Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ашаршылық: саяси акция ма, табиғи катаклизм бе?

29307
Ашаршылық: саяси акция ма, табиғи катаклизм бе? - e-history.kz

Ашаршылық: саяси акция ма, табиғи катаклизм бе?

Мемлекет тарихы институтының мәжіліс залында өткен «1930 жылдары КСРО-дағы «Ашаршылық» пен «Террордың» ауқымдылығы мен ықпалын түсіндірудегі жаңа көзқарастар» атты халықаралық дөңгелек үстелде дәл осы сауал тікелей қойылды және екі жақты көзқарастардың пікірталас тақырыбына айналды. Екі жақ дегеніміз, Ұлы зұлматтың 80 жылдығына арналып, Ғылым күні шаралары аясында өткізілген дөңгелек үстелде «Назарбаев университеті» ғалымдары, атақты профессор Стивен Уиткрофт (Ұлыбритания), Даниель Росс (АҚШ), Беатриче Пенати (Италия) және Бүркіт Аяған басқаратын Мемлекет тарихы институтының ғалымдары еді.

Бірі — КСРО-дағы Ашаршылык себептері экономикалық реформалар мен табиғи катаклизмдерде жатыр (С. Уиткрофт) десе, бірі — олсаяси реформалармен акциялардың, Қазақстан мәселесінде — ұлттық дәстүрлі өмір сүру формасының қасақана бұзылуы мен коллективтендірудің кәмпескелеу және қатаң жазалар қолдану арқылы жүргізілуінен (профессорлар Қабылдинов Зиябек. Мұсағалиева Арайлым) деген көзқарасты ұстанды.

Жиынның бас қонағы Стивен Уиткрофт неге дәл сол уақытта, дәл сол жерде — КСРО-да ашаршылық болғанына таңғалатынын жасырмады. Оның зерттеулерінің нәтижесі бойынша, сол жылдары (1927-28-29ж.ж.) КСРО ең бір заманауи агротехникалармен және жасанды ұрықтандырудың үздік үлгілеріне ие болды. Сонымен қатар ірі қара мал басының ерекше көптігі және жердің құнарлылығымен өнім беру сапасы анағұрлым жақсы болғанын айтады. Мұндай факторлар ашаршылық болу мүмкіндігін жоққа шығаруга тиісті еді. Ал коллективтендіруге бару қаншалықты қажет болғандығын түсіне алмайтынын баса айтты. Профессор Стивен Уиткрофт ашаршылықтың себебін басқарушы биліктің жалған цифрлар көрсетіп, бесжылдықтардың — саяси насихат үшін жасалған науқандық шаралар ғана болғандығынан, сондай-ақ коллективтендіруді құрып кеп жібергеннен кейінгі жылдары (1930-31-32-33 ж.ж.) қуаңшылықтың орын алуынан іздеді. Профессордың КСРО-дағы ашаршылықтың Қазақстан өміріндегі себебі мен салдарын үстірт білуі, Қазақстан архивтері материалдарымен таныс болмауы отандық ғалымдардың шамына тиюі де таңсық емес. Отандық ғалымдар қазақ халқы өзінің ұлттық тарихында дәл сол жылдардағы жұттардан да ұлы жұттарды, әсіресе, Қоян жылдарында қайталанып отырған ұлы жұттарды басынан кешіргенін, бірақ соның бірде-бірінде 2 000 000 халықтың қырылмағанын тілге тиек етті.

Жартылай көшпелі өмір салтын ұстанған сол кезеңдегі халықтың қолындағы тіршілік етудің жалғыз көзі — малды тартып алуы және жайылымдағы малдың жерден-жерге ауысуды көтермей жерсінбеуден қырылуы, шекара асып, бас сауғаламақшы, малды сақтап қалмақшы бол-ғандарды қырып тастау — халықтың қырылуына алып келгенін тағы айтты. Ал астық өнімдерін негізгі асы етпеген халыққа бидайдың шыкпай қалуы кауіп төндірмегенін де айтты.

КСРО-дағы ұлы аштық Қазақстанды, Украинаны, төменгі және жоғарғы Еділ бойын, Оралды, Солтүстік Кавказды қамтыған еді. Кейінгі деректер бойынша 7 миллион адам қырылса, соның 2 миллионы-қазақ халқы, үш миллионы — украин халқы болды. Тәуелсіздіктерін алғаннан кейін, әсіресе, соңғы жылдары қабырғасы кайысып, ұлы жұттың ақиқатын айтуға осы халықтар тарапынан байқалған аса белсенділікті түсінуге болады. Мәселен, 2009 жылы Еуропа Парламенті Ассамблеясы Кеңесінің комиссиясы КСРО-дағы 1930 жылғы Ашаршылық туралы баяндамаға бұл ашаршылықтың украин халқына жасалған геноцид деген өзгертуді енгізуден бас тартқан болатын. Дәл сол жылы Ресейде Владимир Козлов бұл ашаршылық тек украин халқына ғана емес, бүкіл КСРО халықтарына жасалған сталиндік жүйенің қылмыстық саясаты және саяси реформаның үлкен қателігі екендігі жөнінде баяндама жасаған.

Дөңгелек үстелде Бүркіт Аяған өзі басқарып отырған институт ашаршылық-тың ақиқатын және оның қазақ халқының саяси-мәдени өмірі мен демографиялык жағдайына тигізген әсері жайлы үлкен ғылыми енбектің даяр болғанын әрі жақында жарық көргенін айтты.

Мәлімет БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтынан берілді.


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?