«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Төрт томдықтың тұсаукесері

1177 0
Төрт томдықтың тұсаукесері

Бүгін, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаевтың ҚР ҚК  әскери-тарихи музейде "Казахское общество- истоки и история" төрт томдығының тұсау кесері өтті.

Жамбыл Артықбаев 1959 жылы Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Жаңақала ауылында дүниеге келген. Қарағанды мемлекет университетінің тарих факультетін бітірген. 1984 жылы еңбек жолын бастаған Ж.Артықбаев Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетінде оқытушы болған. 1997 жылдан осында кафедра және лаборатория меңгерушісі. Павлодар мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі (2003–08), 2008 жылы Астана қаласындағы Мемлекет тарихы ғылым-зерттеу институты директорының орынбасары болып қызмет атқарды. «ХVІІІ ғасырдағы қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның негізгі ғылым еңбектері 15–19 ғасырлардағы қазақ қоғамының этноәлеумет мәселелерін зерттеуге арналған.

Артықбаев Қазақстан тарихы мәселелерін қарастыратын бірқатар кітаптар мен оқулықтардың авторы.

«Бұл кітаптар менің ғылыми шығармашылығымның нәтижесі деуге болады. Өйткені, төртінші томы «Казахское общество в XIX веке традиции и инофации» бұл менің толықтырылып шығарылған кандитаттық дисертациям. Үшінші томы да менің докторлық диссертациям. Ал енді «Кочевники Евразий в калейдоскопе веков и тысячилетий» деген кітапты мен 2000 жылдардың басында жаздым. Жазуымның себебі, осы көшпелі әлемі не, оны қалай зертеу керек  деген сұраққа жауап іздедім. Осы көшпелілердің тарихтағы орны, неге отырықшылық болмады, неге көшпелілердің жақсы жақтары айтылмайды? Осы сұрақтарды қамту керек болды. Бұл кітап 2004 жылы негізі жарық көрді. Ғылыми айналымға кетті. Менің ойымша осы кітап біздің жоғарыдағы элитаға әсері болды. Себебі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы біраз дүние осы кітапта да бар. Ал екінші том осы қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау кезінде шықты. Осылай «Центральная азиатская издательство» ұсыныс тастап, барлығының басын қосып төрт том қылып жасап шықтық. 500 дана болып шығып жатыр», - деді кітаптардың авторы Жамбыл Артықбаев.

Тұсаукесер барысында келген қонақтар өздерінің кітап туралы ойларымен бөлісіп, кітап авторы туралы жылы лебіздерін айтты. Тұсаукесердің соңы профессор Жамбыл Артықбаевқа шәкірттері шапан кигізді.

ҚОСЫМША ФОТОСУРЕТТЕР

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English