ОРТАҚ ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА
2 бөлім. 5.ОРТАҚ ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА
Ішкі саясат: бейбітшілік пен келісімді нығайту
«1990-шы жылдардың басында Қазақстанның бекем мемлекеттілігін қалыптастыра алатындығына көпшіліктің сене қоймағанын еш уақытта ұмытуға болмайды. Шетелдік скептиктердің ойынша, халықтың этноконфессио- налды құрылымы мен геосаяси жағдайы бұл мақсатқа жетуге үлкен кедергі болуға тиістін. Оның үстіне, «егемендік шеруі» кезеңінде көптеген посткеңестік елдерді ұлтшылдық пен өзара тартыстар шарпып үлгерген еді. Біздің елді «Екінші Балқанға» теңеген мәлімдемелер де сол кезде айтылып қалып жатты. Оны, тіпті, әне-міне болады деп төндіріп те қойды. Біз осы болжамдардың бәрін жоққа шығарып, сауатты әрі жүйелі саяси ерік-жігер барда мәдениеттердің, этностар мен өркениеттердің қақтығысын айналып өтуге болатынын дәлелдедік»
Халықтар арасындағы достық пен ұлттар арасындағы келісімнің қандай да бір ортақ «рецепті» болмайтынына жаһандық тарих көзімізді жеткізіп отыр. Бұғанасы қатпаған жас мемлекет сыртқы емес, жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып жұмыс істейтін ішкі саясат тетіктеріне мұқтаж болатын.
«Ұлтаралық қатынастардың қазақстандық үлгісі елдің төл тарихына арқа сүйеп, этностық және азаматтық сәйкестіктің маңыздылығын түсінуге негізделеді. Сол себепті 1996 жылы сәуір айында ҚХА-ның III сессиясында әрбір қазақстандыққа саналы түрде өз азаматтығын шешу жайлы мәселе көтерілді. Мен «азамат дегеніміз – шыққан тегіне қарамастан, өз тағдыры мен ел тағдырын ортақ деп қарайтын адам» екенін барлық азаматтардың есіне салдым. Әрине, мұндай сәйкестікке жету үшін біраз уақыт керек, бірақ бұған келмей болмайды»
Қазақстан 1996 жылдан бастап бірінші рет 1 мамырды Қазақстан халқының бірлігі мерекесі ретінде атап өте бастады
Бұрынғы бірінші мамыр дәстүрі жаңа қазақстандық мазмұнға ие болды.

31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
Келісім саясатының маңызын ерекшелеу мақсатында 1997 жыл жалпыұлттық келісім
және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жария ланды. Сол жылы
Қазақстан бірінші рет 31 мамырда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін
атап өтті.
Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиясында ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мен қоғамды біріктірудің негізгі бағыттары:
еліміздегі барша азаматтардың тең мүмкін- дігіне негізделген біртұтас азаматтықты дамытуға кепілдік жасау
ұлтара- лық алауыздық себептерін жою; барлық этностық топтардың тең құқылығын қамтамасыз ету
ұзақмерзімдік болашақта саяси тұрақтылықты, сонымен қатар қоғамның бірігуін қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстанның қалыпта- суына жігерлі түрде атсалысу
әртүрлі конфессиялар арасындағы өзара сыйластықты, төзімділік пен сенімді күшейту

«Президент сайлауынан кейін, 1999 жылы қаңтар айында өткен ҚХА- ның V сессиясында мен: «Ұлттық келісімді халыққа ешкім де көктен 148 ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ бере салмайды, ол термен, еңбекпен келетін дүние, сол себепті «мен – қазақстандықпын!» деген сөзді әрқайсымыз мақтанышпен айту үшін біраз тер төгуіміз керек»

Қазақстандық үлгі «Әралуандықтан – бірлікке» ұйыстыру қағидатына негізделген.
Мәдени әралуандықты сақтап, оны көбейтуге мемлекеттің этностық тілдер мен
мәдениеттерді қолдауға бағытталған бұлжымас саясаты көмектесіп отыр.
Қазақстанның ұлттық саясаты халықаралық стандарттарға толығымен сай келеді.
Қазақстан әуел бастан қай ұлттан шыққанына қарамастан, барша азаматтардың
мүдделерін, құқы мен міндеттерін өзара үйлесімде ұстауға негізделген бағыт
ұстанды. Ал оның ұстыны – алғашқы күннен елдегі ұлт аралық сенімнің бірегей
үлгісін қалыптастырған қазақ халқының төзімділігі болды
2 БӨЛІМ. 5.ОРТАҚ ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА
Қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер. Азаматтық қоғамды одан әрі дамыту
1990-шы жылдардың алғашқы жартысында
үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ), негізінен түрлі жобалардың жүзеге асырылуына гранттар ұсынған шетелдік қорлар арқылы қаржыландырылды
Мұндай тәсіл, өкінішке қарай, грант алушылардың жұмысты ұлттық мүдделермен әркез
үйлесе бермейтін шетелдік мемлекеттердің мүддесіне сай жүргізуіне жол берді, сонымен
бірге азаматтық сектордың дамуын тежеп тұрды.

азаматтық сектордың дамуын тежеп тұрды. 1994 жылы жаңа Азаматтық кодекс, ал 1996 жылы «Қоғамдық ұйымдар туралы» заң күшіне енді, олар үкіметтік емес ұйымдар санының өсуіне себеп болды.
Экология, қауіпті аурулардың алдын алу, ғылым мен білім, адам құқықтарын
қорғау және тағы басқа әртүрлі бағыттардағы ҮЕҰ пайда болды.
«Елбасы ретінде, мен ҮЕҰ жұмысының азаматтық қоғам үшін сөзсіз пайдасын көрдім – өйткені осындай демократиялық институттардың арқасында, азаматтар саяси өмірге атсалысып, өз еңбегін басқа азаматтардың игілігіне, өз елінің игілігіне арнай алады, келіспеушілігін білдіріп, өз мүдделерін қорғай алады»
2 БӨЛІМ. 5.ОРТАҚ ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА
Бұқаралық ақпарат және байланыс құралдары
1990-шы жылдардың екінші жартысында бұқаралық ақпарат құралдарының нарығы тұрақталды
Жаңа басылымдар ашылды, ал кейбіреулері бәсекелестікке төтеп бере алмай, өз жұмысын тоқтатты, алайда олардың жалпы саны өзгеріссіз қалды деуге болады

Үкімет мемлекеттік БАҚ, полиграфиялық кәсіпорындар мен баспаханаларды жекешелендірді.
СОЛ КЕЗДЕ АҚПАРАТ НАРЫҒЫНДА ЖАҢА БАҒЫТ – ЖАРНАМА ПАЙДА БОЛДЫ

ақпараттық сала мемлекеттік тапсырыстармен жұмыс істеуге тартыла бастады, бұл бұқаралық ақпарат құралдары нарығына оң әсерін тигізді
Мемлекет жүйелі түрде бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе әрекет етіп, БАҚ әр алуандығын, сондай-ақ елдің әлемдік және аймақтық ақпарат кеңістігіне енуіне мүмкіндік беретін дәйекті ақпараттық саясат жүргізе бастады.Технологиялық индустрияны дамыту, өнімі мемлекеттік саясат пен шынайы қоғамдық үдерістермен үндес келетін басылымдар мен телеарналарды құру және қолдау маңызды міндет етіп қойылды

Қазақстанда (Intelsat жүйесі спутниктерінің негізінде) спутниктік телевизияның ұлттық жүйесі құрыла бастады
Шеткері аудандарда жер серігінің сигналдарын қабылдайтын жерүсті стансалары орна- тыла бастады.

Нұрсұлтан Назарбаев «Біртұтас ақпараттық кеңістікті қалыптастыру туралы» Жарлыққа қол қойды
Оның мақсаты – Қазақстанның кез келген азаматы- ның ақпаратқа еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету болатын. Талантты журналистерді ынталандырып, шығармашылық ізденіске дем беру үшін 1997 жылы БАҚ саласында Қазақстан Республикасы Президентінің сыйақылары мен гранттары тағайындалды.

Қазақстанда шамамен 12 мың Интернет желісі абоненттері тіркелді
Елімізде ұялы байланыс мүмкіндігі келді. Қазақстандағы ұялы байланыс абоненттерінің саны шамамен 80 мың болды.
2 БӨЛІМ. 5.ОРТАҚ ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА
Демографиялық өсім: өзгеріс заңдылықтары

Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы халық санағы 1999 жылдың ақпанында жүргізілді
Халық санағы елде 14,9 миллион адам өмір сүретінін және рес- публика
тұрғындарының ұлттық құрамының айтарлықтай өзгергенін көрсетті. 1989
жылғы кеңес кезіндегі соңғы санақ нәтижелерімен салыстырғанда,
қазақтардың саны 1,5 миллионға дерлік артып, 7 миллион 985 мың адамға
жетті (53 проценттен астам).
1990-ШЫ ЖЫЛДАРДЫҢ СОҢЫНА ҚАРАЙ
Қазақстан тұрғындарының жалпы халық санының азаюы баяулады және осы игі өзгерістер жақын уақыттарда демографиялық өсім болатынын болжауға мүмкіндік берді
1990-шы жылдардың екінші жартысында ішкі көші-қон – ауылдан қалаға көшу де белең алды. 1990 жылы қалаға қоныс аударған ауылдықтардың саны шамамен 1,4 миллион адамға жетті. Әсіресе Алматы және Астана қалаларында үлкен өсім байқалды.
ЧАСТЬ II.5 В НАШЕМ ОБЩЕМ ДОМЕ
Діни сенім: имандылықты күшейту
1990-шы жылдардың екінші жартысында дін мен рухани өмірдің белсенді түрде жаңғыруы жалғаса түсті
1995–1998 жылдар аралығында
Қазақстандағы діни бірлестіктердің саны екі есе дерлік – 1180-нен 2100-ге дейін өсті
Қазақстанда, негізінен, мемлекет пен діннің өзара қарым-қатынасының оңтайлы
арқауы табылды, бұл мемлекет пен діни конфессиялардың жалпыұлттық келісімді
нығайту жолында бірлесіп жемісті жұмыс істеуіне мүмкіндік берді.




«Қазақстандағы барлық діндердің өзара тату болып, ел бірлігіне көмектесуі өте маңызды. Сонымен бірге, мынаған көзім анық жетті: діни идеялардың атын жамылып әрекет ететін экстремизмнің кез келген түріне мықты тосқауыл қою керек. 1998 жылдың қыркүйегінде мен ресми сапармен Ватиканға бардым. Бұл Рим Папасы II Иоанн Павелмен менің үшінші кездесуім болатын. Осы кездесулерде арада өзара сенім орнады. Сол кездерде өткізуді ойыма алған Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің табысты өтуіне де сол кездесу айтарлықтай ықпал етті»