Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Үш тілде жарык көрді

29301
Үш тілде жарык көрді - e-history.kz

ҮШ ТІЛДЕ ЖАРЫҚ КӨРДІ

2012  жылдың мамыр-маусым айында Астана қаласында  өткен Ашаршылық құрбандарын еске алудың 80 жылдығына арналған «Қазақстандағы ашаршылық: халық қасіреті және тарих тағылымы» атты халықаралық ғылыми конференцияның материалдары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жеке жинақ болып шықты.

  Отандық және шетелдік зерттеушілердің ғылыми баяндамалары топтастырылған жинақ, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына ескерткіш» монументінің ашылу рәсімінде сөйлеген сөзімен ашылды. Одан кейін пленарлық мәжілісте сөз алған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы М.Құл-Мұхаммедтің, Білім және Ғылым министрі Б.Жұмағұловтың, Мемлекет тарихы институтының директоры Б.Аяғанның және басқа ғалымдардың ғылыми мақалалары мен сөздері, сондай-ақ, «Зұлмат заман» (Зобалаң) фильмі мен «1932-1933 жылдардағы ашаршылық ақиқаты» атты кітаптың материалдары ұсынылды.

  Жинақтың соңғы бөлімінде тарихи маңызы бар ғалымдар кездесуінен кейін туындаған ойлар берілген. Зерттеу әдістемесіндегі  өзгешеліктерге, сандық  сәйкессіздіктерге қарамастан, ғалымдардың бәрі «XX ғасырдың 30- жылдарындағы алапат ашаршылық кеңестік биліктің солақай саясатының салдарынан болды» деген ортақ қорытындыға келді.

  Бұл жинақтың беттерін парақтай отырып, өткен тарихымызға терең бойлайсыз, тың фактілерге қанығасыз. Жинақтың болашақ ұрпақ үшін ғылыми- танымдық маңызы өте зор.

Мәлімет  ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтынан берілді.


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?