«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Алматыда жүргізілген қазба жұмыстарында бірегей артефакттер табылды

1628 0
Алматыда жүргізілген қазба жұмыстарында бірегей артефакттер табылды
Алматы қаласы тарихы музейінің экспедициясы «Көк-қайнар» қорған қорымын қазғанда бірегей тарихи артефакттерді тапты.

Жуық арада Алматы қаласы тарихы музейінің қызметкерлері біздің веб-порталымыздың редакциясына сирек кездесетін құнды археологиялық олжалар жайында ақпаратты жеткізді. Экспедиция Алматы қалалық Мәдениет басқармасының тапсырысына сәйкес жұмыс істеген.

Өткен жылдың қараша айында Алматы қаласы тарихы музейінің қызметкерлерінен құралған ғылыми-зерттеу тобы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Көкқайнар ықшам ауданында орналасқан, Көк-қайнар қорымында жүргізілген ғылыми-зерттеу қазба жұмыстары барысында бірегей тарихи артефакттерді тапқанымен, сирек кездесетін құнды тарихи олжалар туралы мәлімет енді ғана белгілі болып отыр.

Ақпараттық хабарламада көрсетілгендей, табылған олжалардың арасында алтыннан жасалған мысық тұқымдас жыртқыш аңның мүсіні де бар. Сирек кездесетін бұл олжа, № 2 Көк-қайнар қорған қорымынан қазып алынды. Алтыннан жасалған шағын ғана бұйым (оның ұзындығы – 3,3 см, ал биіктігі – 2 см) екі қалыпта құйылған тілімшіден құйылып жасалған.Тілімшілер өзара байланыстырылып бекітіле отырып, жымдастырылған. Олжаны тапқан зерттеушілер артефактіні шартты түрде «ойнақтаған мысықтың баласы» деп атады: жыртқыштың алдыңғы аяқтарының табандары созылыңқы орналасқан, ал денесі иілген, құйрығы дөңгелек тәрізді етіп сомдалған. Музей қызметкерлері аталған мүсінді тылсымға толы бас киім композициясының бір бөлігі болуы әбден мүмкін деп жорамалдап отыр. Жыртқыш мүсін біздің заманымызға дейінгі IV ғасырларға жатады.

dea5a7dcecc26e534d3ae71b1d22f341.jpg

 Көк-қайнар қорымынан табылған «ойнақтаған мысықтың баласы»

Бұдан бөлек табылған сирек кездесетін олжаның бірі,  құс бейнесі бар жалпақ тілік, № 2 Көк-қайнар қорымынан табылды. Бұйымның: биіктігі – 2,2 см, ені – 1,8 см. Зерттеушілер нақтылап көрсеткендей, ертедәуірдеөмір сүрген шебер, жыртқыш құс мүсінін сомдаған. Құстың  басы сол жаққа бұрылған, тұмсығы үлкен, қанаттарының құлашы кең жайылған. Ол геральдикалық рәміз ретінде пайдаланылса керек. Құс бейнесі бар жалпақ тілік біздің заманымызға дейінгіIV ғасырға жатады деп жобалануда.

68b6e3e119363d6224aba08087a23869.jpg

Құс бейнелі алтын жалпақ тілік

Үшінші табылғаг артефакттің бірі – № 1 Көк-қайнар қорымынан табылған қола айна. Ол біздің заманымызға дейінгіII-I ғасырларға жатады. Табылған айнаның диаметрі – 15 см, ал айна тұтқасының ұзындығы – 8 см. Айнаның пішінідөңгелек, ал осы дөңгелек жиегінің ені — 2 см, бетінде шығыңқы жері бар. Айнаның дискісі мен жиегі бір-біріне дәнекерленген.

f51be6957deacc425c64136773412c93.jpg

Қола айна

Бүгінде сирек кездесетін олжалар Алматы қаласы тарихы музейінде сақтаулы тұр.

«Қазақстан тарихы» веб-порталы


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English