ҚИЯҒА КӨЗ ТІККЕН ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ

«ҚАЗАҚСТАН-2030» СТРАТЕГИЯСЫ

2 бөлім. 1.ҚИЯҒА КӨЗ ТІККЕН ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ

Саяси тұрақтылық арқылы ұзақ мерзімді стратегияға



1990-шы жылдардың ортасында жаңа мемлекеттіліктің берік іргетасы қаланды

нұрсұлтан назарбаев

«Президенттік республика құру жөнінде берік байламға келе отырып, мен тек осылай еткенде ғана ел басқару ісін жаңа деңгейге көтере алатынымызды түсіндім. Реформаны жүргізуде Президенттің жеке жауапкершілігі ұлғаюымен бірге, өкілеттік аясы да кеңейе түсері белгілі еді. Ендігі уақытта министрліктер мен ведомстволардың басшыларын Президенттің өзі тағайындайтын болғандықтан, Парламент бұл іске араласпайтын болды. Президенттің ұсынуымен және Парламенттің келісімімен тағайындалатын Премьер-Министрге «елімізді дағдарыстан алып шығушы бас менеджер» өкілеттігі берілді. Мен халықтың қолдауымен, нарықтық реформаларды аяқтау және өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу, жас мемлекеттің іргесін нығайту, мемлекеттік құрылыстың алдағы стратегиясын әзірлеу үшін қажетті саяси мандат алдым».

Онжылдықтың екінші жартысында саяси тұрақтылықты 1995 жылдың негізгі оқиғасы аталған екі референдум қамтамасыз етті. Сол жылдың сәуір айында қазақстандықтар Президент өкілеттілігі мерзімін ұзартуды бірау ыздан (95,46 проценті) қолдайтындарын ашық білдірді. Ал тамызда дәл осындай басым дауыспен санымен (90 процент) жаңа Конституция жобасы жоғары қолдауға ие болды.

>