«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Қ.Құдайбергенов: «Алаш» атауы Ресей империясының аумағында да жоғары беделге ие еді

1441 0
Қ.Құдайбергенов: «Алаш» атауы  Ресей империясының аумағында да жоғары беделге ие еді
2017 жылы Қазақстан «Алаш» қозғалысының 100 жылдығын, 2018 жылы ұлттық қарулы құрылымның 100 жылдығын атап өтті, сол жылы «Алаш» тарихына байланысты құжаттардың тұңғыш жинағы шықты

Белгілі тарихшы, зерттеуші, «Тұран» колледжінің құрылтайшысы Қуандық Шыңғысұлы Құдайбергеновтың «Алаш» тарихына байланысты құжаттардың алғашқы жинағы өз оқырмандарын тез баурап алды. Биыл ғалым «Алаш» қызметіне арналған екінші жинағын даярлап шығарды. Оған жаңа, бұрын ғылыми айналымда болмаған құжаттар енгізілген.

- Сәлеметсіз бе, Қуандық Шыңғысұлы. Сіз бізді және біздің оқырмандарымызды өзіңіздің жаңа ғылыми еңбектеріңізбен қуантып отырсыз. «Алаш» қозғалысына деген бұндай қызығушылық неден туып отыр?

- Сәлеметсіз бе, шынында да, «Алаш» ерекше, мен айтар едім, қасиетті мәнге ие деп. Неге екенін түсіндірейін. ХХ ғасырдың басында Ресей империясының барлық территориясында, оның ішінде Қазақстан да бар, маңызды өзгерістер болды. Олар Мемлекеттік Думаға сайлаудың себебі болған 1905-1907 жылғы революциялық оқиғалармен байланысты болды. Дәл осы бірінші орыс революциясынан кейін ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушылары Абай Құнанбаевтың, Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің ізін жалғастырған тамаша қазақ зиялыларының, кемеңгерлерінің саңлақтар тобы пайда болды. Бірінші орыс революциясынан кейін қазақ даласында «Алаш» қозғалысы пайда болып, ол тек қазақ қоғамында ғана емес, сонымен қатар Ресей империясының аумағында да жоғары, мәртебелі жағдайға көтерілді. Партияның басында Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Әлімхан Ермеков, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Жақып Ақпаев, Райымжан Мәрсеков және тағы басқалары сынды Ресей мемлекетінде белгілі қайраткерлер тұрды. Олар тамаша университеттік білім алған, мемлекеттік салада да танымалдыққа қол жеткізген, кадеттік партиядан шыққан. Ұлттық қозғалыстың басына тұрған интеллигенция өкілдері өзіндік ұлттық мәдениетті сақтау мәселелерін көтерген. «Алаш» партиясы мемлекеттік, саяси сипаттағы мәселелерді көтерді, ал бұл, әлбетте, ресейлік мемлекеттік билік органдарының көңілінен шықпады. Ресей шет аймақтарының бәрін қандай да бір ұлттық ерекшеліктерінен, мемлекеттілік белгілернен жылдам ажыратуға тырысқанын, ұлттық ерекшеліктерді өшіру жолымен жүргені белгілі.

- Сол кездегі саяси партиялардың көпшілігі Ресей мемлекеті құрамында автономия құру туралы мәселені қарастырмаған.

- «Алаш» көшбасшылары бұл сұрақты алғашқылардың бірі болып көтерді. Әңгіме мынада, бірінші орыс революциясынан кейін, саяси-нормативтік тұрғыдан рәсімделмесе де «Алаш» партиясы өз деңгейінде жұмыс істеп тұрды. Ақмола облысының әкімшілік орталығы – Омбыда шығып тұрған облыстық қырғыз газеті арқылы қазақ қоғамының проблемаларын жариялы талқылау басталды. Газет беттерінде шабындықты қалай суару керек, егінді қалай егу керек, қазақ даласындағы көп казак кордондарының ішінде қалай күнкөріс қылу керек деген сияқты сұрақтарды қарастырған. Дағдарысты еңсеруге арналған шешімдерді әзірлеу тапсырмасы тұрды. Қазақ қоғамы дәстүрлі болып қала отырып, өзін-өзі сақтауға арналған шараларды қабылдауы керек болды.

- Екінші құжаттар жинағы неге арналған?

- Екінші құжаттар жинағы 1917 жылдың қазанында болған Бірінші Сібірлік облыстық сиезбен байланысты оқиғаларға арналған. Қазақстан тарихында, жалпы Ресей мемлекеті тарихында, 1917 жылғы ақпан буржуазиялық революциясынан қазан революциясына дейін «қос үкіметтік» болды. Түрлі саяси күштер арасында, революциялық өзгерістерді жақтаған большевиктер мен монархияның сақталуын және оның буржуазиялық республика жолымен эволюциялық дамуын жақтаған саяси күштер арасында күрес жүріп жатты. 1917 жылдың қазанында Томскіде Сібірдің түрлі саяси күштері жиналады. Онда Қазақстан мен Орта Азиядан делегаттар келеді. Күн тәртібінде жалғыз ғана сұрақ тұрды – Ресей мемлекетін әрі қарай қалай дамыту керек? Монархияның құлауымен қос үкіметтілік те тәмам болды, ал бұрынғы Ресей империясының территориясында жаңа буржуазиялық мемлекет нормативті түрде рәсімделмеді. Бәрі де Ресей мемлекетінің тағдырын, оның ішінде түрлі мәртебедегі барлық халықтардың тағдырын анықтайтын құрылтай жиналысының шақырылуын күтті. Бұл кезде Бірінші дүниежүзілік соғыс әлі жүріп жатқан еді, ресейлік саяси бомонд соғыс қысымын сезіп тұрды. 1917 жылы Ресей әскери уақыт проблемаларының барлық қырын басынан кешті: азық-түліктің жетіспеуі, экономикалық проблемалар, оқ-дәрінің болмауы. Бұл революциялық қозғалыстар солдаттардың бір-бірімен «туыстасуына» және жаппай майданнан қашуына әкеліп, жағдайды одан сайын қиындата түсті. Билікті орталықсыздандыру үшін қоғамның мейлінше радикалды ортасы орын алған жағдайды пайдаланды. Қоғамда шектен тыс радикалдану және елдің құлауы қаупі туындады. Бұдан «Алаш» партиясының басшылары да қорықты. Бірыңғай мемлекет құруды жақтаған олар «Алаш» федеративтік Ресей құрамындағы автономиялық мемлекет болады деп үміттенді. Екінші жинақ Томск облыстық мемлекеттік мұрағатының эпистолярлық дереккөзіне арналған. Жинақ өте қызықты. Біріншіден, ғылыми айналымға жаңа құжаттар енгізілді, олардың ішінде съезд делегаттарының толық тізімі, Әлімхан Ермековтың, Райымжан Мәрсековтың, Әлихан Бөкейхановтың съезде сөйлеген сөздері тұңғыш рет жарияланып отыр. Бірқатар құжаттар бұған дейін де жарық көрген еді, бірақ негізгі бөлігі алғаш рет басылып отыр. Жинақ «Алаш» партиясының қалыптасуы мәселелеріне, оның мәртебесіне, одан кейін 1917 жылдың желтоқсанында заңды түрде толықтай құрылып болған «Алаш» мемлекетінің құрылуына оқырман назарын тағы да бір рет аударады.

Ә.Ермековтың делегаттық карточкасы

- Кез-келген тарихшы өз зерттеулерінде бірінші кезекте мұрағаттық құжаттарға сүйенуі керек. Жинағыңыз үшін қай мұрағат негізгі дереккөз болды?

- Мұрағат құжаттары – ғалым үшін басты ақпарат көзі. Мұрағат құжаттары негізінде біз ғылыми гипотезаларға растау ала аламыз, ғылыми фактілерді куәлендіреміз, өткен оқиғалардың хронологиясын қарай аламыз. Жинақта көп қызықты мағлұмат беретін Том облысының Мемлекеттік мұрағатының бірегей дереккөздері ұсынылған, оның ішінде белгілі қоғам қайраткерлерінің каллиграфиялық жазуын, маңызды мемлекеттік құжаттардың қалай рәсімделіп, тіркелгенін көруге болады. Жинақ тек тарихшыға ғана емес, сонымен қатар филолог, мәдениеттанушы, географ, саясаттанушы үшін де қызықты. Бұл жинақ тарихидан гөрі, пәнаралық сипатқа ие. Партия мен мемлекеттің саяси құрылу процессінен көптеген құжаттар хабар береді. Әлі құрылмаған Ресей демократиялық республикасы құрамындағы автономиялық мемлекет ретінде жоспарланған «Алаш» жазмыштың жазуымен Том съезінің және одан кейінгі болған оқиғалар нәтижесінде өз алдына жеке мемлекетке айналды.

Мен, тарихшы ретінде, «Алаш» мемлекеті Қазақстан территориясындағы тұңғыш зайырлы мемлекет болды деп сенімді түрде айта аламын.

Екіншісі, кейін Қазақ ССР-і болып қайта құрылған Қазақ АССР-і. Қазақстан тарихындағы үшінші зайырлы мемлекет – ССРО ыдырағаннан кейін, 1991 жылы құрылған Қазақстан Республикасы. Біздің мемлекеттілігіміз өз бастауын «Алаш» партиясы кезінен бастайды, сол кезде Қазақстан территориясы мен шекарасы алғаш рет құжатпен және заңды түрде бекітілді. Қазақстанның шекарасын бірінші болып дәл осы «Алаш» басшылары межелеп берген. Біздің кезімізде, Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай, Ресей және Орталық Азия республикаларымен мемлекеттік шекараны межелеу туралы заңға қол қойған кезде, бұл процесс толығымен аяқталды. Бұл өте маңызды жетістік! Ортағасыр дәуіріндегі қазақ мемлекеттілігінің тарихы нақтылықтың, нормативтік-құқықтық құжаттардың жетіспеушілігінен, жекелеген ғалымдардың субъективті көзқарасынан зардап шекті. Оның үстіне, көшпелі мемлекеттің дәл белгіленіп сипатталған шекарасы бола бермеді, сәйкесінше, бұл мәселені басқа қырынан, басқа тәсілдермен қарастырған жөн. Біздің ата-бабаларымыз Түмен, Самара, тіпті сол Том жеріне дейін көшіп-қонып жүрген, Таулы Алтайда тұрған. Қазақстанның шекарасы экономикалық, саяси ахуалға және сыртқы саяси қауіпке тәуелді болды. Дәл осы «Алаштың» арқасында Қазақстанның аумағы межеленді. Солардың іс-қимылдарының арқасында Қазақстан әлемдегі ірі он елдің қатарына кірді.

-Қазіргі зайырлы мемлекеттіліктің бастауын «Алаш» партиясы қалады деп түсіну керек пе?

- Иә, бірақ бұл «Алашқа» дейін бізде мемлекеттілік болған жоқ дегенді білдірмейді. Тегінде, қазақ мемлекеттілігінің тарихын біз Орыс ханның билігінен бастауымызға болады.

Одан қала берді, осыдан бірнеше жыл бұрын, ҚазҰУ-нің тарихшылары VIII-IX ғасырларда парсы билеушілерінің қазақ хандарымен саяси байланыстары сөз болған бірегей қолжазбаларды Тегеран кітапханасынан тапты.

Мен қазақ хандарын жай айтқан жоқпын, өйткені «ҚАЗАҚ» деген сөз алғаш рет осы қолжазбаларда кездеседі. Қазіргі тарихи зерттеулерде ғалымдар «қазақ» сөзінің этимологиясын Қазақстан аумағында моңғол ұлысының ыдырауынан кейін орын алған процесстермен байланысты талдайды. Бұл онша дұрыс емес, өйткені әлемдік державалар ортағасырлық Қазақстан аумағында көшіп жүрген біздің алыс арғы аталарымызды қазақ деп атаған. Бұның дәлелі – Иран кітапханаларынан табылған олжалар. Бұл сенсациялық олжалар әрі қарайғы ғылыми жарияланымдарды талап етеді.

– Топтама бұнымен бітпейді дедіңіз. Жалғастыру жоспарыңызда бар ма?

- «Алаш» қозғалысы эпистолярлық дереккөздерінің бес жинағы жоспарланған. Үшінші жинақ 1917 жылдың желтоқсанында Томда өткен екінші жалпысібір съезінің құжаттарына арналады. Съезге Қиыр Шығыстан, Сібірден, Орта Азиядан өкілдер, оның ішінде «Алаш» партиясынан бірнеше делегат қатысқан. Бұл құжаттар алғаш рет жарияланғалы отыр. Келесі кезең – 1918 жылғы оқиғаларға қатысты құжаттар жинағы. Бұл кезде «Алаш» мемлекет және оның қарулы күштері ретінде қалыптасуы аяқталған кез болған. Құжаттар Сібір, Колчак үкіметін қоса алғанда, «Алаш» саяси ортасымен болған қарым-қатынастардың ауырлығы мен күрделілігін көрсетеді. Шынын айтқанда, Колчакта мемлекет болды деп айта алмаймыз. Бұл мықты әскери ядросы бар саяси орталық болды. Сол Колчактың үкіметіне қарағанда, «Алашта» мемлекет белгілері көбірек болды. Колчакты «Алаш» үкіметімен салыстыру дұрыс емес деп ойлаймын, өйткені «Алаш» мемлекеті саяси рәсімделген болатын. Төртінші жинақта 1919-1920 жылдардағы барлық саяси өзгерістер толықтай көрсетіледі. Бесінші жинақ мемлекеттің әлемдік саясат субъектісі ретінде рәсімделуін аяқтауына, яғни ақырғы кезеңге арналады. Онда «Алаш» мемлекеттілігін мойындау, «Алаштың» түрлі саяси ұйымдармен, қозғалыстармен, оның ішінде Колчак үкіметі де бар, түрлі Сібір өңірлік овтономиялық бірлестіктерімен, оның ішінде Комуч бар, қарым-қатынастары туралы құжаттар және соңында большевиктермен қарым-қатынасты рәсімдеуге қатысты құжаттар ұсынылады. Мен бүкіл Ресей империясындағы либералдық ұйымдардың тарихын талдай келе, тек Қазақстанда ғана либералдық күштердің совет билігі басшыларымен келісімге келе алды деген қорытынды жасадым. Совет кезеңінде билік басында басқасынан ұзақ болған осы «Алаштың» либералды қайраткерлері, олар ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы репрессияларға дейін тұрған. Алайда, 5-ші жинақты аяқтау үшін Уфа, Орынбор, Иркутск, Хабаровскінің мұрағаттарымен жақсылап жұмыс істеу қажет. «Алаш» үкіметінің Жапония, Германия сияқты елдердің билеуші топтарымен байланысы туралы дереккөздер де көп.

- Ресей империясы ыдырап жатқан кезде ұлттық мемлекеттердің қалыптасу процессі жүріп жатты, Кавказ бен Прибалтиканың жас республикалары өздерінің тәуелсіздігі туралы жариялап қана қоймай, сонымен қоса, Париж бейбіт конференциясының және халықаралық қауымдастықтың мойындауына ие болды. «Алаштың» халықаралық мойындалуы туралы белгісіз. «Алаш» басшылары Колчактың Сібірдегі уақытша үкіметінің жанындағы шетелдік миссиялардың өкілдерімен өзара қарым-қатынас жасап отырғанын білесіз. Осындай мойындаудың қандай да бір фактілері болды ма?

- Өте қызық және орынды сұрақ. АҚШ-тың Сібір және басқа өңірлердің, оның ішінде Қазақстанды қоса алғанда, тұрғындарының өз еркін білдірулеріне араласпайтыны, өзіндік дамуы бойынша кез-келген әрекеттерін қолдайтыны туралы Америка Құрама Штаттарының бас консулдығы өкілінің жазған хаты белгілі. «Алаштың» да халықаралық құқықтық субъектілігін мойындайтын осыған ұқсас хаттар мен растауларды алғанына мен әбден сенемін. Ал олардың бізге қолжетімсіздігі басқа мәселе. Бұл құжаттар менде әзірге жоқ. Совет заманында «Алашқа» қатысты көптеген құжаттар НКВД мұрағатында, кейін МҚК мұрағатында сақталды. Олар біз үшін қазір де жабық, ғалымдардың қолы жете бермейді. Гуверов соғыс, революция және бейбітшілік институты мұрағатының қорларын қарау керек сияқты, бұл бағытта танымал тарихшы Бүркітбай Аяған жұмыс істеген. Қытай мұрағаттарын қарау керек. Оларда тағы бір аз зерттелген тақырып – қытай «Алашы» тақырыбы жасырулы. «Алаш» басшыларының бір бөлігі Қытайда тұтас қозғалыс жасаған. Солардың бірі Райымжан Мәрсеков совет билігін мойындап, қазақ халқының игілігіне қызмет еткен, бірақ 1922 жылы репрессия толқынына ұшыраған. Алдағы тұтқындалу туралы біліп қалып, ол Қытайға қашқан. Қытай мұрағаттарынан қызықты дүниелер табамыз деп ойлаймын. Моңғол мұрағаттарында да бірдеңе болуы мүмкін. Райымжан Мәрсеков Жапонияға шыққан, сондықтан Жапония мұрағаттарынан да іздеу керек деп ойлаймын. Жапонияның Райымжан Мәрсековты «Алаш» көшбасшыларының бірі ретінде қарастырғаны маған нақты белгілі. «Алаш» әскерін құру кезінде ол Қиыр Шығысқа барып, «Алаш» әскерін қамтамасыз ету үшін Жапониядан қару-жарақ алдырмақшы болған. Іздеу жұмыстарын әлі де жалғастыра беру керек, бірақ олар тек қаржы жағынан ғана шектеулі емес, сонымен қатар бұл жерде тіл мәселесі мен дипломатиялық сипаттағы мәселелер бар.Алаш  қозғалысымен байланысты саяси процесстерді, олардың нәтижесі мен салдарын зерделемейінше, біз бұл тарихты аша алмаймыз.аРРжапонияның Райымжан Мәрсековты «»біз «»

  - Жинақ халқымыздың тарихына өзінің лайықты үлесін қосатынына кәміл сенемін! 

- Жуырда БАҚ-та мектеп және ЖОО-ның оқулықтары біздің тарихымыз туралы жағымсыз ой туғызады деген пікір шықты: біресе соғыс, біресе жоңғарлар, біресе аштық. Әрине, осыдан кейін адамның басында «Мың өліп, мың тірілген қазақ» деген трагедиялық образ қалыптасады. Бұл аса дұрыс емес. Тіпті, бізге жау қылып көрсететін жоңғарлардың өздері біздің ең үздік одақтастарымыздың бірі болған. Біздің тарихымызда табысты қарым-қатынас, ынтымақтастық кезеңдері де болған, одан соң билеушілер арасында туысқандық, достық қарым-қатынастар болған. Жоңғар көшпелі халық болғандықтан және Қазақ хандығын жалғыз мықты бәсекелес ретінде көргені басқа мәселе. Сондықтанда біз бұл қатынастарды түсіндіру тәсілін өзгертуіміз керек.

- Сізге көп рахмет. Ғылыми ізденістер көптен күткен нәтижені береді деп үміттенеміз.

- Кез-келген дереккөз кімнің болса да жекеменшігі бола алмайды. Былтыр Томскіден әкелгендерімді ҚР ҚК Әскери-тарихи музейіне сақтауға бердім. Құжаттар қоғамға, ғалымдарға, оқу орындарының студенттеріне тиесілі болуы керек, олар солармен жұмыс істеп, зерттеп-зерделеп, ғылыми айналымға қосулары керек.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English