Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қоғамдық саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету тетіктері

29292
Қоғамдық саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету тетіктері - e-history.kz

Жүргізілген ұйымдстыру-дайындық жұмыстары нәтижесінде семинарға 27 таңдаушы қатынасты. Бөлу қағазын орындағандар - Алматы облысы – 6 тыңдаушы, Жамбыл облысынан – 3 тыңдаушы, Оңтүстік Қазақстан облысынан 5 тыңдаушы, Қызылорда облысынан – 2 және Алматы қаласынан – 11 тыңдаушы қатысты. Семинар жұмысына «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орындасары Махамбет Бейдали қатысты. Дәріскер ретінде белгілі ғалым-саясаткерлер сөз алды, олар: Абылайхан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, филоф. ғ. д. профессор, Саясаттану ғылымдары академиясының академигі С. Бөлікбеев; «әл-Фараби» атындағы ҚазҰу «Соцология» кафедрасының профессоры, әлеум. ғ.д. профессор К.Биекенов; «Нұр Отан» ХДП жанындағы Құқықтық кеңес мүшесі, «әл-Фараби» атындағы атындағы ҚазҰу «Азаматтық және кәсіпкерлік құқық» кафедрасының профессоры, заң ғ. д., Т.Шиқтыбаев, «АсСалазар» Лингвистика орталығының басшысы Т.Аймағанбетова; Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері, Алматы қ., және Алматы облысының Түркімен қоғамдық-мәдени орталығының Төрағасы Г.Аннакулиева; Д.Қонаев атындағы университеттің конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң. ғ.д., профессор Қ.Айтхожин және Абай атындағы ҚазҰПУ «Халықаралық құқық» кафедрасының доценті, заң ғ.к. К,Құжекеев т.б. Семинар бағдарламасында тыңдаушыларға мына: «Партияның Қазақстан қоғамдық-саяси тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлі», «Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық жаңғырту шеңберінде кәсіпкерлікті дамыту», «Қоғамның саяси тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында діни бірлестіктер мен ұйымдардың қызметін реттеу», «Қазақстандық қоғамды жаңғыртудың әлеуметтік институттары мен тетіктері», «БАҚ-тың Қазақстан тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі», «Қоғамдық-саяси тұрақтылықты конституциялық-құқықтық қамтамасыз ету», «Жария шешендік шеберлігі» т.б. баяндамалар сияқты өзекті тақырыптар ұсынылды. Сабақтар тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын туғызды. Бірінші күні аттестациялық комиссия мүшелері инновациялық жобаларды (ИЖ) қарап, оларды пысықтау бойынша ескертулер мен ұсынымдар берді. Тыңдаушылар бұл кемшіліктерді олардың негізгі жұмыстарындағы жүктеменің көптігі салдарымен түсіндірді.     


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?