Тұғыры берік мемлекеттік құрылым

Жаңа мемлекеттілікті қалыптастыру

I БӨЛІМ. 2.ТҰҒЫРЫ БЕРІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ

Мемлекеттік құрылыс: басқарудың тиімді үлгісін іздеу жолында



1990 ЖЫЛ

1990 жылдың қазан айында Жоғарғы Кеңес Мемлекеттік тәуелсіздік туралы Декларация қабылдады, ал қарашада Н.Назарбаев «Мемлекеттік билік құрылымын жетілдіру және Қазақ КСР-індегі басқару туралы» заңға қол қойды. Соған сәйкес ел Президенті атқарушы және жоғарғы биліктің басшысы болып табылады. Ол үкіметті құрып, министрлер мен мемлекеттік комитет төрағаларын тағайындайды.

1991 ЖЫЛ

Мемлекетті басқару ауқымы қайта ұйымдастырылды. Көнерген мемлекеттік органдар таратылып, орнына жаңалары құрылды. Мемлекеттік құрылымдардың өкілеттіктері мен функциялары қайта қаралды. Шешуші кадрлық өзгерістер жасалды. Уақыт талабына сәйкес Мемлекеттік мүлік және Монополияға қарсы комитеттер, сондай-ақ бұған дейін мүлде болмаған сыртқы экономикалық байланыстар, мұнай және газ өнеркәсібі, ғылым мен жаңа технологиялар, экология және биоресурстар министрліктері құрылды. 1991 жылдың соңында менің шешіміммен барлық министрліктер ортақ коллегиялық орган – Министрлер кабинетіне біріктірілді, оның басшылығын Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Премьер-Министрі – тәжірибелі шаруашылық ұйымдастырушысы Сергей Терещенкоға сеніп тапсырдым.