«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

КСРО кезіндегі соңғы халық санағы

3670 0
КСРО кезіндегі соңғы халық санағы

Осыдан 30 жыл бұрын яғни 1989 жылдың қаңтарында ССРО-ның Бүкілодақтық халық санағы басталды. Бұл сонымен бірге ССРО-дағы соңғы халық санағы болғанын айта кету керек.

Совет үкіметі билік құрған 70 жылдың ішінде бүкілодақтық халық санағы 1926, 1937, 1939, 1959, 1970, 1979, 1989 жылдары жүргізілген. Халық санағы – бұл уақыттың белгілі бір аралығында елдің әр тұрғынын немесе территориясын сипаттайтын демографиялық, экономикалық және әлеуметтік мәліметтерді жинау процессі. Елдің экономикалық өмірін ұйымдастыру, өкілдіктерге заңнамалық мекемелерді анықтау, халықты ғылыми тұрғыдан зерделеу үшін қажетті халықтың саны, құрамы мен орналасуы туралы мәліметтерді алуға тек халық санағы ғана мүмкіндік береді. Халық санағы ежелгі Үндістан, Египет елдерінде де жүргізілген, сонымен қатар, Шыңғыс хан ұрпақтары XIII ғасырдың ортасында есеп және алым-салық салу үшін орыс князьдықтарында халық санағын жүргізгендері белгілі.

1897 жылғы 9 ақпанда (жаңа стильмен 28 қаңтарда) жүргізілген Ресей империясының тұңғыш (және жалғыз) тұңғыш жалпы халық санағын жүргізген кезде қазақ халқын да санауға әрекет еткен. Санақ бүкіл елде халықтың 1897 жылғы 9 ақпандағы жай-күйі бойынша бірыңғай бір бағдарламамен және жалпы нұсқаулық бойынша жүргізілді.

Бағдарлама 14 сұрақтан тұрды: жынысы, жасы, неке жағдайы, табы немесе шені, туған жері, тіркелген жері, тұрақты тұратын жері, діні, ана тілі, сауаты, кәсібі, дене кемістігінің немесе жан ауруының болуы. Санақ материалдары 100 томды құрады, оның бір бөлігі Қазақстанға арналды. 1897 жылғы жалпы халық санағы бойынша Ресей империясында 3745 мың қазақ, оның ішінде Қазақстан аумағында 3392 мың қазақ тұрған. Қазақстанда үш ірі этникалық топ ерекшеленеді: халықтың 74-78% құрайтын қазақтар, орыстар - 10-13% және украиндықтар - 1-2%. Советтік кезеңде жүргізілген әр халық санағының өзіндік ерекшеліктері болды. Мысалы, 1926 жылғы халық санағы – НЭП (жаңа экономикалық саясат) кезінде өтті, сондықтан да санақ кезінде негізгімен қоса қосымша кәсібі туралы және ол кәсіптегі оның орны туралы (мысалы, «қожайын», «жалдамалы жұмысшы», «қызметші», «рантье» және т.б.) да сұрақ болған. Қала тұрғындары отбасы картасын толтырған, онда неке жағдайы туралы мәліметтер енгізген («бойдақтар», «некедегілер»,»жесірлер», «ажырасқандар»), дене кемістіктері және олардың пайда болу себептері (Бірінші дүниежүзілік немесе Азаматтық соғыс кезінде алған жарақаттар) көрсетілді. Қатал қыс жағдайында халық санағын жүргізу үшін статистер, мектептер мен интернат мұғалімдері, жер шаруашылығы халық комиссариаты, Қаржы халық комиссариаты, НКВД мен жергілікті атқару комитеттері кеңестерінің қызметшілері жұмылдырылды. Ауыл-қыстау тізімі, шежіре таблицасы, екі шақырымдық схемалық карталар бойынша шаруашылықтар араланған: «Орыс және басқа да қазақ емес шаруашылықтарда ешбір жағдайда да жиындар шақырылмасын, қазақ халқы үшін ауыл-қыстаулардың халқын аралау міндетті» 

Қазақстан халқы (1897-1926 жж.)

Ұлты 1897 1926  Абсолюттік өсім

Меншікті салмақ өзгерісі

%-бен

Қазақтар 3392,8  3627,6  234,8 107
 %  81,8  58,5       
Орыстар  454,4  1275,1  820,7    281
 %  11,0    20,6      
 Басқа этностар 300,6 1293,7   903,1  430 
% 7,2 20,9    
 Барлығы:   4147,8   6196,4  2048,6  49  

Келесі халық санағы 1933 жылға белгіленген еді, бірақ 1932-1933 жылғы аштықтан орын алған қорқынышты демографиялық шығынды жасыру үшін ел басшылығы халық санағының мерзімін 1937 жылғы қаңтарға өзгертті.

Арнайы партиялық-мемлекеттік комиссия халық санағы жобасына дін туралы сұрақ енгізді. Социалистік индустриализацияның табыстарын дәлелдеу үшін 1937 жылғы халық санағы барысында комиссия ауыл тұрғындарын қалалық мәртебесіне ауыстырып, қала халқының санын өсірді. Халық саны 162 миллионды құрады, бұл И.В.Сталиннің БКП (б) 17-ші съезінде ресми жария еткенінен әлдеқайда аз еді. «Жаппай сауаттылық» орнына санақ кезінде ерлер арасында сауатсыздықтың 14% екенін және әйелдер арасында 34% екенін көрсетті. Ересек тұрғындар арасында дінге сенушілер пайызы да көп болды (57%).

ССРО ХКК-нің 1937 жылғы 26 қыркүйектегі қаулысымен халық санағы «ақаулы» деп жарияланды. Халық санағын ұйымдастырып, оны жүргізгендердің көбі 1937 жылы тұтқындалып, И.А. Краваль, О.А. Квиткин және басқа да басшылар атылады, сол үшін де санақ «расстрельной» деген атқа ие болды. Санақ кезінде жиналған мәліметтер (100-ден астам том) қатаң құпияланды.

1937 жылғы санақ бойынша Қазақстан халқының ұлттық құрамы

Ұлты ұлттар саны %
Жалпы халық 5 126 676 100 
Қазақтар  2 181 520 42,6 
Орыстар 1 917 673 37,4
Украиндар  549 859 10,7
Өзбектер 109 978 2,2  
Немістер 92 096 1,8
 Татарлар 80 568  1,6   

ССРО шегіндегі қазақтар саны 1937 жылы 2 862 458 болды, оның ішінде Қазақстанда - 2 181 520, РСФСР-де - 292 099, ӨзбССР-де - 287 214. 30-шы жылдардың аяғында Қазақстан халқының саны кенеттен азаюы аштықпен байланысты болды. Қазақ ауыл шаруашылығы есебі басқармасы бұны ССРО-дан тыс шыққандар санының көп болуымен деп түсіндірді.

1939 жылғы 17 қаңтарда ССРО халқы санының өскенін әлемге көрсету үшін тағы бір халық санағы жүргізілді. Өсім көрсетілді, дегенмен бұл санақтың деректері тұтас картинаны бермейді, шашыраңқы әрі көп жағдайда қайшылықты. Кейін материалдың көп бөлігі құпия қорларға ауыстырылды.

Соғыстан кейінгі алғашқы халық санағы 1959 жылғы қаңтарда жүргізілді.

1959 жылғы санақ бойынша Қазақстан халқының ұлттық құрамы

Ұлты ұлттар саны %
Жалпы халық 9309847 100
Қазақтар 2794966 30
Орыстар 3974229 42,7
Украиндар 762131 8,2
Өзбектер 659751 7,1 
Немістер 191925  2,1
 Татарлар 136570 1,5 

1970 жылы санақта санақ жүргізілген жерде; тұрғылықты жерінде болмауының себебі мен уақыты туралы жаңа сұрақтар қосылды. Қосымша бағдарламада еңбек жасындағыларға (ерлер – 16-59 жас, әйелдер – 16-54 жас), үй шаруашылығы мен қосалқы жеке шаруашылықта жұмыс істейтіндерге арналған сауалнама парағы, қатынамалы көші-қон бланкы – халықтың тұрғылықты жерінен жұмысқа, оқуға барып-келуі және т.б. болды.

1979 жылғы халық санағы көші-қон қозғалысының жылдамдығын, қосалқы шаруашылықта жұмыс істеу деңгейінің төмендігін, туу деңгейінің төмендігін көрсетті.

1989 жылғы санақ парақтарында респонденттердің тұрғын үй жағдайы туралы сұрақтар болған. Жеке пәтерлер мен жеке үйлерде барлық отбасылардың 86%-ы тұрған. Санақ деректері бойынша 15 және одан жоғары жастағылардың 61,2%-да жоғары және толық орта білімі болған, олардың ішінде 92,1%-ы жұмыс істеген. Халықтың 50% жуығы қоғамдық өндірісте жұмыс істеген;  20%-дан аса халықтың негізгі табыс көзі – зейнетақы, жәрдемақы, стипендия немесе мемлекеттен қамтамасыз етудің басқа түрі. Халықтың 30% (негізінен оқушылар мен мектеп жасына дейінгі балалар) ата-анасының немесе басқа туыстарының асырауында болған. Халықтың  15%-да екі табыс көзі болған, олар негізінен жұмыс істейтін зейнеткерлер. Санақ кезінде жалғызбастылардың көптігі анықталған: 16,4 миллион отбасы жоқтар немесе олармен байланысын жоғалтқандар.

1989 жылғы санаққа сәйкес халықтың этнодемографиялық құрамы көрсеткендей, 1979-1989 жж халықтың жалпы өсімінде қазақтардың үлес салмағы 70%-ды, орыстар – 13%, немістер - 3% құраған. Қазақстандағы қазақтардың өсімі 23,5%, орыстар - 3,9%, немістер - 6,4%, татар - 4,6%, өзбектер - 26,1%, белорустар - 0,6%, ұйғырлар - 25,3% мен корейлер - 12,3% құраған. Қазақ отбасындағы балалар саны кеми түскен: 1972 ж. - 5,01, 1978 ж. - 4,85, 1985 ж. - 4,27. Қазақстанның оңтүстігінен солтүстікке, батыстан солтүстікке қазақтарды көшіру басталған. Сонымен қоса, Қазақстанға Ресейден, Орта Азиядан, Моңғолиядан және басқа елдерден қазақтардың қайта оралулары жалғасқан.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English