«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Елордада QazaqGeography бірлестігінің V Съезі өтті

402 0
Елордада QazaqGeography бірлестігінің V Съезі өтті
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігінің V Съезі өтті

«Qazaq Geography» Қазақстанның тарихы мен мәдениетін зерделеу, экотуризмді дамыту және Қазақстан халқының рухани құндылықтарының тұтастығы мен жаңаруын сақтауға бағытталған басқа да маңызды жобаларды іске асыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде», - деді Съездің ашылу рәсімінде QazaqGeography Төрағасы А.Мамин.

Ол QazaqGeography бірлестігінің танымалдылығы мен оның өңірлік өкілдіктерінің белсенділігі артып келе жатқанын атап өтті.

«Ортақ іске көптеген адамдар, нағыз кәсіп иелері жұмылды. Әсіресе, жастарды бұл салаға тарту аса маңызды. Біздің жеріміздің географиясы мен тарихын білу әрбір қазақстандықтың басты қызығушылығына айналуы тиіс», - деді А. Мамин.

Шара қатысушылары QazaqGeography Жарғысының жаңа редакциясын бекітті, онда бірлестіктің қызмет түрлерін, сондай-ақ оның Қазақстанның барлық өңірлеріндегі өкілеттіліктерін арттыру қарастырылады. Сонымен бірге, QazaqGeography Съезін ұйымдастыру және өткізу тәртібі, бірлестік мүшелері мен мүшелігіне кіру тәртібі, QazaqGeography Төрағасы туралы ережелер қабылданды.

QazaqGeography Қамқорлық кеңесінің төрағасы болып Кәрім Мәсімов, Басқару кеңесінің төрағасы болып Орман Нұрбаев, Медиа кеңес төрағасы болып Дәурен Абаев сайланды.

Съезде QazaqGeography бірлестігінің өңірлік өкілдіктерін Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында, Шымкент қаласында ашу туралы шешім қабылданды, бұл еліміздің барлық өңірлерін бірлестікпен қамтуды қамтамасыз етеді.

2019 жылдың есебі мен 2020 жылға арналған жоспарлар туралы QazaqGeography бірлестігінің басқарма төрағасы Жаңа Рүстем айтып берді.

 

 

QazaqGeography бірлестігін дамытуға белсене қатысқаны және оған қосқан үлесі үшін бірлестіктің бірқатар мүшелері мен серіктестері мақтау қағаздарымен және естелік кәдесыйлармен марапатталды.

Съезд жұмысына QazaqGeography Қамқорлық кеңесінің мүшелері, Бірлестіктің өңірлік өкілдіктерінің басшылары, Үкімет мүшелері, «Kazakh Tourism» ҰК АҚ басшылығы, БҰҰ ДБ, Қазақстандық биоалуандықты сақтау қауымдастығының өкілдері, бизнесмендер т.б. қатысты.

Съезд аясында «Ас - арқау» фотокөрмесі ұсынылып, этнограф Айгерім Мұсағажинованың «Қазақы ас: дәстүр мен дәм» атты кітабы таныстырылды.

«QazaqGeography» РҚБ 2013 жылы 16 қазанда құрылған, 900-ден аса мүшелері мен 50-ден аса серіктес ұйымдарын біріктіреді. Өткен жылдары QazaqGeography 17 экспедиция, 15-тен астам конференция, форумдар мен фестивальдер ұйымдастырды, 16 кітап, фотоальбом, жол нұсқаулықтары мен карталар шығарылды, 70-тен аса білім беру, табиғатты қорғау және экотуристік жобалар іске асырылды.

 

 

2019 жылы Бірлестік  Nazarbayev University-мен бірге жыл сайынғы «Арал-2019» ғылыми экспедициясын, ал «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-мен бірге «Киелі Қазақстан» салт аттылар экспедициясын, сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан бойынша «Жібек жолы - диалог жолы» халықаралық экспедициясын ұйымдастырды. Биыл қараша айында QazaqGeographу Азия географиялық қауымдастығы (AGА) мен Халықаралық география конференциясының (CCG-2019) съезіне Қазақстанның өкілі ретінде қатысты.  

Жыл бойы күн сайын география пәнінің мұғалімдері мен оқушылар үшін танымдық экскурсиялар, ғалымдардың, география, экология және шектес пәндер бойынша саяхатшылар мен фотографтардың шеберлік кластары мен дәрістері, ойын түріндегі квест-экспедициялар, географиядан олимпиадаға дайындық жүргізілді.

Қазақстанның Ресейдегі апталығы аясында «Павлодар облысының жәндіктерінің макрофотографиялары», «Менің Қазақстаным» және «Ең ғажайып ел», «География – мәдени перспектива желісі», «Қызғылт қаршақаздың ұшу жолы» көрмелері ұйымдастырылды, бұл шараларды 4 мыңнан астам адам тамашалады.

 

QazaqGeography Баспасөз қызметі

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English