Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Әл-Фарабидің «ұстаз» ілімі және Н. Назарбаев тұлғасы

29145
Әл-Фарабидің «ұстаз» ілімі және Н. Назарбаев тұлғасы - e-history.kz

Қазақ мемлекеті өз тәуелсіздігінің 20-жылдығын атап өтуде. Осы жылдар ішінде қол жеткізген жетістіктеріміздің қомақты екендігі күмән тудырмас. Ел Президенті Н. Назарбаев 2011 жылдың 8 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президенті қызметіне кірісуі салтанатында сөйлеген сөзінде атап көрсеткендей: «Тағдыры тұтас, тілегі ұқсас Қазақстан халқы осы кезеңде ғасырлық мәні бар ғаламат табыстарға жеткізіп отыр. Біз Алтай мен Атырау, Арқа мен Алатау арасындағы ұланғайыр далада бірлігі бекем, ұлысы ұйысқан, қуатты мемлекет құрдық. Құбылған заманда құбыласынан жаңылмаған Қазақстан дамудың өзіндік даңғыл жолына түсті. Аз уақытта алапасы артқан алаш жұрты әлеуеті асқан, дәулеті тасқан, іргесі берік, беделі зор айдынды елге айналды. Батыс пен шығысты жалғаған еліміз өркениеттер үндестігінің жерұйық биігі саналды. Есілдің бойындағы еңселі Елордамыз Еуразиядағы байсалды тұрақтылықтың алтын арқауына балан-ды. Ізгілік нұрын шашқан Астана рухы күллі әлемге бейбітшілік пен келісімнің киелі кілтін ұсынды. Биыл ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтетін Қазақстан осылайша жасампаз жаңа дәуірге қадам басты» [1]. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып, дамуы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев тұлғасымен тығыз байланысты. Адамзат тарихына көз жіберсек, қоғам немесе мемлекет түбегейлі өзгерістерге ұшырап, қиын-қыстау кезеңді басынан кешкен уақыттарда халықты соңынан ертіп, жаңа қадамдар мен істерге бастайтын адам - көшбасшы міндетті түрде қалыптасқан екен. Ол адам басқалардан өзгеше, ерекше қасиеттерге ие және жауапты шешімдер қабылдаудың қиын да күрделі жүгін өз мойнына батыл артады. Елдің басшысы қандай болуы керек, оны басқа азамат-тардан ерекшелендіретін қасиеттер қандай деген сұрақтар философтарды көне замандардан бастап-ақ толғантқан екен. Платонның пікірінше, мемлекетті басқарушы адам табиғатынан философ, білімге құштар, әділ, өтірікке қарсы және ақиқатты сүйетін адам болуы тиіс. Себебі мұндай басшылар басқалар көре бермейтін реттелген, әділетсіздік жасамайтын, одан зар-дап шекпейтін, тәртіп пен мәнге толы мінсіз, идеалды болмысты көре алады және осы болмысты адамдардың жеке қоғамдық болмысына енгізеді. Платонның пайымдауынша, осындай бас­шылар тарихты өзгерте алады, мемлекетке ие бір ғана осындай адамның пайда болуы бұл адамның басқалар сенбейтін нәрсені жүзеге асыруына жеткізеді. Платон мемлекеттік құрылымдардың өзі философ-көшбасшылардың табиғатына сай болуы керек дей отырып, олардың «табиғатынан есте сақтағыш, танып-білуге қабілетті, кең пейілді, сонымен қатар ақиқатпен, әділеттілікпен, батылдықпен, парасаттылықпен дос» секілді қасиеттерін атап көрсетеді [2, 100]. Платонның осы ойларының жалғасын әл-Фарабидің Ұстаз ілімінен көруге болады. Оның пікірінше, ең ұлы игілік пен ең жоғары жетілуге дамудың төмен сатысындағы қоғам емес, тек қала ғана қол жеткізе алады: «Ізгілікке оның табиғатына орай тілек пен еркін таңдау арқылы қол жеткізілетіндіктен, оған қызмет ету мүмкіндігіне әрбір қала ие. Бір-біріне көмектесу арқылы бақытқа қол жеткізу мақсатымен адамдар бірлестігінен тұратын қала - ізгілікті қала, ал бақытқа жету үшін адамдар бір-біріне көмектесетін қоғам - ізгілікті қоғам. Бақытқа жету үшін адамдарының бәрі бір-біріне көмектесетін халық - ізгілікті халық» [3, 397].Әл-Фараби ізгілікті қаланы жетілген, сау денеге теңейді. Оның мүшелерінің бәрі дене өмір сүруге қабілетті және бұл өмір толық болсын деген мақсатпен олар бір-біріне көмектеседі. Дене мүшелерінің орналасу тәртібі мынадай: басты мүше - жүрек, ол бәрін басқарады, одан кейінгі басқыштарда мүшелер дененің өмір сүруін қамтамасыз ету дәрежесіне қарай орналасқан, олар сатылап, бірі екіншісіне бағынады. Ең төменгі сатыда - ештеңені басқармайтын, тек қызмет ететін мүшелер.Қаладағы адамдардың алатын орны да дәл осы үлгімен бірдей. Басшы адам, әрбіреуі өздерінің орындары мен қабілет-теріне қарай басшының көздеген мақсатын жүзеге асыратындар, ең соңында оларға ешкім қызмет етпейтіндер, керісінше, олар басқаларға қызмет етеді. Қала тұрғындарының дене мүшелерінен айырмашылығы - олар жігерге ие және бір адам өзінің басқа адам-дарда жоқ қасиеттері арқылы келесі бір адамға пайдасын тигізеді. Әл-Фарабидің пайымдауынша, дене мүшелерінің арасында жүректің ерекше орынға ие, ең жетілген және аяқталған екендігі секілді, қаланың басшысы өзіне тән қасиеттер бойынша қала бірлестігі мүшелерінің арасындағы ең жетілгені және өзі басқарып отырғандардың бәрінен жоғарысы. Жүрек басқа мүшелердің, ал басшы қалалық бірлестіктің, оның мүшелерінің бойында жігерден туындайтын қасиеттердің себебі, сондықтан да қаладағы адамдарды - жүректің дене мүшелерін түзеп отыратыны сияқты - басшы түзеп отырады. Басшының қала бірлестігінің мүшелеріне қатынасы Алғашқы бас-таудың (Первопричина) басқа заттарға қатынасының негізінде қалыптасады. Материядан азат нәрсе Алғашқы бастауға жақын орналасады, одан кейін - аспан денелері, олардан соң - материалдық денелер. Осы заттардың бәрі Алғашқы бастаудың ізімен жүреді, оған ұқсауға тырысады., бірақ әр нәрсе өз ретімен. Мысалы, ең төмені өзінен жоғарыға, ол өз кезегінде өзіне жоғарыға және т.с.с.

Қала бірлестігінің мүшелері де осы ретпен қаланың бірінші басшысына әркім өзінің дәрежесіне сай бағынады. Кез-келген адам кездейсоқ қала басшысы бола алмайды. Басқару екі нәрсеге байланысты: адам табиғатынан басқаруға дайын болуы тиіс, екін-шіден, оның орны және жігерден туындайтын қасиеттері болуы қажет. Басқару ісі табиғатынан оған бейім адамның маңдайына жазылады.Басқаруды әл-Фараби өнер деп атайды және бұл кез-келген өнер емес. Мұндай адамды басқа еш адам басқара алмайды, ол басқа ешкімге қызмет етпейді, ол ең жетілген және іс жүзіндегі ақыл-ой мен ұғым. Бұл ақыл-ойдан ешқандай да ұғым сырт қалмайды. Оның иесі жетілген жан және іс-әрекеттегі ақыл-оймен ұласқан. Қаланың мұндай басшысы - имам, Ұстаз, ізгілікті халықтың және жердің қала мекендеп отырған бөлігінің басшысы, адами жетілудің ең жоғары сатысына жеткен және бақыттың шыңында. Ол бақытқа жету үшін қажетті кез-келген әрекетті біледі. Бұл басшы болудың бірінші шарты. Сонымен қатар, ол білетін нәрсесін жақсы және бейнелі түрде басқаларға жеткізе білуі тиіс. Тереңдеп талдасақ, әл-Фараби «Ұстаз» іліміне қатысты көптеген мәселелер біз үшін аса өзекті болып отыр және «Ұстазға» тән қасиеттер мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың тұлғалық қасиеттерінің арасындағы ұқсастықтарды табуға болады. Тәуелсіз Қазақстанның анықтамасын Елбасы «Біз әл-Фараби аңсаған ізгілік қаласын салып, парасатты қоғам орнатудамыз» деп, дәл берді [4]. Әл-Фараби қала басшысының бойында міндетті түрде болуы тиіс он екі қасиетті баяндайды. Ең бастысы - оның дене мүшелері шыныққан, сау, қажетті кез-келген әрекетті жеңіл атқаратын болуы керек. Шынында да, денсаулық - бірінші байлық. Бұл қағиданы дүниежүзіндегі барлық дерлік мемлекеттердің қазіргі басшылары жақсы ұғынған. Елбасының денені шынықтыру, спортпен айна-лысу істеріне айрықша көңіл бөлетіні жақсы белгілі. Ол спорттың теннис, шаңғы, жеңіл атлетика, гольф және тағы басқа түрлерімен шұғылданады. Жастармен кездесулерінде Н. Назарбаев оларды салауатты өмірге шақырып қана қоймай, өзі басқаларға үлгі болып жүр. «Назарбаев Университетінде» сөйлеген сөзінде ол: «Қазіргі заманда табысты болу дегеніміз мықты денсаулыққа ие, шыдам-ды және күшті болуды білдіреді. Жаңа университеттің қасындақазіргі заманғы спорттық кешендер салынған, ...бұл студенттердің, оқытушылардың және қызметкерлердің денсаулығын күшейтуге тамаша негіз. Әлемнің үздік университеттері өздерінің спорт ко-мандаларымен әйгілі. Жаңа университет еліміздің спорт қозға-лысына және дүниежүзілік Универсиадаларға белсенді қатысуы тиіс» деген болатын [4]. Екіншіден, Ұстаз өзіне айтылып отырған нәрсені жақсы түсіне білу және істің мән-жайын көз алдына елестете алатындай қабілет-ке ие болуы тиіс. Бұл әл Фараби айтқан жетілген ақыл-ойдың қасиеті. Байқап жүргеніміздей, осы қасиет Елбасының бойында молынан. Оның алдынан мыңдаған адамдар өздерінің мыңдаған ойларымен, істерімен өтеді. Соның бәрінің тереңіне бойлап, эко-номика, ғылым, өнер және тағы басқа салалардың мәселелерін жақсы түсініп, белгілі бір шешімдер қабылдап жүргені белгілі. Ұстаздың тағы бір маңызды қасиеті - ол өзі түсініп, көріп, естіп және қабылдап отырған нәрсенің ештеңесін де ұмытпай, есінде сақтауы. Осы қасиет Нұрсұлтан Әбішұлының бойынан ерекше байқалады. Бір ғана мысал: өзі кезінде негізін салған «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алып, кейін елге оралған жастармен әңгімелескенде осыдан бірнеше жыл бұрын болған сұхбат кезінде көтерілген мәселелерді ұмытпай, оларды әрі қарай өрбітіп, керісінше, жастардың есіне өзі салып отырғанына талай рет куә болдық. Әл-Фараби имам-Ұстаз «анық сөзге ие және ойлаған нәр-сесінің бәрін толығымен айқын жеткізе алатын, оқуды және танып-білуді сүйетін, оқудан шаршамайтын және осы іске қажет еңбектенуге қиналмайтын болуы тиіс» - дейді» [3, 403]. Елбасы-ның шешендігі бәрімізге аян. Қай деңгейде болмасын, ол қазақ және орыс тілдерінде мүдірмей, екі тілде бірдей сөйлеп, өз ойын шетелдіктерге де, отандастарына да анық та айқын жеткізеді және соңғы жылдары шет тілдерді меңгеруге көңіл бөліп отыр.Елбасының оқуды, танып-білуді сүйетіндігі күмән тудырмай-ды. Ол «Ғасырлар тоғысы», «Бейбітшілік кіндігі», «Тәуелсіздік белестері», «Жүз жылға татитын он жыл» және тағы басқа қомақты, терең мазмұнды еңбектердің авторы. Президент философиялық туындыларды оқуға ерекше көңіл бөлетіндігін атап өткен жөн және бұл еңбектерден үзінді-мысалдарды, сілтемелерді өзінің қаламынан шыққан кітаптарында ғана емес, мақалаларында, көпшіліктің алдында сөйлеген сөздерінде үнемі келтіріп отыра-ды. Бұл қасиет Платонның «мемлекетті философ басқаруы тиіс» деген идеясымен ұштасып жатыр. Сократ, Платон, әл-Фараби жанды тәннен жоғары қойып, адам өз өміріде жанның қамын көбірек ойлауы қажет деп пайымдаған болатын. Президентіміздің жаны нағыз қазақы, ол қазақтың тілін, мәдениетін, әсіресе халық ауыз әдебиетін, музыка өнерін өте жақсы біледі. Оның «Жерім менің», «Үшқоңыр», «Елім менің» шығармалары халықтың арасында кең тараған өнер туындыларына айналды. Ұстазға тән тағы бір қасиет: «өзі қажетті деп есептейтін нәрсені жүзеге асыруда батыл болу және ержүрек, үрейлену мен қорқақтықтың не екенін білмеу» [6, 95]. Бұл қасиет ел басқарушы адамға ерекше қажет қасиеттердің бірі, себебі ол бүкіл мемлекеттің, тағдырын шешеді, аумалы-төкпелі заманда қиын да батыл қадамдарға баруға тура келеді. Осындай ержүректікті Н.Назарбаев Қазақстан мемлекетінің астанасын Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшіру туралы шешім қабылдау ісінде байқатты. Өзі Астананың 10 жылдығына арналған салтанатта «Елдегі экономикалық ахуал едәуір күрделі болып тұрған 90-шы жылдардың басында бізге бәрінен бұрын өзіміздің күшімізге сенімді орнықтыру қажет еді. Қазақстанды қуатты да өркендеген мемлекетке айналдыра аламыз деген сенім керек еді. Қазақстан халқының шексіз мүмкіндігін бейнелейтін жаңа астана туралы ой маған дәл сол кезде келген болатын. Бұл идеяны жүзеге асы-ру үшін ауқымды жұмыс атқаруға тура келді. Жаңа елорданың таңдауы Астанаға түскеннен кейін бізге елдің саяси элитасын осыған сендіру қажет болды. Мен мұндай қадамның мемлекеттік қажеттіліктен шығып отырғандығына кәміл сендім, осы идеяны нық қорғадым. Көптеген адамдар бұл мәселені талқылаудың кезі келген жоқ деп санады, кейбіреулер тіпті қажеті жоқ десті. ...Шынында да 90-шы жылдардың ортасында тың даланың төсінде көк тіреген үйлер бой көтеріп, осы заманғы қала салынатынына сене алғандар болды ма екен. Алайда, бұған біздің «шама-мыз» жетті» [5] - деп баяндағанындай, осы жолы Елбасы полис-мемлекеттің басшысы - Ұстазға тән батырлыққа ие екендігін тағы да дәлелдеді. Бұл қадамның дұрыс болғандығын уақыттың өзі көрсетті, Астана аз ғана жылдар ішінде гүлденген, болашағы зор, еуропалық типтегі қалаға айналды. Әл-Фарабидің «Ұстаз» іліміндегі Ұстаз немесе имам мен Н. Назарбаевтың тұлғалық қасиеттерін салыстыра сараптай отырып көз жеткізгеніміз - әл Фарабидің мемлекет басшысы туралы ойлары әлі күнге дейін өзекті және тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің Тұңғыш президенті Н. Назарбаевтың бойындағы көшбасшылық тұлғалық қасиеттері көне түркі ғұламасы ілімімен сабақтас та үндес. Әл Фараби кезінде «Мұның бәрінің бір адамның бойынан табылуы - қиын зат, сондықтан табиғат оларды сыйға тартқан адамдар өте сирек кездеседі және өте аз. Сондықтан да мұндай адам ізгілікті қалада кездессе және ол ержеткенде оның бойын­да жоғарыда аталған қасиеттердің бесеуі немесе алтауы жүзеге асқан болса, онда ол осы қаланың басшысы болады» - деген екен [3,405]. Бірақ әл Фараби басшылық даналықты жоғалтса, басқа қасиеттер болған күнде де, ізгілікті қала басшысыз қалады және ол күйрейді деп ескертеді.Мемлекет басшысы туралы арнайы еңбектің авторы Н. Макиавелли басшы атқаратын негізгі үш қызметті атап көрсеткен екен: 1) Қоғамда тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз ету; 2) әртүрлі мүдделер мен топтардың интеграциясын жүзеге асы-ру; 3) халықты жалпымаңызды міндеттерді шешуге жұмылдыра білу [7,45]. Біздің Президенттің бойында әл Фараби айтқан қасиеттердің басым көпшілігі бар, ол даналыққа ие және Н. Ма-киавелли айтқан үш міндет те қазіргі күнде орындалып отыр. Сондықтан да осындай Ұстаз басқарып отырған қазақ елі жаңа табыстарға жете береді деп сенеміз.

Әдебиеттер

1.Назарбаев Н.Қазақстан Республикасы Президенті қызметіне кірісуі салтанатында сөйлеген сөзі // Егемен Қазақстан. - 2011. - 9 сәуір.

2.Нұрышева Г.Ж.Философия тарихы. - Алматы: Зият-Пресс. 2004. - 180 б.

3.Аль-Фараби.О потребности человека в объединении и взаимопомощи/ Степанянц М.Т. Восточная философия. - М., 1997.- 511 с.

4.Назарбаев Н.«Назарбаев Университетінде» 2010 ж. 7 желтоқсанда сөйлеген сөзі // һир://уу\ллл/.акогсІа.к2

5.Назарбаев Н.Ә.Астананың 10 жылдығына арналған сал-танатты жиналыста сөйлеген сөзі // Егемен Қазақстан. - 2008.- 6 шілде.

6.Нұрышева Г.Ж.Философия. - Алматы, 2006. - 204 б.

7.Макиавелли Н.Государь. - М., 2004. - 478 с.


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?