САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ЖЕМІСІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ САЯСИ ПРОЦЕСТЕР

2 бөлім. 3.САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ЖЕМІСІ

Мемлекеттік басқару жүйесі. Кәсіби мемлекетке бет алу



Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту орталық органдардан басталды

1997 жылдың наурызында министрліктер мен ведомстволар саны екі есе қысқарды және олардың жұмыс принципі түбегейлі өзгерді

Енді әрбір тапсырманың нақты орындау мерзімі белгіленді

14

облыс

  • Мамырда еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгеріс енгізілді. 19 облыс орнына –14 облыс.
  • 1997 жылғы әкімшілік-аумақтық реформа негізінде сыртқы шекарасы мемлекеттік шекара болып табылатын облыстарды қайта құрудың үлкен маңызы бар еді.

Ақыр соңында 1998 жылдың 7 қазанында заңның түпкілікті нұсқасы қабылданды.

Конституцияға елдегі саяси институттардың әрі қарай дамуына жаңа серпін берген 19 түзету енгізілді.

Осы кезден бастап төменгі палатаға сайлау тек бір мандатты округтер бойынша ғана емес, партиялық тізім бойынша да жүргізілді.

1996 жылдың 2 шілдесінде «Саяси партиялар туралы» заң Қазақстандағы партиялық құрылыстың жаңа кезеңіне жол ашты

Конституцияға енгізілген түзетулер – Мәжіліс құрамын ең алдымен партиялық тізім бойынша сайланатын депутаттар есебінен кеңейту – елдің қоғамдық-саяси өміріндегі партияның рөлін күшейтті.

Нұрсұлтан Назарбаев түзетулер енгізу туралы ұсыныс жасай отырып, саяси партияларды демократия ғимаратын тұрғызатын «негізгі «құрылыс материалдарына» теңегенді

1998 жылдың қарашасында Қазақстанның Азаматтық партиясының (ҚАП) құрылтай съезі өтті.
Партия өзінің негізгі мақсаты – мемлекеттікті нығайту, өндірісті дамыту және халықтың әл-ауқатын жақсарту екенін жариялады. Осылайша өздерінің өндірістік кәсіпорындар қызметкерлерінің қолдауына сүйенетінін және соларға көбірек мойын бұратынын білдірді. ҚАП ОК бірінші хатшысы А. Перуашев болды
1998 жылдың желтоқсанында, Қазақстанның республикалық халық партиясы (ҚРХП) өзінің құрылғанын жариялады.
Әлеуметтік бағыттағы ел экономикасын дамытуды көздейтін демократиялық мемлекет жолын таңдаған ҚРХП – халықтың реформа барысына көңілдері толмаған, оппозициялық бөлігіне сүйенетінін білдірді.
1999 жылдың қаңтар айында құрылып, Р.Мадинов басқарған Қазақстанның аграрлық партиясы (ҚАП) ауылдық жерлердегі тауар өндірушілер: фермерлер, кооперативтер мен серіктестіктердің мүдделерін қорғауды ерекше қолға алды.
ҚАП жерге жекеменшікті енгізуді, ауыл шаруашылығының дамуына ықпал ететін ауыл- дық инфрақұрылымды жақсартып, басқа да шараларды іске асыруды көздеді.
Қаңтардағы президент сайлауынан кейін, көп ұзамай «Отан» республикалық саяси партиясы (РСП) құрылды.
Жаңа партияның бірінші съезі 1999 жылы 1 наурызда өтіп, онда Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірауыздан партияның төрағасы етіп сайланады.
Халық бірлігі партиясы, Демократиялық партия, Либералды қозғалыс және «Қазақстан-2030 үшін» қозғалысы – «Отан» РСП құрамына кірді.
Кейіннен оларды қолдап, «Әділет» партиясы, Халықтық-кооперативтік партия, Республикалық еңбек саяси партиясы да «Отанның» құрамына қосылды. Бұл процесс елдегі негізгі саяси күштердің біріккенін байқатты. «Отан» партиясы бұқара халыққа барынша жақын болуды ойлап, бюджет саласы қызметкерлерінің, шағын және орта бизнес өкілдерінің, мемлекеттік қызметкерлердің, ауыл тұрғындарының, зиялы қауымның – барлық орта топтың негізін құрайтын адамдардың мүдделерін қорғайтынын көрсетті.
1999 жылдың наурызында «Азамат» азаматтық қозғалысы, Ғ. Әбілсейітов басқарған Қазақстанның «Азамат» демократиялық партиясы (ҚДП) болып қайта құрылды.
Қазақстан әйелдерінің қоғамдық мәртебесін арттыру жолында Раушан Сәрсембаеваның төрағалығымен Қазақстан әйелдер ұйымдарының Саяси альянсы құрылып, ол 1999 жылдың маусымынан бастап жұмыс істей бастады.
Партия басты мақсатын экономикалық және саяси реформалар, азаматтық қоғам мен демократиялық құқықтық мемлекетті қалыптастыру деп жариялап, өзін елдегі негізгі оппозициялық күш ретінде көрсетті.

1997 жылдың 17 қарашасындағы «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерін реформалау туралы» Жарлықпен Қазақстан Қарулы күштері құрылымына өзгеріс енгізіп, әскеріміз бейбітшілік кезеңде де, төтенше жағдайларда да талап етілетін міндеттерді бірдей орындай алатындай етіп қайта құрылды.

Жалпы мақсаттағы Күштер, Әуе қорғаныс күштері және Мемлекеттік шекараны қорғау күштері құрылды.