«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Ақтөбе облысында «Алтын адам» табылды

1296 0
Ақтөбе облысында «Алтын адам» табылды
Ақтөбе облысы, Темір ауданының Тасқопа елді мекенінің маңынан б.з.д. V ғасырда алтын киіммен жерленген сармат көсемінің қорғаны табылды.

Осы жаңалықпен Фейсбук әлеу­меттік желісінде бөліскен Ақтөбе об­лысының әкімі Оңдасын Оразалин: «Бүгін археологтардан ақжолтай хабар келді. Темір ауданының Тасқопа елді мекенінің маңынан б.з.д. V ғасырда алтын киіммен жерленген сармат кө­семінің қорғаны табылды. Кезекті «Ал­тын киімді көне ескерткіш» – Ақ­төбе өңірінің ғана емес, бүтін қазақ елі­нің тарихында ерекше орын алатын тарихи құндылық.

 Кешегі Есік қаласынан, Шығыс пен Аты­раудан табылған көне ескерткіштердің жалғасы бүгін Ақтөбе жерінен де көрініс берді. Бұл дегеніміз сол заманда қазақ жерін мекендеген бабаларымыз өркениеттің жоғары сатысында өмір сүргендігін көрсетеді. «Бұл қойнауы құтты, тарихы тереңде жатқан Ақтөбе өңірінен табылған құндылықтардың бастамасы ғана деп білемін. Мұндай тарихи жәдігерлер әлі де көптеп табылып, дүние жүзінің алдында Қазақ елінің мәртебесін көтереді деп сенемін», деп жазды.

Айта кетейік, жоғарыда аталған аумақтағы қазба жұмыстарын Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының қызметкерлері жүргізген. Қазба жұмыстары кезінде табылған қабірдегі адамның киімі алтынмен жалатылған. Қабірде жылқы да көмілген, оның ер-тұрман әбзелдері де бағалы металмен қапталған.

 

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English