«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Он алтыншы желтоқсан 12+

1176 0
Он алтыншы желтоқсан
Қайғысы мен қуанышы қатар өрілген осы күнді біз екіге бөліп қарауымыз керек секілді. Он алтыншы желтоқсандағы орын алған саяси оқиғалардың өзі біздерді осы ойларға жетелейді.

Осыдан бес жыл бұрын Елбасының назарына  «Қарашадан ханға дат» тақырыбымен  Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесінің  тойлануына қатысты бірқатар  ұсыныстарымызды жолдаған едік.  Аталған мақаланың бір жерінде «Біздің сізге айтпақ ақжолтай тілегіміз, ұлыстың ұлы күнін қаңтардың бірінші күнін қарсы алғандай, (наурыздың жиырма біріннен жиырма екісіне қарағын түні) қолыңызға шара толы қымыз алып, қараша халқыңызды құттықтасаңыз. Сосын, барлық мемлекеттік органдардың жылдық есебі  тек «жаңа жылға» емес, наурыз айына ауыстырылса. Басқасын айтпағанда, осы ұсынысымыздың өзін қабыл етсеңіз біраз шаруа өзгеріп салар еді» деп өз көзқарасымызды жолдаған едік.  Енді желтоқсан айына байланысты осы мензелдес ұсынысымызды елдің екінші президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырзаға да айтқымыз келеді.

Он алтыншы желтоқсан - қазақ тәуелсіздігінің символы. Дәл осы күн үшін дарядай қан, теңіздей тер төгілді. Осы күн үшін ұлы даламызда үш жүзге жуық үлкенді кішілі қантөгістер мен соғыстар орын алды. Тарих мамандары азаттық жолында төгілген қан мұнанда көп екендігін алға тартады. Бірақ, бәлендей салмағы жоқ ұсақ-түйек тарсыл-мен гүрсілдің бәрін тарихқа тықпалай беру жөн болмас деген ойдамыз.

Асылында, осыбір ұлы күн үшін батырларымыздың басы оққа тігіліп, арыстарымыз абақтыға тоғытылды. «Алаш» деп жан тәсілім етті.

Он алтыншы желтоқсан - қазақ халқына Алла мейірленген күн. Мейірленгені сол, осы күні алашқа  азаттық таңы келді. 

Енді біз үшін ең ұлық мемлекеттік мерекеміз  қаншалықты дәрежеде аталынып жүр? Осы бір мәселелеге азын-ауылақ тоқтала кетсек.  Ең өкініштісі, осы даталы күннен кейін екі аптадан соң келетін жаңа жылдың дайындығы да тәуелсіздік күнінің мәртебесін тым солғындатып тұр. Сосын...қазақ халқы үшін айтулы күндерді ең ұлығы болып саналатын он алтыншы желтоқсан мерекесі елімізде жәйбір жексенбі күніндей ғана болып  өтетіндігі жаныңды қариды.

 Қалай десек те он алтыншы желтоқсан  өз-өзімізге есеп беріп,  тәубаға келетін, ең бастысы ҰЛТТЫҢ  РУХАНИ  ТАЗАРУ (катарсис)  КҮНІ БОЛУЫ ТИІС. Осы жерде астын сызып айта кетпек ойымыз мынау.  

Қайғысы мен қуанышы қатар өрілген  осы күнді біз екіге бөліп қарауымыз керек секілді.  Он алтыншы желтоқсандағы орын алған қанды оқиғалардың өзі біздерді осылай ойлауға жетелейді.  Екі көңіл күйдің арасын өзара  ашалап қарауды қайыра міндеттейді.  Біз ең әуелі  бұл қос көңіл күйдің қуанышты сәтін 25 қазанға ауыстырсақ.  Қалай десек те осы көңіл күйге де жекелей  дата керек қой.  Неге ғана 25 қазанды таңдадық  десек,  Қазақ ССР-ның егемендігі туралы декларация қабылданған мерізім де дәл осы күні болды ғой.  Оның  тарихи тұрғыдан дайын өз орыны бар. Ал, екінші датаны он алтыншы желтоқсанның өз өн бойына қалдырсақ дейміз.

Он алтыншы желтоқсан... Сөз жоқ,  бұл күн  мынадай мазмұнда аталып өтуі керек деген ойдамыз.

 

  • Сол күні біз символикалық тұрғыдан еңкейген қаріден еңбектеген балаға дейін  мешітке барып, азат жолда жанын қиған шаһиттер рухына құран бағыштап, Жаратқаннан еркіндігіміздің баянды, тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуын тілесек.

 

  • Бұл күні мемлекеттік телеарналар тарихымызға позитивті призмада қарап, намысымызды жанып, рухымызды тіктейтін тек танымдық бағдарламалар циклін көрсетсе.

 

  • Қасиетті де, қастерлі осы күні мадақ пен мақтанды тақырып қылмай  елімізде  күнге бүгінге дейін орын алған  келеңсіздіктерді шенейтін, сондай-ақ  еліміздің болашақтағы  прагматикалық  дамуына нақты сараптама жасаған ғылыми жұмыстар мен публицистикалық мақалаларға байқау жарияланса. Мәселен, елордадағы көлік кептелісін қалай шешуге болады деген секілді...

 

Жоғарыда ғана 16  желтоқсан ұлттың рухани тазару күні болуы тиіс дедік. Тазару  дегеннен шығады ғой, егер де мемлекет осындай орын алған кемшіліктер мен келеңсіздіктерді дер кезінде реттеп отырмаса, оның реалды шын кейіпкеріне аз-ақ күнде айналып кетеді емес пе?!

 Біз өзіміше осылай дедік...

 Әгәрәки, бұған қосымша ұсыныс айтып ой қосамын деген азаматтар табылып жатса олардың  пікіріне де жол беріп тек ғана мархаббат дейміз...

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English