуы», яғни бұл туралы айтылуына сәйкес деп атаған. Сол оқулықтардың бірі жорамал кітабы.

69429afa7565af8f912e37535979a379.PNG


9.  Көне бабылдық жорамал кітабы (малдың ішек қарнымен)

0ed0e9e98938fc9f323f4c328e42366e.PNG


10. Үстірт. Әктастағы сызба(Тас, қола дәуірі). Бәйте – І-ІІІ.

 Міне бұл жорамал оқулығындағы сызбалардың бейнесіне қарап отырып (9-сурет), одан адам ұрығын (эмбрионын) көруге болады. Сірә, шумерлердің қалалары – Ур, Урук, Умма – деп аталуы, ру тайпаларының  - уру, урут деп аталуы да осы «ұрық» сөзінен шығып жатқан секілді. Бұл «алғашқы, жаратылыс» дегенді білдіруі де мүмкін. Гректердің лабринті, сақтардың мұртты обаларының осындай ирек шеңберлер жиынтығынан тұратыны да шумердерден қалған мұралар болар. Маңғыстау өңірінде табылған сарматтар дәуірінің ескерткішіндегі сызбаның (10-сурет) шумерлердің жорамал кітабындағы сызбалармен ұқсастығы айқын көрінеді. Түркілердің, кейіннен солардық ұрпағы қазақтардың шаруашылық тәсіліне орай, түрлі әдет ғұрыптық рәсімдерді, соның ішінде  мал ішегін (қан-жыны), жауырынын, жіліктерін жорамал жасауға пайдалануы тіпті біздің заманымызға дейін келіп жеткен. Олай болса, түркілік дәстүрлер мен шумерлік ырым-жоралғылардың сабақтасып жатқандығы негізсіз емес.

ca51823849d38b83b937b8a6647541fc.PNG


11. Мели-Шиха патшаның кудуррасы

a4f384d1186b1d94fd4f638a9e5849cf.PNG


  12. Үстірт. Мәңгілік от нышаны

Б.д.д. ХІІ ғ. (Шекералық тас).

 

7f7d61830925f56bbcad74de6471159c.PNG

  13. Күлтегін ескерткіші қыш маңдайшасындағы диск 

 

Шумер тіліндегі құдайлар атауына тоқталайық. Урдың үшінші әулеті кезінде шумер құдайларының алатын орны тәртіпке келтірілді, ең басында – Энлиль оның жанында аспан құдайы – Ан және су асты мен даналық құдайы – Энкі және жеті немесе тоғыз құдайлар (аспан кеңесін құрайтын), соның ішінде күн құдайы – Ут (От), ( 11-сурет),  ай құдайы – Нана немесе Зуэн, таңғы жұлдыз құдайы – Инана, тозақ құдайы – Не – уну – галь және т.б. Күн құдайы Ут (От) таңбаларын кейінгі түркілік кезеңнен де табуға болады(12-13 сурет).

Әрбір тайпа немесе «уру» (ру) - қамқоршы құдайы – мырзасын «Басал немесе бел» ал құдай анасын «астар немесе иштар» деп атаған. Иштар (Урукта – Инана – Иннин) – ұлы күрескер, махаббат және құнарлық құдайы (15-сурет). Европалық зерттеушілердің көпшілігі Иштар атауын «астра» түбірінен іздестіреді. Ал, біз оны Уруктағы аталуы бойынша Инана «Ұлы Ана» (қазақтың Ұмай анасы) деп қарастырғанды жөн санаймыз. Сонымен қатар Иштардың махаббат және құнарлық құдайы және тіршілікті оятушы (тірілтуші) екендігін ескерсек, сол мағынада «Құштарлықты» да бере алады. Бұл құдай ананың түркілік дәуірдегі мүсіндік көріністері бүкіл далалық өлкеде тас балбалдар, кемпіртастар, әйел-тастар арқылы таралған(14,16-сурет). Оны төмендегі мүсіндік салыстырулар арқылы да байқауға болады.

 

ea8d2cf21a9d5ef59f80c98d8b1db7cb.PNG

14.  Алтай өлкесі,  

dd39afa9411b67f703e7b5d810461fb6.PNG


15. Иштар (Ұмай)

96dffa52d396532617008f7ddad48742.PNG


16.  Қышақтардың   кемпіртас  құдай ана  әйел-тас мүсіндері

Шумерлер культінің сакральді кеңістігі тігінен(вертикаль) және көлденеңінен(горизонталь) орналасқан. Тігінде: Жоғарғы – «Ан» (Аспан – Ә.Ш.)- ғаламшарлар мен жұлдыздар әлемі (астра); Орталық – «Ки» (Жер – Ә.Ш.) –тіршілік, өмір әлемі. Ол екі бөліктен тұрады: «Абзу» (Апсу, Алып су, Мұхит – Ә.Ш.) – жер асты сулары; «Кур» (Көр – Ә.Ш.) – өлілер әлемі деп бөлінеді. Жоғарғы әлем бірнеше бөліктен тұрады(Жеті қаттан – Ә.Ш.). Орталық әлем: «калам»(ғалам, дәл аудармасы-«біздің ел» – Ә.Ш.) және «эден» (дала), содан кейін «кур» (бөтен жер – Ә.Ш.) деп бөлінеді.

Енді бұларды талдап көрелік: а) «калам» - бұл қала-мемлекеттің территориясы, сырты мықты қорғанмен қоршалған, орталықта қала құдайының храмы орналасқан; ә) «эден» - қала қорғанының сыртындағы далалық аймақ (құла дүз, аймақ) – құдайлар да, жын-перілер де қатар жүретін жер; б) «кур» - даланың ар жағындағы жат жерлер, өлілер мекеніне теңдестіріледі, өйткені «калам» тұрғыны үшін ол жерлердің тәртіптері мен заңдары (табиғаты) мүлдем жат, түсініксіз.

Ежелгі түркілік іздерді Шумерлерден іздегеніміз де тегін емес, европалық ғалымдар Халфен, Мюллер, Франке, Де Груут, Менген, Кастрен, Хаваси, Халоун, Харлейз, Копперз, Котвич және т.б. ежелгі түркілердің әлемнің төрт бұрышында да қалдырған іздері туралы жан - жақты зерттеулер жүргізгенін З.В. Тоган дәлелді келтірген. Шевеста, Кзермак, Шмидт, Копперз зерттеулерінде көне түркілер мәдениетін б.д.д. ІІ мыңжылдықта Ніл өзені аңғарынан жиі кездестіруге болады деп атап өткен. Ал, М.А. Кастрен Орталық Азиядағы, әсіресе Алтай өлкесіндегі тайпалардың ежелгі Шумер жеріне қоныс аударғаны туралы жазады [8]. Бұл пікірді қолдаған В. Шмидт пен О. Менген Таяу Шығыс пен Ніл аңғарында ежелгі және үлкен мемлекетті, өркениетті Орта Азиядан әскери-көшпенді қауымдар әкелген деп атап көрсетеді. О.Менген бұл деректерді жануарлар сүйегіне, әсіресе, жылқы сүйегінің табылған жерлерін зерттей келе, оларды қолға үйрету соңғы тас пен жаңа тас дәуірінде  Орал-Алтай және Солтүстік пен Орта Азия тайпаларында орын алғанын, атқа мініп алапат жорықтарға аттанып, өркениет тасымалдаушылары болғандығын айтады. Темір өңдеуді де б.д.д. ІІ мыңжылдықта Мысырға (Египет) осы көшпенділер жеткізген. Ал Шумерлердің ежелгі Шығыстағы өркениеттің басында тұрғаны баршамызға мәлім.

Помпей Трогтың(б.д.д. І - б.д. І ғғ.) 44 томдық «Филипптің тарихында»  сақ, массагеттер туралы айта келе: «Скифтер барлық заманда көне халық болып есептелген, көнеліктен олар мысырлықтардан кем түспейді» деп атап көрсетеді [9]. Скиф-сақтардың патшасы Мадиез (Мади)(б.д.д. 652-624 жж.) Кіші Азияда 28 жыл билік құрған. Ассирияның атақты патшасы Ашшурбанипалдың күйеу баласы болған Мадиді  Мидия билеушісі Киаксар (Кейқұсырау) қастандықпен у беріп өлтіріп, ежелгі дәуірдегі ең ірі Ашшурбанипалдың кітапханасын өртеп жіберген. Сол кітапханада (Шыңғысхан күйреткен Отрар кітапханасын да еске алайық) скиф-сақтардың ата-бабаларының тарихына қатысты қаншама деректер жойылып кетті десеңші.

Б.д.д. VIII-VII ғғ. Шығыс Түркістан жерін мекендеген «Шулардың» түркі тектес қауымға жататынын көптеген европалық ғалымдар (Мысалы: Харлейз: (JA), 8-ХХ.- 1892) атап өткен. Көне түркі аңыздарында да Сақ пен Шу туыстас халықтың екі бөлігі ретінде көрсетілген.

Сақтардың бір бөлігін Сулер (Жүнгүсі) деп аталғандығы б.д.д. 989 ж. Қытай деректерінде айтылған. Оларда сү (сэ) және су атаулары сақтарға қатысты айтылады. Мюллер, Франке және З. Тоган бұларды түркілердің ата-бабалары деп көрсетеді [10].

Олай болса бұл атаулардың да Шумерліктерге қатысы болу мүмкіндігі жоққа шығарылмаса керек.

Ниневияны қазу барысында табылған саз тақтайшалар, сөздіктер ең көне деген тілдің түбірін анықтауға мүмкіндік береді. Оны лингвист ғалымдар агглютинивтік тіл (яғни, жапсырылған, желімделген деген мағынада) ретінде бағалаған. Атап айтқанда бұл тілдегі сөздер бір буынды немесе ешбір жалғаусыз болып келеді. Расында, бұл ежелгі түркі тіліне де тән болған ерекшелік. Олай болса, шумерлердің тілі түркілік тілге өте жақын деп айтуға болады.

Қосөзенде Урдың ІІІ әулеті құлаған кезде, б.д.д. 2 мыңжылдықта Иссин(исседон-үйсін-?) және Ларса патшалығы құрылады. Иссин патшасы Ишме Даған (Ісме Қаған – Ә.Ш.) (б.д.д. 1953-1935 жж.) арнайы салық «гун» (құн – Ә.Ш.) енгізді. Жалпы храмдық салық «саттуккум» (садақа – Ә.Ш.) (постоянная приношения) немесе «са-ду(г)» (жертвенные дары) құрбандыққа арналған төлем берілетін. Сонымен қатар, «а-руа» (аруақ – Ә.Ш.) (приношения по обету) ғұрыптық рәсімдерге де сый жоралғылар берілетін.

Шумер тілінің түркілік түбірі тіпті қазіргі қазақ тілімен жай ғана салыстырғанның өзінде анық байқалады (Кестені қара).

Шумер тілінде

Қазақ тіліндегі

баламасы

  Мағынасы

а-руа

аруақ

Ғұрыпқа байланысты құрбандық

беру рәсімі

аба-уру

ата ру

Ру ақсақалы

ага-уш

аға күш

Жауынгерлер мен күзетшілердің

бас басшысы, қолбасшы

Уру

ру

Қауым

Ур, урук

ұрық

Тек, орда, қала

Дингир

Тәңір

Құдай

энгар

егінші

Егу жұмысын басқарушы

калам

ғалам

Тарап, бағыт

Кен

кеңес

Кеңесу, жиналыс

Ун кен

Үлкен кеңес

Халық жиналысы, кеңесі

Ген

Кел,кет

Жүру бағыты, жүрген, келген

Уру-рим, уру- ген

Рудан өру,

үрку

Рудан немесе қаладан(ордадан)

кету, үрку, босып кету

Нун-кур-гу

 Нукер

Билеушінің қоластындағы көмекші

қызметшісі

гуруш

құрыш

Еркек, жас мықты жігіт, жұмыскер

Эрен

ерен

Әскери топқа біріккендер,

жауынгерлер тобы, сарбаздар

Нгешту(г)

естілік

Құлақ немесе даналық дегенді

білдіреді

Иги ку(г)

Игі көз

Тұнық көз немесе құлақ пен көз,  даналық көзі дегенді білдіреді

Уту

От

Күн құдайы

Ишкур

Ұшқыр

Найзағай құдайы

Алғашқы жыр – дастан болып табылатын Шумерлік Гильгамеш жыры (Бильгамеш) (мыс.қаз. Өтеміс, Тоқтамыс) түркілік түбірлерге толы. Мысалы: отқа салса күймейді, суға батпайды (Алпамыс секілді), өлімнен қашып, мәңгілік өмір шөбін іздейді (Қорқыт секілді). Мәңгілік өмірге ие болған, топан судан аман қалған ата – бабасы Утнапиштиді (өмірдің қыспағын көрдім, отына пістім, бірақ та адамдар ішінде жалғыз өзім мәңгілік өмірге ие болдым) іздейді.

Сонымен Шумер мен түркі тілінің терең тілдік талдауына бармағанның өзінде, олардың арасындағы түбірлік мәндегі ұқсастықтардың бар екендігін жоққа шығаруға болмайды. Бұл паралелдер қазіргі кезде татар, азербайжан, хакас, өзбек, түркімен ғалымдары да тарапынан өз тілдерінің тарихымен салыстырмалы түрде қаралу арқылы жасалуда (Т. Таиров, Н.М. Зеляев және т.б.).

Қазіргі заманда ғылым дамуының жылдамдылығының артуы нәтижесінде бұрындары алға тартылған қортындылар тым ескіріп қалғаны анықталды: жаңа деректер – заттай және жазбаша табылды, оларды зерттеудің әдіс-тәсілдері неғұрлым жетілдіріліп, біздің тарихи танымымыз анағұрлым кеңейе түсті. Осы тұрғыдан алғанда, ешкімге жалтақтамай, тарихымызды тереңінен талдауға жолдың ашылғандығы сөзсіз. Кеңестік кезеңдегі «тарих жұтандығына» ұшыраған қазақ тарихының жазба деректерін тек орта ғасырлардан ғана алады деп, ежелгі тарихын археолог, антрополог, этнограф ғалымдардың үлесіне ғана қалдырып, дерекке тұнып тұрған Ежелгі шығыс, антика авторларының шығармаларына үстірт қарау немесе тек шетелдік зерттеушілердің түсіндірмесімен ғана пайдалану бүгінгі күн талабына сай келмейді. Қазақстан тарихының берік іргетасын оның ежелгі тарихы құрайды. Олай болса осы іргетастыңанағұрлым мықты, мызғымас болуы орың тарихи тамырларының тереңдігімен, дәлдігімен және жазбаша деректерімен өріледі. Еуропа тарихшыларының «көшпенді», «жабайы», «жазу-сызу жоқ» деген терминдік түсініктерінің түбірі бос екендігі қазір баршамызға белгілі. Соған қарамастан, ежелгі Қазақстан тарихын зерттеу мектебінің жоқ екендігі, түп-нұсқалық деректермен жұмыс істей алатын маман – тарихшылардың саусақпен санарлығы, осыған орасан зор кедергі келтіріп отырғандығы айқын.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.   Әбжанов Х.М. Қазақстан тарихын зертеудің методологиялық ұстанымдары//Қазақстан тарихын зерттеудің өзекті мәселелері. Мемлекет тарихы институты. Ғылыми бюллетень. – Астана, 2009. – № 2. – С. -28.

2.   История Древнего Востока. Зарождение древнейших классовых обществ и первые очаги рабовладелческой цивилизации. Ч.1. Месопотамия/ Под ред. И.М. Дьяконова. Гл. ред. Восточной литературы. – М., 1983. – С. 534 (92).

3.   Кольб Г. Фр. История человеческой культуры. –  СПб., 1872. Изд. С.В. Звонарева,  -В 2 т. – Т.1. – С.- 506.

4.   Ноmmel F. Ethnologic und Geographie des alten Orients. –  Münctıen, 1926. - рр. 19, 21-22.

5.   Аманжолов А.С. "Шумеро"-тюркские соответствия и изобразительные логограммы. - "Sprache, Geschichte und Kultur der Altaischen Völker", Protokollband der XII. Tagung der Permanent International Altaistic Conference 1969 in Berlin. Herausgegeben von G. Hazai und P. Zieme. – Berlin, 1974, - рр. 65-71.

6.   Cүлейменов Олжас. АЗ и Я. Ізгі ниетті оқырман кітабы/ Ауд. С. Ақатаев. – Алматы, Жазушы, 1992. - 292 бет.

7.   Туна О.Н. "Sümer ve Türk dillerinin târihî ilgisi ile Türk dili'nin yaşi meselesi" ("Историческая связь шумерского и тюркского языков и проблема возраста тюркского языка"), 1990, - рр. 49.

8.   Рагозина З.А. История халдеи. – СПб.: Изд-во А.Ф. Маркса, 1902. – C. 12.

9.   Дуров В.С. Художественная историография Древнего Рима. – СПб.: Изд-во Сю-Петербургского ун-та, 1993. – C- 144.

10.  Togan Z.V. Türk Tarihi dersleri. –  Istanbul, 1928. рр. -5-12.

// Отан тарихы 2012, № 2


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?