Барлығы дәл осылай болған...

Әлеуметтік-экономикалық дағдарыс және экономикалық саясат

I БӨЛІМ. 3.БАРЛЫҒЫ ДӘЛ ОСЫЛАЙ БОЛҒАН...

Экономикалық дағдарыс пен оның зардаптары



1992 жылы 6 қаңтар

1992 жылдың 6 қаңтарында «Бағаны либерализациялау шаралары туралы» Жарлықпен техникалық өнімдердің, халық тұтынатын тауарлар мен қыз мет түрлерінің бағасы босатылды. Сөйтіп, еліміз еркін, нарықтық бағаға көшті. Указом «О мерах

Жағдайдың күрделілігін түсінген Елбасы Қазақстан халқына Үндеу тастап, онда әзірге балама нарықтың жоқтығын және бағаның көтерілуінен қаша алмайтынымызды тағы бір мәрте атап көрсетеді. 1992 жылы инфляция 3 000 пайызға жетеді.

1993 жылы

1993 жылы 114 мың адам жұмыс істейтін қазақстандық 130 ірі кәсіпорынның біразы жұмысын толығымен немесе жартылай тоқтатты. Шикізаттың тапшылығынан тоқтауға мәжбүр болған көптеген зауыттар нормасыз жұмыс күніне көшті. Өнеркәсіптің құлдырауы 1994 жылы 28 пайызды құрады.