«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

#Елордаескерткіштері. Шарль де Голль

1233 0
#Елордаескерткіштері. Шарль де Голль

Париж. Таңғы самал жел. Кофехана. Құлаққапта француздардың ең танымал әншісі Джо Дассеннің атақты әні. Қолыңда Антуан де Сент-Экзюперидің «Кішкентай Ханзада» шығармасы. Құрметті оқырман  жо-жоқ,  сізге әлде бір француз кино индустриясының жаңа шедевр-тизерінің жазбаша нұсқасын немесе француз жазушысының жаңа шыққан кітабының аннотациясын да емес, Нұр-Сұлтан қаласында тұрған, Францияның Қазақстандағы кіші бөлігі іспеттес, «Француз орамы» және «Париж орамы» тұрғын үй кешендерінің ауласында орналасқан Францияның аты аңызға айналған мемлекет қайраткері — Шарль де Голльге арналған ескертіші туралы сөз етпекпіз.

Оны француз  халқы «Генерал де Голль» деп атайды. 1890 жылы 22 қараша айында дүниеге келген. Ата-анасы Париж қаласында тұрса, кішкентай Шарль  Лилль қаласында әжесінің қолында тәрбиеленген. Әкесі — Анри де Голль философия ғылымдарының профессоры болған. Соның арқасында бала Шарль көптеген кітаптар оқып, ғылым әлеміне қызығушылығы жоғары болатын. Франция тарихын қызығып оқитын. Үй ішінде әрдайым отансүйгіштік аурасы тұрғандықтан Шарль Франция алдындағы қызметінің жоғары болатынын іштей сезетін.

Тарих атасы Франция елінің құлдырау мен өркендеу кезеңдері әртүрлі уақыт пен бөлімге бөлінеді дейді. Мәселен, Наполеон Бонапарттың билігі кезінде, күллі Еуропаны жаулап, әскері күш-қуаты оразан зор болды. Елдің экономикасы біршама шарықтаған. Сәйкесінше, Бірінші Дүниежүзілік соғыстан соң, елдің әл ауқаты төмендеді. 1933 жылы фашизм келіп, қаржыны жаппай қаруландыруға жұмсады.

Фашизм 1940 жылы Англиядан басқа күллі Еуропа елдерін жаулап алды. Немістерге тізе бүккен сондай елдердің бірі Франция еді. Әрине, халықтың тұрмыс жағдайы төмендеп, езгіден құтқаратын басшы керек еді. Сондай адамдардың бірі — Шарль де Голль болатын. Оның жасаған ерліктерін Франция халқы әлі күнге дейін жоғары бағалайды. Кейіннен, Шарль де Голль Франция Президенті болып сайланып, Алжирдің тәуелсіздігі жөніндегі мәселелерді оңды түрде шешкен. Елдің ішкі және сыртқы мәселелерін шешу саясатында ұтымды қадамдар жасап, ел экономикасын жоғарылатты.

Ұлы Франция халқын аяқтан тұрғызған қоғам қайраткері, ел Президенті болған Шарль де Голльге арналған ескерткішті 2008 жылы сол кездегі Нұр-Сұлтан әкімі болған Әділбек Жақсыбеков пен Франция Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Франсис Этьен француз генералы салтанатты түрде ашты. Ескерткіш — екі елдің арасындағы берік серіктестік қатынастардың символы. Аты аңызға айналған француз қайраткеріне арналған ескерткішті жасаған мүсінші – Валерий Пирожков. Қола мүсіннің биіктігі – 3,1 метр. Ескерткіш Шарль де Голль көшесінің бойында орналасқан.

Валерий Пирожков

30.12.1949 ж.т., Челябинск облысы, Миасс қаласы.
1986 ж. Омск педагогика институтының көркем -графика факультетін бітіріп шықты.

1987 ж. бері ҚР Суетшілер Одағының мүшесі. Қолөнерші.
Нұр-Сұлтан қаласында тұрып, жұмыс жасайды
.

Негізгі жұмыстары: «Отбасы» (жасанды тас, 1998). «Лаушы» (қола, тас, 2001). «Бақ-бақ» су бұрқағы (қола, Нұр-Сұлтан қ. тұрғызылған, 2008). «Күз» (фарфор, 1987). «Ашынушылық» (қола, тас, 2008). «Европаны ұрлау» (тас масса, 1997). «Нәзіктік» (жасанды тас, Нұр-Сұлтан қ. тұрғызылған,
2010) . «Дала әуені» (шамот, 1997). «Ашаршылық құрбандарына естелік» монументі (Нұр-Сұлтан қ. тұрғызылған, 2012).

Естеріңізге сала кетсек, бұл Нұр-Сұлтан қаласындағы ескерткіш француз қайраткеріне қойылған соңғы ескерткіш емес. Оған дейін де, Париж, Мәскеу  және т.б. қалаларда ескерткіші қойылған, бірнеше метро станциялары Шарль де Голль атымен аталады.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English