Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Көне түркі жазбасы

29084
Көне түркі жазбасы - e-history.kz

Көне түрік жазбасын сәйкестендірудің проблемасы – күрделі де қиын проблемалардың бірі, осы тақырып бойынша қайнар көздердің тапшылығымен ғана емес, көшпенділерде жазба мәдениеті жазба (шын) әдебиеті бар болуын көптеген жағдайларда соңғы уақытқа дейін теріске шығаратын ғалымдар тобының көп ғасырларға созылған теріс түсінігімен ауырлатқан. Осы мәселені дұрыс түсінуіне елеулі зиян келтірген ХІХ ғасырдың шығыстанушы-ғалымдары еді, олар ежелгі түрік халықтарының кітап (баспалық) өнімін таба алмай, олардың болмағаны туралы қорытынды жасап, соның ішінде көшпенділерде мәдениет тіпті болмаған деп тұжырымдаған. ХІХ ғасырдағы Қазақстанның тарихы мен мәдениетін осы зерттеушілердің ішіндегі кереметі А.Левшин былай деп жазады: «Тұрмыс салты, әдет-ғұрыптары, тіпті діні де қырғыз-қазақтардың білімді болуға мүмкіндік бермейді. Олардың барлық білімі бірнеше әлсіз ғана нұрдан тұрып, адамды еркісіз нұрландырады, бірақ аз да болса ойланады, қиялы да баршылық, қоршаған орта заттарының әсерін қабылдаса да, олардың түсінігі ескі наныммен бұзылған. Өз тілдерінде оқып, жаза алған ғалым болып саналады, жалпы алсақ олар сауатсыз». «Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей». Алматы: Санат, 1996, 350 б.). ХІХ ғасыр басындағы осы шығыстанушының дала көшпелілерінің мәдениеті туралы бірбеткейлігі мен шәлкез пікірі соншалықты, өзі жазған кітаптың ең басында: «Қайсақ» немесе «қасақ» сөздері «қазақ» сөзінен шыққан, кейбір шығыс жазушылары сендіргендей, Христостың Рождествосынан әрі таман шыққан» дегенді ұмытады. (135 б.).

Сол себептен өткен ғасырдағы қазақ даласының құрметті зерттеушісі, А.С. Пушкиннің замандасы,  Христостың Рождествосынан әрі таман болған оқиғаларға, яғни «біздің ғасырымыздан бұрын» жалпыға түсінікті датаға сілтесе, біз де ғасырлар тереңіне көз жүгіртейік, егер «қасақ, қазақ, қазах» көне сөз болса, көне түрік жазбасы да сөз сияқты ежелгі болуы тиіс.

О.О. Сүлейменовпен «Бехистун жазбасын» жаңаша оқуы «Жазба тілі» кітабында «Скунха сак» деген «Скун хасак» екенін білдіреді, осы екі сөз басқа сөздерге бөлінген, біз А.И. Левшин өз еңбегінде келген шешімге келеміз, ол шығыс жазушыларына сүйенген... Иә «қасақ, қазақ, қазах» сөздерінің біздің ғасырымызға дейін этноним сияқты, ұқсастығы болған, себебі парсы патшасы Дарий 1 «Бехистун жазбасы» б.ғ.б. 6 ғасырмен белгіленеді. Енді көне қолжазбалар мен кітаптар арасында А.Левшинге және басқа да шығыстанушыларға танымал болғанды табып, онда «қазақ» сөзінің этнонимін табу керек.

Уақытында ежелгі қытай тарихшылары солтүстік көшпенділері ғұндар туралы айтқанда оларды «хасақ» деп атайды. Сол ежелгі қытай жылнамалары көшпенділерде көне жазбаның болуы туралы бірнеше куәландыру қалдырған. Н.Я. Бичурин (о.Иакинф) «Көне уақытта Орталық Азияда мекендеген халық туралы мәліметтер жинағы» атты кітабында бірнеше жерде: «Мемлекет басшысының бейнесі бар күміс ақшасы бар, Жазбаларды пергаминде төте жолмен жазады» деп жазған (59 б.). «Мола алдында қайтыс болған адамның бейнесімен және де бүкіл әскери ерлігі атап көрсетеді, қаріптері Ху (хундар, ғұндар) халқымен ұқсас» (229 б.). және де сол кітаптағы басқа бетте: «Түрік жазбалары «Ху» халқының жазбасына ұқсайды (230 б.) Осы жазбалардың барлығы уақыт аралық кезеңге жаттады, бұл кезде Хундар (ғұндар) империясы ыдырап, ал оның тайпалары мен рулары 2-5 ғасырларда Алтайға көшкен.

Әдетте, жазу-сызу шаруашылық қажеттік туған жерде пайда болады. Мысалға, ассириялық және вавилонның сазды кестелері көбінесе бір немесе екінші тауардың, құмыраның және т.б. бар болуы туралы жазу немесе қарыз жазуы немесе т.б. Көне түріктер осы жағдайда ерекше болмаған, олар «жазба» деп аталатын ағаш тақтайшаларында жазылған, оларда адамдар, жылқылар, берушілер мен малдың саны қашап жазылған. Алайда жазу жалғыз ғұндарда ғана емес, скифтерде де болған. Солай, византиялық тарихшы Менандр түрік елшісі согдийлік Маниах, «скиф жазушыларымен» жазылған қағанның жолдауын әкеледі.

Скиф пен сақтарда «скиф алтыны» және қоржынында сол сияқты ежелгі уақыттың өнер заттары бар, «аң стилі» бұйымдарында бейнеленген, жалпы философия мен мифологияны құрайтын өте бай материалдық мәдениеті бола тұра, жазуы, әліпбиі немесе болмысты жазып-түсіріп алатын өзге де тәсілдер болмады дегенге ешкім мән бермейтініне аң-таң боласың. Тіпті, Ыстықкөл қорғанында өткен 20 ғасырдың 70-жылдарында «Алтын адамның» жанында сақтардың күміс тостағаны табылады, онда жазу бар! Алайда, өкінішке орай, сол жазудың осы күнге дейін жазуы шешілмеген.

Сонымен қатар, Геродоттың сол кезде гректердің өздерімен «жеті данаға» жатқызылған скиф Анахарсисі туралы әңгімесінде және де скиф патшасы Скилдың қайғылы тағдыры туралы новелласында осы скифтер «білімді» адамдар болған деп жазылады, яғни грекше оқып, жаза алған. Себебі Анахарсис скиф жерінен Грецияға, Афинаға данышпан да стратег (қолбасшы) Солонға тек қана білім үшін келген. Ал оны гректерге жіберген скифтердің патшасы. Міне, Геродот осылай жазады. Сонымен, скифтер тарихта тек керемет жауынгерлер ғана емес, жазу мен сауат білген, білімді даналары шыққан халық ретінде қалды.

«Скиф жазуының» болуы әлі де даулы мәселе болғандықтан, грек және скиф мәдениеті бір-біріне әсер еткенін атап өту қажет. Скифтердің басым көпшілігі көшпенділер болған, сол себептен б.ғ.б. 8 ғасырда гректер Қара теңіз маңын отарлай бастайды, өйткені скифтер оларға осы істе еш кедергі жасамаған. Ғылым терминологиясында б.ғ.б. 8-5 ғасырлар кезеңі «Ұлы грек отаршылдығы» деп айтылған, бұл кезде гректер Қара теңіздің жағалауына келіп, онда қалаларды құрған. Қара теңіз маңында көне қалалар мен мемлекеттер пайда болады: мысалға, Милет, Коринф, Ольвия, Фокея, Мегара, Пантикапей, Херсонес және т.б. Скифтер мен көшпенді елдің өзге де тайпалары солтүстікке және солтүстік шығысқа қарай орналасып, гректерге қалаларды бекітуге бөгет жасамай, олармен қарым-қатынасқа түсіп, сауда жасайды. Кейде, көшпенділер әділеттік орнату үшін келімсектерге шабуыл жасайды. Сол шабуылдардың себебі ең алдымен отырықшы гректер шарт бойынша жерге иеленіп, ол үшін жалға алу төлемін төлеуден бас тартқан. «Көшпенділер ең алдымен қарақшылар емес, жауынгерлер шығар, олар соғысты алым-салық үшін жүргізеді. Шынында да, олар өз жерлерін өңдеу үшін иелікке береді, және де орнына белгілі шартты төлемді алғаны үшін қанағаттанады, алайда алған төлемдері ынсапты, байып кету үшін емес, күнделікті өмір қажеттілігін қанағаттандыру үшін алынатын қаражат. Алайда, төлемейтіндермен көшпенділер соғыс ашады. Сол себептен Гомердің осы адамдарды бір уақытта «әділ» және «жарлы» деп атағаны да сондықтан. Шынында да, егер оларға жалға алған жер үшін жалгерлік ақыны төлеп отырса, олар соғысты еш уақытта бастамас еді» (Страбон, «География». 284 б). Б.ғ.б. бірінші мыңжылдықтың ортасына қарай Скифия Грекия үшін астықты негізгі жеткізіп берушіге айналды. Парсы патшасы 1 Дарий, және де содан кейін оның мұрагері Ксеркс, Грекияға шабуыл жасамас бұрын, грек қалаларымен экономикалық тұрғыдан байланысты болған, Грекияның метрополиясы үшін негіз болған Скифияны бейтарап қылуды мақсат етті. Сол себептен парсы патшаларының Скифияға жорыққа шығуы болашақ грек-парсы соғысымен шартталған, парсылар Грекияға астық пен өзге де егін шаруашылығы өнімдерін жеткізетін аудандарды тартып алғылары келді. Сол уақыттан Шығыс Еуропа Батыс және Орталы Еуропаны асыраған!

Көшпенділерде жоғары өнер – қола, темір және алтыннан «аң стилі» аң стилінде жасалған бұйымдар бар болса, көне уақытта жазу-сызудың, жүйелі болмаса да, алайда шаруашылық қажеттілік үшін тәжірибеде болуы, моладағы ескерткіштерде көптеген жазулармен расталады.

Көшпенділерде өз әліпбиі болмағандықтан, олар согди жазбасын пайдаланып, мәтін болса түрік тілінде согди қаріптерімен жазылған. Осындай ескерткіштердің бірі көпшілікке танымал, Маниахтың өкілдік еткенінен 15 жыл өткен соң, Таспар атты (572-581) алғашқы қағанға арнап қорғанда орнатылған  Бугут жазуы. Осы жазбаны оқитындарға үндеу жасағаннан, қағанаттың түрік халқының арасында осы согди жазуы көпшілікке аян екенін байқауға болады, жазуда Таспар-қағанның отыз жылдық қызметі мен қаһармандығы туралы мәлімет бар. Тастың кері жағында санскритте (көне үнді тіліне) аударма жасалынған. Дәл осы Бугут жазбасын ең көне әдеби мәтін деп атай аламыз, өйткені мола тасындағы жазылған жазба – эпитафия - әдеби жанрға жатады!

Дегенмен, көне түрік жазуы, жазу ретінде ғалымдар әлеміне 18 ғасырда қол жетімді болды деп санау көпшілікпен мақұлданған, сол кезде 1 Петрде қызмет ететін, неміс ғалымы Д. Мессершмидт және де оның жол серігі тұтқындағы швед офицері И.Страленберг Енисей алқабында сына жазылған мәтіні бар стелланы табады. Мәтін руна деп аталды, себебі Скандинавиядағы руна жазбасымен өте ұқсас еді. «Руна» құпия жазу дегенді білдіреді. 1889 жылы орыс саяхатшысы, Ш.Ш. Уәлихановтың досы Н.М. Ядринцев жергілікті тұрғындар көмегімен Солтүстік Монғолияда Орхон өзенінің алқабында «руна» жазбалары бар тас стеллаларды табады. Бірнеше жыл өткен соң, осы жазбаны дат лингвисті В.Томсен ашады Сол лингвистпен сәйкестендірілген алғашқы сөз «Тенгри-Құдай». В.Томсон аударған мәтінде Күлтегін және Білге-қаған туралы жазбалар болды.
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?