Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Галиев Виль Зайнуллович

29545
Галиев Виль Зайнуллович - e-history.kz

ГАЛИЕВ Виль Зайнуллович – ХVII-ХІХ ғғ. қазақ-орыс қатынастары, мәдени байланыстар, отарлық саясат,  ұлт-азаттық күрес, төңкеріске дейінгі кезең бойынша кітапхана ісі және әдебиеттерді библиографиялау мәселелерін зерттеуші маман, тарих ғылымдарының докторы (1983), профессор (1986).

С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің тарих факультетін тәмамдады (1960),

В.В. Востровтың жетекшілігімен Маңғышлақ (1957) және Қызыл-Орда (1958) этнографиялық экспедицияларына қатысты,

университетті бітіргеннен кейін Түркістан педучилищесінде жұмыс жасады (1960-1961),

С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті тарих кафедрасының аспиранты (1961-1964),

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының КСРО тарихы кафедрасының меңгерушісі, доцент, профессор (1968-1990),

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Жаңа тарих бөлімінің меңгерушісі (1990-1995),

Институттың бас ғылыми қызметкері (1995 ж. бастап).

Жаңа заман тарихы проблемалары бойынша түрлі жалпыодақтық және халықаралық конференциялардың қатысушысы. ҚР БҒМ Жоғары аттестациялық комитеттің тарих ғылымдары бойынша эксперттік кеңес құрамында жұмыс жасады. Ұлттық кітапхана және Орталық ғылыми кітапхананың қызметкерлер тобына кітапханатану және библиография мәселелері бойынша ғылыми жұмыстарына жетекшілік жасады.  Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларының мұрағаттары мен кітапханаларында сирек кітаптар мен қолжазбаларды (оттиск) анықтаумен айналысты.

Екі тарих ғылымының кандидатын даярлады.


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?