
Экономика институты – Қазақстан Республикасындағы іргелі экономика ғылымы саласы бойынша жетекші ғылыми-зерттеу институты.
Оның негізі 1952 жылы Ғылым академиясының құрамында қаланған. Бұл Институтты ұйымдастыру іргелі экономикалық өзекті мәселелерді зерттеудің және Қазақстанның даму болашағын ғылыми негіздеудің аса қажеттілігінен туындаған еді. Институттың қалыптасуы мен дамуына, іргелі және қолданбалы экономикалық зерттеулерді жүзеге асыруға Қазақ ССР Ғылым академиясының академиктері С.Б.Бәйішев, Т. Әшімбаев, А.Қ.Қошанов, Қазақ ССР Ғылым академиясының мүше-корреспонденттері С.Е.Толыбеков, Чуланов, P.M. Петухов, О.Б. Баймұратов, экономика ғылымдарының докторлары, профессорлар М.Г. Исаева, З.Қ. Қарғажанов, К. Қажымұратов, С.С. Сатыбалдин, П.С. Шим және тағы басқа да көптеген республиканың жетекші экономист-ғалымдары елеулі үлес қосты.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Qazaqstan tarihy порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. mail@e-history.kz 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)