Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Тарихты зерттеудің көлемдік тәсілі

28854

Жиырмасыншы ғасырдың ортасында батысевропалық тарихнамамен АҚШ-тың тарихнамасында тарихи зерттеудің көлемдік тәсілі кең тарала бастады. Бұл жаңа деректердің жаппай табылуына байланысты еді. Осымен қатар бұрынғы белгілі тәсілдерді қайта ойластыру қажет болды. Бұл жаңалықтар бірінші кезекте экономикалық және әлеуметтік тарихты қамтыды, бірақ жекелеген салалардың біреуі бұл өзгерістерден тыс қалған жоқ. Жиырмасыншы ғасырда тарих ғылымының өзінде назар басым түрде атақты адамдар, жеклеген индивидтерден әлеуметтік көпшілік жаққа қарай ауды. Тарих бұл жерде экономика мен социологияға жақындасты және не олардың тәсілдерін пайдалану немесе олардың жарамдылығын тексеру қажет болды. Сонымен қатар алпысыншы жылдары батыс әлемде компьютерлер арзандап және қолға түсімді бола бастады, сәйкесінше олармен өңделетін ақпараттың спектрі кеңейіп, орындалатын операциялардың көлемі ұлғайды.

Көлемдік тәсілдер кейбір жағдайларда мәселені шешуде анағұрлым нақты ақпарат бере алды. Ал бұрын олар туралы тек жалпылама  бағалау талдаулары жүргізілетін. Мысалы: жаңа заманда бақылаушылардың айтуынша адамдардың бойының өсу тенденциясы көрсетілді, себебі  сол кезде жанұядағы ұлдар мен қыздардың бойлары ата- аналарымен салыстырғанда жоғары болды.  Британдық тарихшылар бұл мәселені шешу үшін әскерге алу туралы құжаттар мен қайырымдылық ұйымдардың материалдарын апйдалаеа отырып бұл тенденцияның нақты іске асуын көрсетті. Олар осы құбылыс он тоғызыншы  ғкасырдың ортасында атлған құбылыс тоқтап , тіпті әлеуметтікң төменгі қабаттарда керісінше жүргенін айқындады. Сонымен қатар аристократия мен кедейлердің бой мөлшері арасында үлкен айырмашылық болғанын айшықтады. Жуық уақытқа дейін Жаңа әлемге әкелінген африкалықтардың саны шамамен он бес он тоғызыншы ғасырлар арлығында он бес жиырма миллион деп саналды. Және бұл көрсеткішщ негізінде тек болжамдар бойынша айтылды.. Содан кейін Филипп Куртин  «Атлантическая работорговля: перепись» (1969) атты зерттеуінде әртүрлі кезең мен аудандар туралы деректерді пайдалана отырып  8 – 10, 5 млн құлдар болғанын анықтады. Бұл мәселе төңірегінде дискуссия жалғасуда, бірақ енді аталғакн санның төңірегінде. Тек көлемдік анализ сонымен бірге әртүрлі құбылыстар бойынша бақылаушылардың келтірген деректерін тексеруге мүмкіндік жасады. Мысалы: жиырмасыншы ғасырдың басында көптеген британдық жұмысшылардың көбі сауатты болды немесе ағылшын әйелдері тұрмысқа кеш шығатыны туралы мәліметтерді тексеру сияқты. Көлемдік тәсілдің сапалық белгілері туралы талқылаулар модификация мен нақтылауға ұшырады. Бұл тек жалпы тенденцияларды ғана емес, сонымен бірге вариациялар мен қосымшаларды анықтауға мүмкіндік жасады..  Көлемдік тәсілдер негізінде көптеген ірі қоғамдығ үрдістер мәселесін шешуге мүмкіндік туды. Мысалы  он сегізінші ғасырда қандай факторлар дың әсерінен  Англияда халық санынң өсуі жүрді және бұл үрдістің сандық көрсеткіші қандай. Зерттеушілер атаулы мәселерді шешуде тар арнаулы статистикалық тәсілдерге сүйене бастады және көптеген  баспа органдарындағы басылымдар, атап айтсақ  «Economic History Review», «Journal of Economic History» сияқты зерттеулер арнайы дайындықсыз қолға түсімсіз болды. Бірақ жалпы тарихшылар осы тәсілдердің пайдасы туралы өзіндік түсініктерін қалыптастырды. Көлемдік тәсілдер аса қажет және анағұрлым нәтиже берген тарихи демография мен онымен байланысты демография саласының мәселелерін шешу  көлемдік мәліметтерсіз мүлдем мүмкін емес  және кейбір кезеңдер үшін қарапайым халықтың саны анықтау аса қиындық тудырады, сонымен қатар қоғамдық өмірді түсіну үшін халықтың жас ерекшелігі, жынысы, шаруашылық көлемі, жұмысшылар туралы мәліметтердің маңызы зор. Және туу көлемі , өлім, неке саны туралы зерттеулердің маңызы да зор.  Өмірдің негізгі тіршілік көзі өмірлік әрекет болған индустрия алды кезеңінде демографиялық процесстер әлеуметтік және экономикалық өмірдің басты индикаторы болды.. Тарихи демография негізінде « Аналдар » мектебінің  «тотальды тарих » концепцияларын іске асыру әорекеті жасалды. Әсіресе Эммануэл Ле Руа Ладюридің еңбектерінде.Тарихи демография деректердің негізгі екі түрін пайдаланады: 1. нақты уақыт аралығындағы бүкіл елдің немесе жеке ауданның халқының саны туралы  мәліметтер және 2.белгілі аудандағы өмір мен демографиялық көрсеткіштер туралы жазба мәліметтер.  Қазіргі таңдағы анағұрлым анық деректер беретін тарихи –демографиялық зерттеулер  алғаш рет он сегізінші ғасыр ортасында скандинав елдерінде жүргізіле бастады. Алғашқы халық санағы 1801 жылы Британияда жүргізілді, одан соң ол он жылда бір рет өткізілетін болды.  1841 жылдан кейін санақтан өткен әр адамның .  фамилиясы көрсетілді.  Ерте кезеңдік зерттеулер үшін қажетті салық ведомостьтары, шіркеудің кітаптық жазбалары жетті, бірақ олар бүкіл халықты қамтымады.  Деректердің екінші түрі бойынша Европада приходтық кітаптардың маңызы зор. Мысалы олар Англияда 1538 жылдан жүргізілді. Бұл жүйе Англияда 1837 жылға дейін азаматтық тіркеу енгізілгенге дейін жұмыс жасады.  Приходь кітаптарының негізінде туудың бүкіл ұлттық деңгейін, өлім мен неке санын есептелінеді. Осылайша халық санының өзін есептеуге болады. Бұл агрегативті анализдің мысалы болады.   Осы ақпараттар негізінде оның өсуі мен азаюы белгілі болғанда номиналды анализ- жанұя өмірі динамикасының реконструкциясын жасау мүмкіндігі бар..

Көлемдік тәсілдер сонымен қоса қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттеуге жәрдемдесті. Бұның да дереккөздері тарихи демографиянікімен бірдей, себебі бүкіл халықтың саны оны әлеуметтік тұрғыдан топтарға  бөлудің потенцалды мүмкіндігіне ие. Осының негізінде үй шаруашылығының құрылымы мен көлемін зерттеу мүмкіндігі бар. Қазіргі британ тарихшылары соңғы зерттеулерімен индустрия алды кезеңдегі батыс европалықтарға шаруашылықтың жанұялық типтегі « үлкен жанұялар » деп аталатын түрі тән болды деген тұжырымды орнынан тайдырды.  XIX ортасынан бастап санақ анкетасына тіркелетін тізімнің саны ұлғайды және әлеуметтік-демографиялық үрдістерді одан да терңірек зерттеуге мүмкіндік беретін жұмыстың методологиялық негіздері жасалды.  Көлемдік тәсіл өз қолдануын саяси тарих саласынан да тапты. Әсіресе олар британ саяси ғылымында «псефология» днп аталатын саладағы электораттың тіршілігін зерртеуде пайдаланылды.  Британияда .  1872 жылы сайлау туралы заң енгізілгенге дейін сайлау ашық түрде өтті, яғни әр дауыс жеке тіркелді.Сайлаушылардың табыстарын қоса есепке ала отырып, олардығ діни және әлеуметтік жағдайларын талдау арқылы он тоғызыншы ғасырдағы Британия партияларының әлеуметтік базасы туралы қорытынды жасалынады.  Көлемдік тәсілдер сонымен бірге саяси элитаны зерттеуде қолданылады, өйткені бірнеше биография шеңберінде ғана жасалған ол туралы бейне сонда да толық болмайды. Аталған мәселені шешудің жолы коллективті биография бере алатын сол просопографикалық әдіс бола алды.   . Осылайша заң шығарушы органдар депутаттарының шығу тегін, саяси тұрысын зерттеуге болады. Британ парламентінде 1836 жылдағы сайлаушылардың тізімі сақталған және сол арқылы кім қайсы партияны қолдағанын анықтайсыз. АҚШ-та көлемдік әдіс негізінде жиырмасыншы ғасырдың ортасынан « жаңа экономикалық тарих » дами бастады.  Көлемдік әдіс әсіресе экономикалық тарихты зерттеуде аса кең қолданылды. Француз тарихнамасында осының негізінде Э.Лабрустың мектебінде «сериялық тарих» жақтаушылары пайда болды. Онда бағаның даму  схемалары, егінділіктің, рента деңгейі, табыс деңгейі, яғни Франция мен өзге де еуропалық елдердің экономикалық тарихының құрылу моделін жасау  үшін қажет көрсеткіштері анықталды.  АҚШ тарихнамасында бұл мәселелермен « жаңа экономикалық тарих» айналысты. Бұл елде ол да клиометрия атауын алды. ..

Дайын статистикалық жинақтармен жұмыс жасағанда олардың жасалу жағдайлары мен методикасын зерттеу қажет. Статистикалық мәліметтерді кей кезде фрагменттік бөлшектерден жинауға болады , бұл жағдайда оны жүйеленуімен шешілетін мәселеге байланысты тарихшының өзі айланысады. Оны ол  статистиканың өзінде бейнеленген  тақырыппен, өлшемдері мен көрсеткішіне сай жасамауы мүмкін.  Тарихи кезеңге қатысты статситикалық зерттеулер көбейген кезде олардың таңдау репрезитативтілігі туралы мәселе пайда болады. Осы жерде бүтінді құрайтын элементердің әрқайсысы таңдау мүмкіндігіне ие. Тарихи зерттеулерде кейде таңдау репрезентативтілігінің зерттеу мақсаттарына байланысты арнайы негізделуі қажет.  Тарихты зерттеудің ерте кезеңдерінде таңдау мәселесін көп жағдайда уақыт шешеді. Себебі құжаттардың кейбір түрлері ғана сақталуы мүмкін. Және бұл құжаттардың сақталуы кездейсоқтық емес, онда тек қажетті құжаттар ғана сақталуымен немесе оларды сақтаған адамның басқалармен салыстырғанда артық мүмкіндіктері болған. Сондықтан құжаттарды өзгелермен салыстырғанда үлгергендер сақтай алған.  Белгілі британ тарихшысы  Л. Стоун, мысалы  1965 жылы баспадан шығарған  «Кризис аристократии, 1558 – 1641»атты капиталды жұмысында  382 атақты жанұяны  экономикалық жағдайларына қатысты қарастырды, бірақ осы кезеңді  зерттеушілердің айтуынша құжаттары сақталған аристократияның мөлшері үштен бір мөлшерлік үлесте ғана болған. Сандық деректермен жұмыс жасағанда дұрыстығын, сәйкестігі мен репрезетативтігін  негіздеп және орнықтыру қажет. Тарихшының көзқарасы бойынша корреляция коэффициентін- екі ауысымдық арасындағы байланыс деңгейінің демонстрациясын орнату маңызды.  Көлемдік тәсілдер көптеген өлшемдер бойынша үлкен сандық қатынастардың анализін жүргізуге мүмкіндік береді және әртүрлі корреляция бола алады. Бұл корреляцияларды дәстүлі әдістер бойынша анықтау мүмкін емес.  Бірақ сәйкестіктер таза статистикалық болуы мүмкін .Сандық деректердің талдануы зерттеушінің жалпы біліктілік деңгейіне,  ал зертелу сұрақтарының қойылуы  тек сандық деректеріне  байланысты емес.  Өз заманында үлкен резонанс тудырған америкалық клиометрия шеңберінде жүргізілген зерттеуле еді. Клиометрия жақтастарының тезисінде адам әрекетінің кейбір жақтарын жүйе түрінде түсіну оңайырақ, онда  өзгерістіктердің өздері де, олардың арасындағы байланыста көлемдік анализге жасауға бағынады,  егер өзгерістіктердің біреуінің көлемі өзгеретін болса, онда бұл әсерлердің бүкіл жүйеге әсерін есептеуге болады.Көбіне бұл экономикада көрініс береді.  . Клиометрияны сондықтан  «жаңа экономикалық тарих» деп те атайды. Ол эконометрия тәсілдерінен шығады. Бұл экономикалық жүйенің бір-бірімен байланысты элементтерінің қатынасынан шығатын қазіргі экономиканың статситикалармен жасалған анализ методикасы болып табылады.. Эконометристер моделдерді құрап және есептейді.  Эконометриялық тәсілдерді қолданғанда қолда бар мәліметтердің фрагменталды жерлерін моделдерді құру арқылы толықтыру тілегі пайда болады.. Клиометрияның эталондық үлгісі болып  Р. У. Фогелдің «Железные дороги и экономический рост» (1964) атты еңбегі табылады. Автор мұнда он тоғызыншы ғасырда  АҚШ экономикасына темір жолдардың салынуы қандай үлес қосқанын есептемек болды. Гипотетикалық модел  жасай отырып ол егер темір жолдар салынбаса америкалық экономика 1890 жылы қандай түрде боларын анықтай отырып  , . Фогель  мынадай қорытындыға келді ұлттық өнім мөлшері  3, 1 % ғана аз,  ал өңделетін жердің  76 %  бәрібір нақты сол қалпында қалар еді, әрі темір жолдың салынуы экономиканың басқа салаларынан  капитал мөлшерін шығындады. Автордың өзбі зерттеу нәтижелеріне таң қалып, алдыңғы уақытта өз қорытындыларына күмәнмен қарады.  Эконометрикалық моделдерді олардың абстрактылығына байланысты және социо мәдени үрдістерден алшақтағаны үшін сынға ұшырады. Моделдер процестердің логикасына негізделіп жасалды.  Тағы бір даулы мәселе зерттеуші моднлге барлық өзгерімділіктерді енгізді ме деген сұрақ.  Жәнедағы клиометрия құндылығы моделдің дұрыс құрылуына байланысты  таза статистикалық әдіспен алынған қорытындыларға сүйенеді. Таза экономикалық көрсеткіштерге сүйену кейде үлкен қорытындыларға әкеледі. Бұл тұрғыдағы жарқын мысалға  Р. У. Фогел мен С. Л. Энгерманның «Время на распутье» (1974) атты екі томдық еңбегі жатады. Онда мұралық қағаздар мен плантациялық архивтер және халық санақтарына анализ жасау барысында АҚШ тың оңтүстік штаттарындағы плантациялық шаруашылық азамат соғысына дейін тиімді жұмыс жасағанын,  құлдар салыстырмалы түрде қамтамасыз етілген жұмыс күші болғаны, ал олар жасаған  эконометрикалық моделде құлдықтың моралдық  факторларында ешқандай қарсылық болған жоқтығы айтылады.  Эконометрикалық моделде моральдық факторлар енгізілмеді, бірақ моралдық мотифтер оқиғаның өрістеуіндегі маңызды қозғаушы күш болып табылады.  Жалпы алғанда тарихшылардың айтуынша клиометрия экономикалық дамудың жеке факторларын талдауда ғана тиімді . Бірақ эконометрикалық факторлар оқиғаларды жалпы интерпритациялағанда маңызды рөлге ие емес.  Алпысыншы жылдары клиометрияның перспективалары, тарихты зерттеуде  көлемдік тәсілдердің пайдаланылуы, жалпы алғанда өте белсенді болып көрінді. Л.Стоунның айтуынша сол кезде тарихшылар сандардың мқлшерінен естері шығып «статистиканың наркомандарына » айналды. Дәстүрлі тарихшыларға бұл көзқарас тіпті де белсенді болып көрінбеді, қайта олар бұдан қауіптенді және бірнеше онжылдан кейін жаңағы белсенділік бәрінде азая бастады.  Сонымен қатар көлемдік тәсілді жақтаушылардың  сіңірген еңбегі ол тарихтағы мөлшерлеп көрсетуден максималды арылу еді. Бұның өзі айтарлықтай сәттілік болды.Бірақ көлемдік әдістің тек жекелегн нәтиже бертіні анықталды, ал бұл өз кезгінде ары қарй интерпритациалауды қажет етті.  Тарихи түсініктемеге кейде сапалық тұрғыдағы материалдар да қажет болады. Мысалы сыртынан қарасаң көлемдік материалдарға сәйкес адамда барлығы жақсы сияқты, бірақ оған моралдық, құқықтық факторлар теріс әсер етіп, ол өзінің жағдайына қанағаттанбауы мүмкін.  Тарихи зерттеулерде бұрынғыша статистикалық матералдармен қоса дәстүрлі сапалық көзқарастарды пайдалануды қажет етеді.


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?