«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

#Елордаескерткіштері. «Астана»

1650 0
#Елордаескерткіштері. «Астана»
Атақты мүсінші Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана» ескерткішінен бөлек, Целиноградтағы Сәкен Сейфуллиннің де ескерткішін жобалап жасаған

Қазақстанның солтүстігінің біраз бөлігін сақтап, халқы үшін адалдық пен батырлықтың символына айналған Жұмабек Тәшеневтің көшесі бойынан ұлттық киім киіп, қолына домбыра ұстаған жас қыз бейнесіндегі қола мүсінді тамашаласақ болады. Аяғының астында дала белгісі. Қыздың бейнесі жас астананы, оның әдемілігін паш еткендей.

Ескерткіш 2002 жылы 26 маусымда ашылды. Мүсіндік композиция авторы – Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, мүсін өнерінің доценті А.Х. Баярлин. Оның өнерге қызығушылығы 10-15 жасында басталды. 1972 жылы  Алматы өнер училищесін бітіріп, сол жылы Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет институтына түседі. Кейіннен белгісіз себептермен әйелі екеуі 1983 жылы Том қаласына көшіп кетеді.

Оқи отырыңыздар: #Елордаескерткіштері: «Жер-Ана»

Көптеген өнер сыншыларының жақсы бағалауынан соң, Азат Баярлинді 1986 жылы Красноярск Мемлекеттік өнер институтына сабақ мұғалімдікке шақырады. Ол жерде төрт жылға уақыт шәкірт тәрбиелеген А. Баярлин 200 жылы Алматы қаласына келеді. АҚШ-та көп саяхаттайтын А. Баярлинді Канаданың Торонто қаласына жұмысқа шақырады. Оның ойынша бұл уақыттар – оның өміріндегі ең керемет кезең.

2003 жылы Қазақстанға оралып, Нұр-Сұлтан қаласында өзінің шеберханасын ашады.

Мүсіншінің танымал жұмыстарының арасында — С. Сейфуллин ескерткіші, Саяси қуғын-сүргін құрбандарының мемориалы (тең авторлық), Нұр-Сұлтандағы «Бәйтерек» фонтаны (тең авторлық), Нұр-Сұлтандағы «Астана» мүсіндік композициясы, Омбыдағы Шоқан Уәлиханов ескерткіші, Мәскеудегі Әлия Молдағұлова мен Тұрар Рысқұловқа арналған мемориалдық тақталар бар.  КСРО, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Канада мүсін қауымдастығының мүшесі. Ресей Көркемөнер академиясының құрметті академигі болып сайланды.

Өнер адамының ішінде болып жатқан құбылысты көру қызықты секілді. Ендеше, Азат Баярлиннің шығармашылығының қыр-сыры мен ішкі түйсік құпиялары туралы бірер ауыз сөз.

Азаттың шеберханасында тыныштық орнаған. Айналада оның жұмыстары: камералы, білдекті, монументалды, пластилиннан, гипстен, терракотадан, қоладан, мыстан, тастан жасалған жұмыстар. Сондай-ақ, эскиздер, графикалық парақтар, көркем композициялар. Бәрі таңқалдырарлық, үйлесімді әрі жеңіл. Ең жарқын сезім — бұл кеңістік, еркіндік, кеңдік, ашықтық. Мүсіншінің айтуынша ол 12 жасында 40-тар шамасында үлкен ескерткіштер жасайтынын сезетін. Ал 30-дан асқанда жолы болмай, «творчествалық дағдарысқа» ұшырап, өз өзіне «не болып кетті өзі?» деп айтқан екен. Себебі, оның ішкі түйсігі бұған дейін оны ешқашан алдамаған.

Атақты мүсінші Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана» ескерткішінен бөлек, Целиноградтағы Сәкен Сейфуллиннің де ескерткішін жобалап жасаған. Оның айтуынша, бұл жұмыс өміріндегі маңызды ескерткіштің бір. Сәкен ескерткіші туралы Азат Баярлин былай дейді:

  • ­Басында, әрине, оның революционер, қайраткер, күрескер екенін білу маңызды болды. Дегенмен, маған Сейфуллинді таныған қарттармен кездесудің сәті түсті.  Міне, олардың әңгімелерінде мені қатты таңқалдырғаны, оның өте сымбатты, кербез, мәнерлі сөйлейтін, ақсүйектік мінезі бар адам болғаны. Нағыз зиялы. Бұл қиялға итермелеген шарттар болды. Бұл сәтті шыққан жұмыс болды. Қысқасы, сырттан алынған ақпараттар жақсы дүние жасап шығаруға үлкен пайда әкеледі. 

Оқи отырыңыздар: #Елордаескерткіштері. Кенесары хан

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English