Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Тұлпар тұяғының ізі

29120
Тұлпар тұяғының ізі - e-history.kz

Тұлпар тұяғының ізі

«Тенгрианство: мифы и легенды древних тюрков» атты О. Жанайдаровтың кітабынан, жылқы малына байланысты қазақтардың кейбір салт-дәстүрлері мен сенімдері. 

Қазақстанның түрлі өңірлерінде «тұлпар тұяғының ізі» деп аталатын тастағы ат тұяғының бейнесіне табыну жорасы бар. Ал Марғұлан жергілікті қазақтардың Беғазы тауларында, Сарыарқада Манас батырдың аты, тұлпар Аққұлдың ізі бар екендігі туралы аңызды сипаттайды. Г. Спасский 1818 жылы шығарылған, өз еңбектерінде Ертіс өзенінің жартасында адам және жылқыға тиесілі іздердің таңбасын бейнелейді.  

«... Адам табаны мен жылқы тұяғының бейнесі Ұлытау ауданында, Арғынаты тауында, Сарысу алқабында және Қарқаралы тауларында тіркелген. Жылқы тұяғының бейнесі бар тастарды барлық жерлерде тұлпартас деп атайды...».

Маңғыстаудағы Масат-аты мешітінің маңында дөң үстінде жалаңаяқ адамның және құлыны бар биенің іздері әдемі басып шығарылған. Аңыз бойынша, Масат түрікмендер арасында құрметке бөленген, қадірлі адам болған. Дұшпандар онымен ашық түрде қарсы шығуға, жекпе-жекке шығуға қорқып, мешітте намаз оқып жатқан кезде жауыздықпен артынан келіп, басын шауып тастаған. Ызаланған Масат өз басын шапанының етегіне салып, дұшпандардың артынан қуады. Бие құлынымен бірге иесінің қасіретін көріп, артынан шауып барады. Аңдаусызда зұлымдардың қолынан қаза тапқан Масаттың өліміне тас та енжар бола алмады. Сол кезден бастап таста Масат пен оның биесі мен құлынының іздері қалды. Масат-ата бейітінде әлі күнге шейін бала көтере алмаған әйелдер дұға оқып, олар бие мен құлынның ізі қасиетті де құдіретті деп санап, қолымен сипап, маңдайына басады.

Қазақтың мақал-мәтелі «Тұлпардың ізі өшпейді» деген тұлпар-сиқырлы жүйріктің тұяғы – өте қатты, сол себептен оның ізі өшірілмейді. Тастағы жылқы ізіне табыну, ат тұяғының ізін қастерлеу дала магиясы элементтерінің бірі.

Егер де біреулердің жалғыз ұлы болса, оны Тұяқ, Тұяқбай деп атайды, себебі ол әкесінің жалғыз ғана мұрагері. Сом күміс – жамбыны тұяқ нысанында жасайды. Осының барлығы жылқы тұяғының қасиетті күшіне магиялық сенімімен байланысты.
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?