ЖАҢАЛЫҚТЫҢ ЖЫЛЫ ЛЕБІ ЖӘНЕ ҚАЙТА ТҮЛЕГЕН ДӘСТҮР

ТІЛ, БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, МӘДЕНИЕТ, СПОРТ

1 бөлім. 5.ЖАҢАЛЫҚТЫҢ ЖЫЛЫ ЛЕБІ ЖӘНЕ ҚАЙТА ТҮЛЕГЕН ДӘСТҮР

Жаңа тіл саясаты. Тарихи әділеттілікті қалпына келтіру




Қазақ КСР-інің тәуелсіздігі туралы декларация, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң және 1993 жылғы Конституция жаңа тіл саясатының іргетасын қалады. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып танылды, орыс тіліне ұлтаралық қатынас тілі мәртебесі берілді. Билік қазақ ұлтының ұлттық беделін нығайтуға, оның мәдениеті мен тілін дамытуға, әрі осы орайда республиканы мекендейтін басқа этностардың құқығын бұзбауға ниеттілігін білдірді. Сондықтан тілдік тұрғыдағы кемсітушіліктің кез келген формасына тыйым салынды.

Қазақстанның күнделікті өміріне туған тіліміздің ешқандай мәжбүрлеусіз оралуы маңызды

Газеттер сегіз тілде шығарылып, теле және радио хабарлар жеті тілде жүргізілді. Мемлекеттің ойластырылған және прагматикалық тіл саясаты елді мекендейтін барлық этностық топтарды өзінің ұлттық ерекшелігін сақтау мүмкіндігімен қамтамасыз етті. Осының бәрі қоғамдық келісімге ықпал етті және елдегі сәтті қайта құрулар мен оның болашақ жетістіктерінің кепіліне айналды.