Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Философия, саясаттану және дінтану институты

28713
Философия, саясаттану және дінтану институты - e-history.kz

Философия және саясаттану институты 1999 жылдың ақпанында 1958 ж.ашылған Философия және құқық институтыжәне1991жылыФилософия институтының негізінде құрылды. 2012 жылдың мамырында Үкімет қаулысымен Философия, саясаттану және дінтану институты болып  өзгертілді.

Институттың мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымы ретіндегі негізгі атқаратын міндеті қазіргі қазақстандық қоғамның интеллектуалдық және рухани-адамгершіліктік әлеуетін дамытуға бағытталған философиялық-дүниетанымдық, философиялық-әдіснамалық, саясаттанулық, дінтанулық және әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу болып табылады.

Бүгінгі таңда Философия, саясаттану және дінтану институты жоғары кәсіби ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады. Институт оның құрылымын анықтайтын негізгі үш бағыт: философия, саясаттану және дінтану бойынша жұмыс істейді. Бұл жерде: ҚР ҰҒА-ның 1 академигі, 2 корреспондент-мүшесі, 21 доктор мен 13 ғылым кандидаттарыжәне10 PhD докторанттары ғылыми зерттеулер жүргізеді.

Институтта 2012–2014 жылдарға арналғангранттық қаржыландыру аясында «Еліміздің интеллектуалды әлеуеті» басымдылығы бойынша 24 ғылыми-зерттеу жоба орындалуда. «Ғылыми қазына» пәнаралық ғылыми бағдарлама аясында «Қазіргі Қазақстанда идеологиялық концептілерді құру» бағыты бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қызметкерлер саясат, ғылым, білім, мәдениет, дін, қазақ және әлемдік философия мәселелері бойынша монографиялар мен ғылыми мақалалар шығаруда. Институт қызметкерлерінің ғылыми жарияланымдары алыс және жақын шет елдердің ғылыми рейтингілі басылымдарының талаптарына сай.

Институт «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында: «Шығыс Аристотелі» - әл-Фараби (10 томдық) шығармалар жинағын, «Әлемдік философиялық мұра» (20 томдық), сонымен қатар «Қазақ халқының философиялық мұралары» зерттеулері (20 томдық) басып шығарды.

Екі журнал: «Адам әлемі» (1999 жылдан) және «Әл-Фараби» (2003 жылдан) шығып тұрады. Институтыңүш тілде: қазақша, орысша және ағылшынша сайты бар.

Институт үнемі қазақтандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен халықаралықғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, сұхбат алаңын өткізеді. Институт Ресейдің, Белорустің, Әзербайжанның, Қырғызстанның, Қытайдың, Германияның, АҚШ-тың, Түркияның, Иранның, Өзбекстанның, Тәжікстанның және басқа елдердің ғылыми-зерттеу құрылымдарымен тығыз байланыс жасайды.

Философия, саясаттану және дінтану институтындаӘл-Фараби ат. ҚазҰУ, Абай ат. ҚазҰПУ, Абылайханат. Қаз ХҚжӘТУ, ҚазЕжӘХАжәне т.б. қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының PhD-докторанттары мен магистранттары, студенттері машықтану мен дипломдық практикадан өтеді.

Институт қызметінің негізгі бағыттары 

1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-саяси прогресі мен тәуелсіздігіннығайтуға,қазақстандық қоғамның интелектуалдық және рухани-адамгершіліктік әлеуетін дамытуға бағытталған философиялық-әдіснамалық, саясаттанулық, дінтанулық және әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу.

2) Әлемдік және отандық философияның, саясаттану, дінтану, мәдениеттанудың маңызды мәселелері бойынша іргелі, қолданбалы және ғылыми-сараптамалық зерттеулер жүргізу.

3) Қазақ мәдениеті мен философиясының дүниетанымдық және теориялық-әдіснамалық мәселелерін зерттеу.

4) Қоғамның философиялық, саяси, рухани және гуманистік мәдениетін дамытуға, Қазақстанда азаматтық қоғамның негізгі институттарының қалыптасуына, демократиялық үдерістердің дамуына ықпал ету.

5) Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-саяси жағдайды сараптау, бақылау және болжау.


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?