Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Шапан

29059
Шапан - e-history.kz

Шапан

С.Ж.Асанова, Алматы, "Сымбат" сән академиясы

«Халық костюмінің тарихын зерделеу» мақаласынан.

Шапан - қазақтар киімінің негізгі және ежелгі түрі. Қыпшақтардың тас мүсіндерінде (IX-XIV ғасырларда) оның бейнесі кездеседі. Оны ерлер де, әйелдер де киген. Шапанды айтылып кеткенде, жұмсақ теріден ғана емес, әкелінген жібек, жүн матасынан және мақта-мата кездемесінен де тіккен. Орыс әдеби көздерінде шапанды жиі кафтан деп атайды. Әдемі шапандарды Петербургта қазақ ақсүйектерінің үлкен тобын түсірген А.И. Шпаковскийдің фотосуреттерінде көруге болады. Олардың ішінде – композитор ретінде танымал Дәулеткерей Шығаев, Есет Көтібаров, Махмуд Жантурин кездеседі. Тамбурлап тігілген қымбат матадан жасалған шапандар суретшілер А. Е.Мартынов және Е.Корнеевпен натурадан салынған. Қызыл шұғадан тігілген шапан бейнеленген суретші Бабиковтың суреті көпке танымал. Кейін оны суретшілер К.Ф. Гун және Груссо көшіріп салды. Бұл шапан тамбурлап тігілген. Тігудің негізгі сарыны – ақ-қара сызықтармен көмкерілген және қатарлап орналасқан шоғырланған дөңгелек бойтұмарлар. Әрбір дөңгелектің ішінде (күншуақ белгісінде) ақ жібекпен жұлдыз тігілген, ал шеңбер айналасындағы жолақта – айқара ашылған алақанның бес бейнесі және қойдың төрт жұп мүйізі бейнеленген. Бойтұмарлар арасында ағаштардың бұтағы, гүлдің қауызы, кішкене шырша тігілген. Т. Аткинсон қазақ өміріне байланысты көптеген деректі фильмдер жасаған. 19 ғасырдағы қаза ақсүйектерінің салтанатты киімін ол былай бейнелейді: «Менің қожам қара барқыттан жасалған шапан киген, басында әдемі кестемен тігілген бөрік, ал аяғында биік өкше қызыл былғарыдан жасалған етік. Оның әйелі сары, қызыл және жасыл түстермен әшекейленген жібек шапан киген, осы киім сәнді де салтанатты көрінді... сұлтан басына қалың жібектен тігіліп, күміспен әшекейленген бас киімін киген (тақия)». Ол қызыл күрең түсті жібек шапан киіп, аяғында биік өкше қызыл-қоңыр былғарыдан жасалған етік. Әйелінде кафнадан жасалған қара шапан, ақ бас киім, жоғарыға ұшталған беліне дейін келетін, шеттері әшекейленіп жібекпен тігілген бірнеше лента. Ең әдемі шапандарды әйгілі қазақ ақындары, «сал» - ел кезіп жүрген ақындар мен сазгерлер киген. 1846 жылы шығыстанушы Услар Көкшетауда халық мерекесінің қатысушылар - көп ақындарды кездестіреді. Услардың айтуынша, «олар өте жақсы киінген және «сал» - кербез атағына иеленген. Өздерінің шапанында жақсы көретін түсі – қызыл (немесе қызыл күрең) немесе ашық жасыл. Жалпы, олар өжет кербездер, дала арыстандары, және олардың ойлауынша осы қарапайым киімнен басқа, шапандар мен түрлі түсті жібекпен тігілген күдері шалбарларды ұнатады. Онда ұсақ өсімдіктер мен құстар кестелеп салынады»... 
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?