Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстаннның археологиялық ескерткіштерінің дерекқоры негізінде Гео Ақпараттық жүйе қалыптастыру

29449
Қазақстаннның археологиялық ескерткіштерінің дерекқоры негізінде Гео Ақпараттық жүйе қалыптастыру - e-history.kz

«Қазақстаннның археологиялық ескерткіштерінің дерекқоры негізінде Гео Ақпараттық жүйе қалыптастыру».

Ғылыми зерттеудің түсініктемесі.

Бүгінгі таңда ұзақ жылдар бойы жүргізген ғылыми зерттеулердің арқасында Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық археологиялық ескерткіштер бойынша ауқымды фактологиялық материалдар жиналған. Археология ғылымы бой алғалы бері табылып,  анықталып, зерттеліп, мұражайларға тапсырылған мыңдаған археологиялық ескерткіштер енді олардың негізгі сипатын беретін бірегей тізілімді қажет етеді. Осыған ұқсас бастаманы 1960 жылы шыққан «Қазақстанның археологиялық ескерткіштері жинағы» атты басылымнан байқауға болады. Онда сол уақытқа дейін белгілі болған барлық археологиялық объектілер туралы ақпар берілген еді. Кейінен Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облысы, Қарағанды облысы деген сияқты зерттеу жұмыстары жүріп жатқан еліміздің әртүрлі аймақтарындағы тарихи және археологиялық мұралар туралы деректердің тізілімі жасалып, әлсін-әлсін жарияланып тұрды.

Тарихи және мәдени маңызы бар ескерткіштерді анықтау жұмыстары осы күнге дейін үзілмей жалғасып келеді және жыл сайын болатын барлау жұмыстары нәтижесінде  ондаған түрлі ескетркіштер табылып жатады. Ендігі уақыт талабы – осы археологиялық объектілердің орын тепкен жері, хронологиясы, оларға жасалған зерттеулер туралы негізгі ақпарат жинақталған бірыңғай статистикалық сандық база құру. Ал деректерді өте қолайлы сараптауға, жүйелеуге, картографиялауға Гео Ақпараттық Жүйе атты бағдарламалар кешені мүмкіндік береді. Гео Ақпарат Жүйесі ғылыми, әкімшілік және басқа да салаларда, жер қоры, су ресурстары жөніндегі деректерді жүйелеу құралы ретінде қолданылып жүрген бағдарлама. Осындай археологиялық дерекқорды жер қоры базасымен біріктіре құрса, аккредитацияланған мемлекеттік және ғылыми мекемелері пайдалана алатындай бірыңғай анықтамалық және сараптамалық жүйе пайда болатын еді. Бұндай ортақ археологиялық ескерткіштер картасы тарихи-мәдени маңызы бар ескерткіштерді мемлекеттік бақылауға алу органдарына да,  республикалық жер қорын бақылау және үлестіру органдарына да, ғылыми-зерттеу ұйымдарына да,  сонымен қатар тарихи құбылыстарды жекеше зерттеу-сараптаудан өткізуге де тигізер пайдасы мол.

Мақсаттар:

Аталмыш жобаны мақсатқа алу:

-  жиналған ақпаратты заманауи деңгейдегі сараптамадан өткізіп, компьютерлі технологиялар көмегімен бір жүйеге келтіру;

-  археологиялық және тарихи ескерткіштердің бірыңғай сандық қорын жасап шығару;

-  жасалған жобаны әрі қарай дамыту және толықтыру мүмкіндігіне ие болу;

-  жиналған ақпаратты мемлекеттік бақылау және реттеу органдарының қолдануы;

-  гидрологиялык және жер қорларының және басқа да құрылымдардың дайын дерекқорларымен бірлестіре енгізу;

-  ғалымдарға арнап бірыңғай анықтамалық және сараптамалық құрал жасау;

-  әрі қарай жаңартуға және дамытуға сандық жоба жасап шығару.

Міндеттер:

-  сандық және картографиялық Гео Ақпараттық Жүйенің негізін салу (топографиялық, гидрологиялық және әкімшілік деректерді біріктірген карталар кешені);

-  бүкіл республика бойынша алдыңғы басылымдарда көрсетілген жиынтықтар мен тізбелер негізінде Қазақстанның археологиялық ескерткіштері туралы барлық жиналған деректерді сандық өңдеуден өткізу;

-  Қазақстанның әр-бір облысы бойынша ескерткіштер кестесін жасап, ол жерде ескерткіштің  GPS координатын, хронологиялық және мәдени тиемелділігін, зертеу тарихын және басқа да негізгі сипаттамаларын белгілеп кою;

-  Қазақстанның археологиялық ескерткіштері бойынша мұрағаттық және библиографиялық мағлұматтар жинау;

-  алдыңғы зерттелген археологиялық ескерткіштердің GPS белгілерін анықтап, үйлестіру;

-  алынған мәліметерді бір Гео Ақпараттық Жүйе картасына енгізу;

-  қолданысқа дайын, мемлекеттік және ғылыми мекемелерге енгізуге болатын жобаны дайындау;

-  дайын жобамен жұмыс істей алатын мамандар даярлау.

Ұсынылып отырған жобаның өзектілігі - археологиялық ескеркіштердің статистикалық санағын жүргізуге, ғылыми сараптама жасап,  қазіргі жайын қалтқысыз бақылап отыруға мүмкіндік беретін ақпарат қорын жасап шығару болып табылады. Ғалымдар мен ғылыми-мәдени ескерткіштерді қорғау органдарының осы жобаның қолдануы жаңа бастамаларға жол ашады.

Компьютерлік бағдарламаларды осылайша қолдану дегеніміз – бұл осы уақытқа дейін тек Жалпы археологиялық карта мен облыс жиынтықтарының қағаз нұсқалары арқылы ғана жүзеге асып келе жатқан есепке алу және классификациялау деген сияқты жұмыстарды жаңа деңгейге көтеру. Ал деректер қорының электронды нұсқасы белгіленген мәліметтерді жеңіл толықтырып, өзгертіп, дамытып отыруға мүмкіншілік береді. Археологиялық ескерткіштердің электронды базасы ғылымның заманауи талаптарына сай дамып отыруы қажет. Сондықтан, дәл қазір ортақ ақпараттық банк құру қажеттлігі артып отыр.

Алдымен Гео Ақпараттық бағдарламамен жұмыс істей алатын археолог мамандар санаулы ғана екенін айта кеткен жөн. Бұл мәселе археология ғылымына сандық электронды кеңістікте өз орнын табуға кедергі жасап келеді.

Жоба іске асқан жағдайда аймақтардағы жас мамандарды оқуға және тәжірибе жинақтауға тарту мүмкіндігі артады. Жобамен жұмыс істеуді үйренген археолог мамандар ғылыми жұмысқа да , мәселені бақылауға алу үшін жергілікті органдардың тапсырысы бойынша мониторингке де өз білімдерін қолдана алады.

Жобаны қолға алу үшін консультант ретінде шетелдік археолог мамандар (Италия, Ресей), Гео Ақпарат Жүйесі технологиясының мамандары оған қоса шетелде білім алып жүрген казақстандық ғалымдар мен «Болашақ» шәкірттері жұмылдырмақ.

Гео Ақпараттық Жүйенің Қазақстанда құрыла бастағанына көп болған жоқ, ұқсас жобалар тек жекелеген обалар мен ескерткіштерге қатысты негізі оңтүстік аймақтарда жасалған болатын (Бөріжар обасы, Отырар алқабы). Сондықтан Қазақстан археологиялық ескерткіштері туралы ұлан-ғайыр ақпарат әлі толық картографияланбаған күйінде, ал жинаққа енген объектілердің тұрған орны, даталануы нақтыланбаған күйінде қала беруде.

Шет елдерде бұл бағдарлама сараптайтын және классификациялайтын бір де бір тиімді құрал ретінде 20 жылдан бері қолданылып келеді.

Ғылыми зерттеудің әдістемесі

Зерттеу әдістемесінде бірқатар әрекеттер қолданылады:

1)  археологиялық ескерткіштердің орналасқан орны, хронологиясы, типологиясы дген сияқты белгілі бір критерилер ді қолданып, Қазақстандағы бүкіл археологиялық ескерткіштер туралы мәліметтерді жинау;

2)  картографиялық негізін салу;

3)  негізгі ескерткіштерге байланысты мәліметтерді толықтыру.

Алынған мәліметтерді үнемі компьютерлік өңдеуден өткзіп тұру қажет. Негізгі әдіс ретінде мәліметтерді статистикалық  әдіспен сараптауды қолдану керек. Электронды дерекқор жасаған кезде бұрынғы жиналып қалған мәліметтерді енгізу, олардың кестесін құру, бірыңғай картографиялау деген сияқты ауқымды жұмыстар орын алады, сондықтан аталған әдістер осы жағынан алғанда қолайлы болып саналады.

Болжамалы нәтижелер (жүргізілетін ғылыми зерттеудің тәжірибелік және ғылыми маңыздылығы, инновациялық және бәсекелестік басымдылығы)

Болжаулы нәтижелер.

Қазақстандағы археологиялық ескерткіштердің бірыңғай ақпарат жүйесі мынандай мүмкіндіктер бере алады:

-  көптеп жиналып жатқан, бірақ шашыраңқы мәліметтерді бірқалыпты анықтамалық жүйеге келтіру;

-  тарихи-мәдени ескерткіштердің нақты орнын анықтауға арналған құрал ретінда пайдалану үшін Бірыңғай мемлекеттік жер қыртысын пайдалану реестрімен интеграциялау;

-  археологиялық ескерткіштердің жинағын жасаушы негізгі құрал ретінде пайдалану;

-  дайын жобаны қолдана отырып, тарихи мәселелерді сраптап реконструкциялауға археолог және тарихшы мамандарға мүмкіндік беру;

-  аймақтардағы ғылым орталықтарға және мемлекеттік органдарға арнап Гео Ақпараттық Жүйе мамандарын даярлау.

Пайдаланылған әдебиет тізімі (халықаралық ғылыми журналдардағы ең дәйектелінетін мақалалар, кітаптар және потенциалды орындаушының жарияланымдарынан өзге ақпарат көздері)

Корягин С.В., 2000. ГИС по выявлению, учету и охране археологического наследия, возможности по использованию аэрокосмоснимков земной поверхности // XXI Крупновские чтения по археологии Северного Кавказа: тезисы докладов. Кисловодск.

Терехин С.А., Декунец В.А. 2000. Использование спутниковых навигационных систем GPS в локализации памятников археологии // Памятники Югры: вчера, сегодня, завтра. Вып. 1. Томск.

Янишевский Б.Е., Киселев Д.И. 1996. База данных памятников археологии GRAVE. Опыт и перспективы применения // Компьютеры в археологии. М.

Chartrand J.A.H. 2000. New tools and old tasks: surveying with GPS in archaeology // Anglo-Russian Archaeology Seminar: Recording Systems for Archaeological Projects. Bournemouth University School of Conservation Sciences. Research Report 6. Bournemouth and Moscow.

Korobov D., Application of GIS and Aerial Photography in the South of Russia: a case study of the Kislovodsk basin // Aerial Archaeology - Developing future Practice. NATO Workshop, Leszno, Poland, 15/17 November 2000. Abstracts. - forthcoming.

Korobov D., Archaeological prospection in the Kislovodsk basin (South of Russia): GIS and aerial photography // Archaeological prospection 2001. September 19-23, 2001, Vienna, Austria. Abstracts. - forthcoming.

Digital Archaeology: Bridging Method and Theory Авторы: Thomas Laurence Evans, Patrick T. Daly Опубликованоиздательством Routledge, 2006

Основы геоинформатики: В 2-х кн. Кн. 1: Учеб. пособие для студ. вузов / Е.Г.Капралов, А.В.Кошкарев, В.С.Тикунов и др.; под ред. В.С.Тикунова. – М.: Издательский центр «Академия», 2004.

Основы геоинформатики: В 2-х кн. Кн. 2: Учеб. пособие для студ. вузов / Е.Г.Капралов, А.В.Кошкарев, В.С.Тикунов и др.; под ред. В.С.Тикунова. – М.: Издательский центр «Академия», 2004.

Майкл де Мерс, Географические информационные системы. М.: "Дата+", 2000.

Введение в Arc Info версии 7.1.1. М.: "ГИСпроект", 1998.

Введение в ArcView GIS. Рязань.: "РИНФО", 1999.

 А.М.Берлянт, Е.А.Жалковский . К концепции развития ГИС в России. -- ГИС-Обозрение, 1996, весна, с. 7--11.

 А.М.Берлянт, Е.Г.Капралов, И.К.Лурье. Проблемы ГИС-образования в России. -- ГИС-Обозрение, 1994, весна, с. 52--53.

А.В.Симонов. Геоинформационное образование в России: проблемы, направления и возможности развития. -- ИБ ГИС -Ассоциации, 1996, 3, с. 54--55; 4, с. 54--55.

А.Горев, Р.Ахаян, С.Макашарипов “Эффективная работа с СУБД”. 1997 г., С.-Петербург. К.Дейт Введение в системы баз данных М.: Мир,1982.

Т.Тиори, Дж.Фрай Проектирование структур баз данных В 2-х кн. М.: Мир,1985.


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?