Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Өзбекстан және Түркіменстандағы қазақ-репатрианттарының арасындағы некелік жұбын таңдау ерекшеліктері

29506

Қалыш А.Б.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң археология, этнология және музеология кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор)

Өзбекстан және Түркіменстандағы қазақ-репатрианттарының арасындағы некелік жұбын таңдау ерекшеліктері

Ежелден қазақтармен қарым-қатынастағы көрші ортаазия халықтарында да (өзбек, түрікмен, тәжік, қарақалпақ, қырғыз және т.б.)  қалыңдықты немесе күйеу жігітті таңдау мәселесі дәстүрлі құқық негізінде немесе шариғат заңы бойынша ата-анасы немесе жақын туыстарының таңдауымен орындалған. Әрине олар  сирек болсада өз ыңғайына қарай қалыңдықтың немесе күйеу жігіттің ата-анасымен тікелей келісе отырып шешкен. Сонда да бірінші кезекте жастардың пікіріне, олардың әсіресе қыздардың жас мөлшеріне қарамастан ақсүйектік және таптық ережені ұстанған. Екінші жағынан жоғарыда аталған қазақ, қырғыз және ішінара қарақалпақтардан басқа этностарда некелескенде бүгінгі күнге дейін экзогамиялық ұстаным немесе осыған байланысты тиымдар сақталмаған [1, 51-53 б.]. Жоғарыда көрсетілген үш этноста да экзогамияның бұзылуы және туыстар арасындағы некелік тәжірибиенің кең таралуы экономикалық себептер мен  шаруашылыққа байланысты деуге болады. Отырықшы-егіншілік шаруашылығы болғандықтан жер үлесінен үйленген ұлдарына  бөліп береді.  

Орта шығыс елдерінде мұсылман елдерінде отырықшы –егіншілік шаруашылыққа байланысты жерледі үйленген балаларына бөлінген.

Біздің зерттеуіміздегі Орта азия территориясындағы қазақтар ХҮІІ-ХІХ ғғ. Әртүрлі себептерге байланысты қазақ-жоңғар шапқыншылығынан,  патшалық колониялық жүйесінен ығыстыруынан, ұлт-азаттық көтеріліске байланысты, 1920-1930 жылдардағы Кеңес өкіметінің зорлық-зомбылығынан шараларынан барғандар.

Біз қарастырып отырған Орта Азия казақтары Өзбекстан мен Түркіменстанды қосып алғанда отбасылық дәстүр Қазақстанда тұратын отандастарымен негізгі ұстанымдары бір. Бұл дәстүрлі шаралар белгілі отандық неке және отбасын зерттеуші А.Ж. Жакиповтың [4, 42-49б.] және Х. А. Арғынбаевтың [5, 80-86, 145-182бб.] еңбектерінде  кең түрде жазылған.

  Біз қарастырып отырған мәселеге Кеңес мемлекеттерінінің неке және отбасыға байланысты заңшығарушы актілері мен кодекстері, сонымен қатар түрлі әлеуметтік-экономикалық, мәдени шаралар айрықша ықпал етті. Олар, бірінші кезекте әйелдерді қорғауға, олардың әлеуметтік тұстарын  етуге, еңбек етуде, жұмыс істеп демалуда ерлермен тең құқылы етуге қамтамасыз етті. Аталған жайттар мен іс-әрекеттер тез арада орындала қойған жоқ, көптеген  жылдар бойы демократиялық неке-отбасылық қарым қатынастармен бірге орын алды.

  Қазіргі таңда қазақ репатрианттардың отбасылық зерттеулерінде  бұрынғымен салыстырғанда  отбасын құру некеге тұрушылардың  иелігінде. Әрине олар өз ата-аналарының, жақын туыстарының, дос-жарандарының, құрбы-құрдастарының  пікірлерімен санасады, егер өздері қаламайтын неке болса оларды ешкім мәжбүрлемейді немесе шешілген мәселеден бас тартуға құқылы. Сонда да ондай неке туру да кездеседі бұл мәселе ата-ана шешімімен  шешіледі. Бұл жерде бірқатар жазылмаған ереже сақталады. Мысалы жастардың ата-аналары көбіне балалары мен қыздарын өздерінің жерлестеріне Түркіменстан, Өзбекстаннан немесе Қарақаллпақстаннан келген жерлестеріне қосқысы келеді.

  Біздің ойымызша  бұны бірнеше бірнеше себебі бар. Біріншіден, ата-аналары өздерінің жерлестік және туыстық қарым-қатынастарын жоғалтқылары келмейді.  Тіпті бұл қарым-қатынастар тек күнделікті  қарым-қатынаста ғана емес, туыстық мерекелелерде де (үйлену тойы, балалар мерекелелері –шілдехана, қырқынан шығару, тұсау кесу, сүндетке отырғызу») және жерлеу рәсімдерінде де және т.б. жәйттерде де ұстанады.  Екіншіден, олар өздерінің  болашақ құдалаларының жеке қасиеттерін немесе әлеуметтік жағдайларын өздерінің білулері, жақын туыстары арқылы, жолдастары арқылы немесе көрші қолаңдары арқылы жақсы таныс. Үшіншіден, олардың ойынша болашақ келіндері мен күйеу жігіт дәстүрлі құндылықтарды (жасы кішілерді үлкендерді, балаларының ата-аналарын сыйлауы, күнделікті өмірдегі қарым-қатынастар жергілікті қазақтарға қарағанда жақсы ұстанады.Төртіншіден, туысқан болған екі жақтар алдыңғы құдалықтармен және туыстық байланысты бір-бірлері туралы жақсы біліскен. Бесіншіден қазақ-оралмандар ортасында қалым төлеу және кит беру ғұрпы және соған сәйкес қалыңдықтың дүниесін беру өте жақсы сақталған.

  Егер некеге тұру  тәсіліне келетін болсақ онда таңдау оның шарты жастардың өздерінің қалауларында негізгі қажетті көрсетікштерге байланысты: сүйіспеншілік, көзқарастарының қызығушылықтарының бір болуы, жеңілдектік, жалғыздықтан қорқу,  сезімі жүктілік, жоспарсыз балалы болып қалу, және есеппен,  ата-анаға тиесілі болу, ата-ананың зорлауымен, және басқада. Осындай қажетті жәәне күптеген мотивті  некелерден  үш топқа бөлуге болады: махаббатпен, кездейсоқ, және ата-ананың күйштеуімен. Бұлардың әрқайсысы болашақ жұбайларға бақытты болуыларына, орта некеге немесе бақытсыз неке болуы мүмкін.

  Әрине некелік одақтың ең бастысы екі жастың сүйіспеншілгі, екеуінің дүниетанымы мен қызығушылықтарының бір болуы. Осындай сезімдермен қатар, бір-біріне түсіністікпен қарау, өзара қарым-қатынастарының болашаққа деген ішкі отбасылық .

  Кедейсоқ неке тағдыры да қызығатындай емес. Түсініспеушіліктен, әрдайым келеңсіз жағдайлар отбасылық өмірге болып тұратындықтан бұндай некенің болашағы жоқ деседе болады. 

  Ата-ананың қысымымен немесе есеп бойынша некеге тұрғандар негізіне экономикалық, материалдық және басқа да құндылықтар, сонымен қатар өзара сыйластық және сенімділік жасжұбайларға сәтті өмір мен қатынас қамтамасыз етеді.

Бұл келтірілген деректерден қазіргі нарық заманда материалдық және ақшалы, жеке бар болған жағдайда және әлеуметік жағы жоғары лауазымды болып құнды болып тұрған шақта бұл шындық. 

  Әрине үйлену де тұрмысқа шығуда кездейсоқ бола қоймайды, оған әртүрлі себептер болады, негізгісі болашақ жарымен таныстыру. Бұған әрине немқұрайды қарайтын, өмірлік ұстанымдары жоқ, барлығын ата-аналары мен жақындарың арқасына жүктеп қойған индивидтерді қоспағанда.

Ұсынылып отырған танысу түрлерінің ішінен біздің шартты түрде біріктірген 6 көрсеткішіміз жас жұбайлардың болашағына өзіндік белсенділігі мен ынталарын жоғарлатады.  Басқа жағдайда болашақ жарын таңдауда  өзіндік факторлардың рөлі бастапқыдағы дәстүрлі ата-анан мен жақын туыстарынан кейінгі екінші орында тұрады. Жалпы алғанда ақпарат берушілердің көбі неке құруда ата-анасының шешімінің маңызды екенін көрсетті. Бұл түсінікті де, себебі жас жұбайлардың алғашқы өмірінде барлық ұйымдастыру, қаржы мәселесі, тұрмыстық жағдай, тұрғын үй мәселесі және т.б жағдайлар бастапқыда ата-анасының қолдауымен шешіледі. Сондықтан да ата-ана мен туған туыстарының  дәстүрлі шешімін жоғарғы орынға қоятын отбасымен бірге, топтасып бірге тұратын ақпарат берушілер тартылды.  Келтірілген деректер ақпарат берушінің ауылдық жерден бе, қалалалық жердікі ме өзгерісі жоқ.

Қазақ-репатрианттармен сұхбатымызда үшінші орында яғни «екінші жартысын» табуға  жақын дос-жарандары мен құрбыларының тікелей көмегі маңызды.  Ал қалған келтірілген жауаптарда тікілей жауаптар бола қойған жоқ.

біздің қарастырып отырған мәселе бойынша репатранттар арасында тым кеш некелесуге тіпті үйленбеуге теріс көзқарас қалыптасқан.  Сондықтан осындай мәселе  жол бермеу үшін  игі іс-шаралар қолданады. Әсіресе бұл жасы толған «отырып қалған» қыздарға байланысты. Сондықтан жақсы отбасын құрулары үшін айналасындағылар мен жақындары міндетті түрде түрлі іс-әрекеттер жасауға барады.  Осындай қарым-қатынастар  олардың некелік жұбын табуға итермелейді. Репатрианттар отбасыларында  әйел адамның  өз уақытында тұрмыс құрып, көп балалы болуы, өз шаңырағы мен қайын жұртына еңбкқорлығымен сіңіп кету әдеті қалыптасқан. жекеленген

Некесіздіктеріне алға тартатындықтарынан өздерінің болашақ өмірлік серіктерін жие және табандылықпен іздейтіндерде бар. Осыған ұқсас жағдайларда олардың отбасылық жағдайларына ешкім мән бермейді. Қазақ-репатрианттардың арасында ертеден келе жатқан дәстүр, әсіресе ауылдық жерлерде тұрмыс құрмаған, баласыз немесе ажырасқан әйелдердің әлеуметтік дәрежесі өте төмен саналады. Бұндай қысымға күйеу жігіттер сирек ұшырайды. Қыздарға қарағанда толыққанды отбасын құруға, балалы болуға бұлардың үміті мол саналады. 

Шынайы өмірде бұндай күрделі мәселені шешу бірдей емес. Мысалға қалалық жердегілермен салыстырғанда ауылдық жерлерде тұратындағы өзінің болашақ өмірілік серігін табу оңай емес.  Бұл жерде әрине  көптеген тұрмыс құратын шақтарында жастардың оқуға немесе жұмыс іздеп қалаға кетіп өз тұрғылықты мекендеріне оралулары сирек болғандықтан өз Бұл әрине өз кезегінде жастардың қалыңдық немесе күйеу жігіт табуына кедергісін тигізеді.

Қалалық жерлер оқып не жұмыс істеп жүрген жастардың танысуларына және таңдау жасауларына  кең мүмкіндік береді.  Бұған түрлі мерекелерді, би алаңдары мен кештерді, түрлі мәдени шаралар мен спорттық іс шараларды, әртүрлі кездесулер және т.б. қосуға болады. Егер Ақпарат берушілердің көбіне  болашақ жас жұбайлардың кездесіп танысуларына жауаптарына  басты екі көрсеткіш – жұмыс орны (оқу), сонымен қатар түрл кештерде (тойларда).  Өз мәнісінде жастық шақтың ең қызықты шағы өзінің екінші жартысын сәтті тауып, қызығушылықтары мен көзқарастары бір болуы, жастарының, білімдерінің әлеуметтік жағынан, кәсіби деңгейі жағынан байланыста болады.

 Репатрианттар арасындағы ақпарат ерушілр үшнші орынға көрші әдісін қойды. Айтылған тәсіл бойынша  бұл бұрынан кележе жатқан таныстық яғни сонау балалық жақтан бастап, мектептегі кезең содан ары қарай сезімдерінің ұласуы.  Тек жастардың ғана емес ата-аналарының тығыз байланысы да екі жақтың тығыз аралауына себеп. Қазақтар мен қоса басқа да халықтарда айтылатын алыс туысыңнан жақсы көшрің жақсы  мәтелі босқа айтылмаса керек.  Көршілеріңмен барлық қуаныштарыңдыда түрлі өмірдегі жағдайларда бірге бөлісіп, әрқашанда біргесің .  бұл  қаладан гөрі әсіресе ауылдық жерлерде жақсы көрініс тапқан.

Ақпарат берушілердің жауаптарында ең соңғы орынға басқа орындардыд мәнін айтты. Бұл жол жүргенде, демалыстарда,  серуендерде, жоспарсыз кездесулерде және т.б.

Ақпарат берушілердің жауаптарына үйдің жанындағы көше таныстығы, квартал, ауылдың, қаланың басқа бөлігінде тұйықталып жауапсыз қалды. Бұнай жоспарсыз кездейсоқ кездесулер достықпен  басталып  соңына үлкен нәрсе алып келуі мүмкін....

 Сол себепті біз қарастырып отырған мәселе қазақ репатрианттарының некелік серігін таңдау мәселесі жергілік қазақтардан түрлі.  Мәселедегі Шешімді  жолда ата-анасын шектету емес . Көп жағдайда болашақ жас жұбайлар өз шешімдері туралы ата-аналарының алдынан өтіп, шешімдері туралы олардың келісімін алады. 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?