«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев
Бұл күн тарих бетінде

Қазақтың ата-бабасы – Сәнбейлер ІІ БӨЛІМ

4112 0
Қазақтың ата-бабасы – Сәнбейлер ІІ БӨЛІМ
Сәнбей империясының даңқты көсемі Таңшықай (137-181) небары 45 жасында өмірден озады. Өкінерлігі, онан кейінгілері ондай құдыретті бола алмады

Жалғасы. Басы: Қазақтың ата-бабасы – Сәнбейлер

Хыбының Сәнбейдің кішірек атасынан шыққан, батыр тұлғалы, жол-жораға батыр әрі кескін, байлыққа қызықпайтын, көптің мүддесінен шығатын адам еді. Тайпасы шекараға жақын, Хы Бейға іргелес қоныстанған, жұңголықтарда көп адам бүлік шығарудан өлетін, қару өнерін үйрету, тіл жазуға машығатын. Сондықтан қорғаныс қосындарында бізге (Жұңгоға) еліктеп, шығып аң аулау, қосын байрағын тігу, дабыл қағылғанда шабуылдап не шегінетін болды. Жиян ан жылдары (196-220 ) Ян Рудың себеп болуымен тарту тартып келген болатын. Тайзу батысқа, Гуанжұңға аттанғанда Тиян Иін өзен аралығында қарсылық жасағанда Хыбының Ян Румен бірге 3000 атты жасағымен Тиян Янді талқандаған, кейін Дәй Жүнде Ахуандарға қарсы соғысып  қатерден сақтап қалды, Тәйзу Фу Лиңда Сау Жаңды атты жасақтардың сардары етіп, солтүстікке жорық жасаттырып, Ахуандарды талқандады. Хыбының шекарадан шығып, соңына жол ашып, үлкен есе қосты.

Ян Каң заманында Хыбының сәйгүлік тарту етті, патша Хыбыныңға «хан» атағын берді, 221 жылы Хыбыныңға Уй елінен (Уй патшалығының тұрғындарынан деп танылып)  делініп Сәнбейлерден 500 отбасымен Дәй Жүнға қоныстандырылды. Келесі жылы Хыбының тайпаластарының үлкен-кішілерімен Дәйжүннен Ахуандардың Киуру дегеніне 3000 атты жасақпен аттанды, 70000 мың қой мен сиыр олжалап қалаға қайтып келді, оған Уй елінен 7000 отбасы беріліп Шаңгуға қоныстандырылды. Кейін Сәнбей ақсақалы Сури және Дүбіген қатарлы үш тайпамен соғысты, соғыс тіпті қыза түсті. Тиян Үй оларды татуластырған соң бір-біріне шабуыл жасамайтын болды. 

Бес жылдан соң Хыбының Суриға қайта шабуыл жасады, Тиян Үй жеңіл атты жасақпен, Хыбының шынжырдан босаған құл сияқты болып Тиян Үйге жорық жасады, оны талқандады да қара ниеті қабына түсті. Хыбының уассал елдерге жауапты генерал Шиян Үй  арқылы патшаға дәттеме жазып: «Нұм тиектер жазу танымайды, сондықтан  мәнсаптыңыз Ян Ру менімен көктің ұлын қорғайды. Мен Суримен өштесіп, жылына оған шабуыл жасадым, ал Тян болса Суриға көмектесті. Мен шептен енді келіп хабарды уәзірден енді естіп отырмын да, дер кезінде әскерімді шегіндірдім. Дүбіген сан рет тонаушылық жасап інімді де өлтірді, қарғыснама оқып мені тонамақшы болды. Мен терістіктің рейі (көшпенді) жосынды жақсы білмеймін, аға-бауырларыммен ұрпақтарым көктің ұлының таңбасын алып, қой, сиырымызбен шөптің шұрайлысын қуалап көшіп жүрміз, бөтен ниетім қайдан болсын! Генерал көктің ұлы алдында маған кепіл болады» деп хат жазды, патша елшіден дәттемені көріп көңілі орнықты. Хыбыныңнің бұқарасы барған сайын көбейіп садақшыларының саны 100 мыңға жетті. Әр кез тонаушылық істеп тең бөліп отырды, қазірге дейін жауларының бәрінің көзі жойылды, қалған бұқара оны тәңірқұтша құрмет тұтты, десе де Таңшықайға жете алған жоқ еді.

Тайхының екінші жылы (228 жыл), Тиян Үй жазда Хыбыныңның күйеу баласының ұлысы Жүғанға барып, оны өлтіртті. Күзде Тиян Үй генерал батыстағы Сәнбей ұлысында пайда бола кетіп, Шігуінмен шекарадан бірге шығып Жұғанға тап берді де, оларды быт-шыт қылды. Онан Ма қаласына қайтып келгенде Хыбының 30 мың атты жасағымен жеті күн қоршады. Шаңгудің санғұны Ян Жі, Ру Жының інісі болып барлығы Сәнбейлерге алданды. Сәнбейлер өртеп, тонап, қоршауды тоқтатты. Кейін Южоудағы Шы Уаңға Шияу Үйлыққа тағайындалды, ол сенімсіз еді. Хыбының көп рет шекараға келіп Жау Жоуға тарту әкелді. 233 жылы Хыбының Дүбігенді шырғалап Бинжоуды шапты, онан татуласпақ болды, өзі түмен атты жасақпен салтанатты түрде солтүстік іргеге келді. Бинжоудағы Шы Уаң Би Гүйді сардар Су Таңға жіберіп, Дүң Үй қатарлылар қоса соғып, Хыбыныңның өкіл ұлы бастаған жасақпен Су Таңдар Лоу Панда шайқасты, шепте Су Таңды зақымдады. Үш жылда қанқұйлы сардар Хыбыныңды өлтірді, орнына оның інісі (Хыбының) отырды.

Сури, Сың Ха, Гуеки деген атамандары батыста, оңтүстік пен солтүстікте, шегараның сыртында болып халқы Хыбыныңнан көп еді. Жиян Аннің орта кезінде (205-210 жылдары) Ян Рудың себепкер болуымен олар ордаға тарту әкелген, Тұң қаласында Тәйзу барлығына «хан» атағын берген. Гуеки өліп оның орнына ұлы Самған хан болы. Янкаң жылнамасының басында әрқайсысы елші жіберіп тұлпар тарту етті. Патша Сури, Сың қаларға «хан» атағын берді. Сури мен Хыбының көп қырқысты.

228 жылы Сури өліп ұлы жас болғандықтан, інісі Сеңгін хан атанды да, жұртқа жария етті... Уй көркейіп батыс өңірдегі  Күчар, Ұдұн (Хотан), Қаңғар (Қаңлы), Асуан (У сүн), Сулы (Қашқар), Нүкүз, Тоқсұн, Қағылық қатарлы елдер тәуелдідік білдірмей, тарту әкелмей отыр, ол ханьдіктердің ертегісіне айналып барады» [15].

Сәнбей империясының даңқты көсемі Таңшықай (137-181) небары 45 жасында өмірден озады. Өкінерлігі, онан кейінгілері ондай құдыретті бола алмады. Сондықтан Сәнбейлер қайта бөлшектенді, десе де күні батқан Хань империясының қайта соғар қауқары жоқ еді. Сәнбейлер бірнеше тәуелсіз тайпалар одағы ретінде жалғасты өмір сүре берді. Эрамыздың 220 жылы Хань патшалығы жоғалды да оның солтүстік териториясы мен басым көп халқы Уй патшалығына қарады, Уй, Шу, У үш патшалық болып жұлқысқандықтан, олар солтүстікке мардымды шабуылдар ұйымдастыра алмады. Сәнбейлерде Уй елімен соғыстық жағдайда болып, олардың Қытай жерін біріктіруіне кедергілік жасады.

Эрамыздың 220 жылдары Сәнбей билеушылері арасында ең көзге түскені Хыбының болғаны деректе айтылды, оның әскері 100 мыңнан асып құдыреті жағынан тек Таңшықайдан ғана кейін тұрған. Көршісі Уй елімен кейде тату, кейде араз болған. Ол қытайлармен соғыса жүріп бір шайқаста қаза болды. Айта кетерлігі, осы тұста Уй патшалығы бұрын Хань басып алып бір мезет иелік жүргізген Қашқарияға билік жүргізе алмады. 659 жылы осы Сәнбейлердің Қытайланған ұрпақтары құрған Таң империясы ол жерді қайта басып алып бір ғасыр иелеп тұрды.

Сәнбейлер дәуіріндегі халықаралық жағдайлар

Сәнбейлер империя құрған кездегі халықаралық жағдай Ғұндардың тұсындағыдан басқаша болды, Гүнзен, Ежиза тәңірқұт кезінде Хань патшалығы күшейіп Ғұндармен тіресті, салық төлеуден бас тартты, Ғұндардың экономикалық көзінің бірі болған Тарым ойпаты мен Ферғанаға таласты, соңында осы жерлерді басып алды. Ал Сәнбей заманында Хань империясы қатты әлсіреді. Хань патшалығының соңғы бір ғасырындағы патшалар таққа тым жас отырды, сондықтан оған оның шешесі көмектесетін, онан ханымның туыстары, яғни нағашылары араласып билік жүргізетін. Патша есейгеннен кейін шенді әтектер арқылы олардан билік тартып алатын. Осылайша «Патшаның нағашылары мен шенді әтектер билеген заман» орнайды. эрамыздың 184 жылы сары орамал таққан көтерілісшілер мен Ханьның соғысы болып Хань елі қатты әлсіреді, онан кейінгі кезеңде жер-жердегі әскери шонжарлар бас-бастарына қожа болды, патшаның оларға билігі жүрмей құр аты ғана қалды. Хань елінде ондаған әскери шонжар елді бөліп басқарды, олар үнемі бір-бірімен қырқысып соңында үш үлкен саяси күш қалыптасты. 220 жылы Сау әулеті басқарған солтүстіктегі элита Хань патшасын тақтан түсіріп Хань патшалығы жойылды. Онан кейін елде үш патшалық пайда болып, 280 жылға дейін бір-бірімен қырқысты, осы кезде Қытай қоғамы аласапыран күйге түсті де, өз ішімен былығып Шығыс Түркістан мен көшпенділерге қарайтын шамасы болмады. Сәнбейлер болса Сау әулетінің Уей патшалығымен соғысып тұрды, Уей патшалығы үш патшалықтың ең күштісі болып қалған У мен Шуды біріктірмек болса да, солтүстіктегі Сәнбей империясыменде соғыс жағдайында болғандықтан, оны орындай алмады. Осы кездерде халық саны да үш есе кеміп қатты әлсіреп кетті.

Сәнбейлер заманында Ханьнан басқа Парсы империясы, Күшан империясы, Рим империясы болып төрт империя қатар өмір сүрді. Күшан империясы 130 жылы Нүкүздердің оңтүстікке жорық жасап, Бактрия, Тәжікстан, Кашмир, Пәкістан, Солтүстік Үндістанда құрған мемлекеті болатын. Олардың шығыс шекарасы Сәнбейлермен шектесіп жатты.

Сәнбейлердің ұлы көші

Жоғарыда деректе көрсетілгендей Сәнбейлер Ғұндардың атақонысын тартып алады. Ғұндардың 100 мың адамы тізе бүгіп қалғаны Орта Азияға ауа көшеді. Осы Ғұндар Алтай-Саянға, Қазақ даласына екі ғасырдай аялдайды. Сәнбей заманында Байқалдың шығысындағы Деңлеңдер кейін Байқалдың батысына ауып барады, батысқа үздіксіз жылжыған олар Алтайдан Ғұндарды ығыстырады, Ғұндар бір тобы оңтүстікке беттеп Ферғана мен Мәуераннахрды, онан Күшан империясын жеңіп 567 жылға дейін жалғасқан «Ақ ғұн» (Ефталиттер) мемлекетін құрады. Ал батысқа босқан Ғұндар батыс Қазақстаннан Аландарды жеңіп қуалап шығарады, олар Украина жерінен Герман тайпалары мен Аландарды қуғындаған беті Риым империясының іргесіне келіп тіреледі де, Еуропадағы Ғұн империясын құрады. Ал Деңлеңдердің батыс шекарасы Каспийге тіреледі. Орта Азия мен Қазақстан даласы жаппай түріктене бастайды, Угүр және Иран тілдес тайпалар дерлік ығыстырылады. Сәнбейлер Қытайды шауып тыным бермейді, 312 жылы Ғұндар Қытай астанасын басып алып, оны тозған жұртқа айналдырады. 355 жылғы дейін Сәнбей, Ғұн, Қият қатарлы көшпенділер Қытайдың терістігін басып алып, ұдайы қырғыншылық жүргізгеннен кейін Қытайлар жаппай оңтүстікке босады. Қазіргі Қытайдың оңтүстік провинцияларын бұрын Вьетнамдықтардың арғы аталары мекендеген, халық саны көп болмаған, бар болғаны 2.5 млн халық бар еді, ал 20-30 млн Қытайдың дені Чаңжияң дариясының терістігінде болатын, ендігі жерде олар жаппай оңтүстікке көшіп сол жерлерге тұрақтайды.

Сәнбейлердің тілі

Сәнбейлердің тілі Алтай тілдер семиясына жатады, Сәнбейлер Қытайды басып алып, 907 жылға дейін жиыны 16 үкімет құрды, сол патшалықтардың тарихтарында 69 Сәнбей сөзі сақталған, көптеген сөздері көне Түрік, Моңғол тілдерімен ұқсас, тіпті Қазақ тіліне де ұқсайды. Төменде 20 сөзді көрсеттік:

Сәнбей тайпалары

Көне түрік бітіктастарымен тіліндегі және орта ғасырлық моңғол тілді жазбалардағы тілмен ұқсастығы көп. Қазақ тілі көне Ғұн, Деңлең, Сәнбейлердің тілінің жалғасы ретіндегі көне түркі тілі және оған кейін көне Моңғол тілінің араласуынан қалыптасқан. Айта кетерлігі, ортағасырлық Моңғол тілі (XVIII-XV ғасырлардағы моңғол тілі) қазіргі моңғол тілімен салыстырғанда көне түрік тіліне көп жақын болған. Оның бір дәлелі «Моңғолдың құпия шежіресінің» сөздерінің (33802 сөз) 60%-ы  көне түрік және қазіргі қазақ тілімен бірдей екенін баса айтқан жөн.

Сәнбейлердің қанша тайпаға бөлінгені мәлім емес, қытай деректерінде тек үш үлкен тайпалар одағының атын ғана айтады, олар:

  1. Тоба сәнбей. Жоғарыда көрсетілгендей тобаның түбірі то, яғни топырақ. Көне қытай тілінде (туо ба, тоу бат, тоу боуғ), олар 380 жылы солтүстік Қытайды басып алып, солтүстік Уей патшалағын құрған. Кейінгі Таң патшалығын құрғандарда осы тайпадан шыққан, алайда қытайланған Сәнбейлер. Түрік қағанаты кезінде Тоба Сәнбейлер жағынан құрылған Таң империясын Табғач деп атаған, ол тобға сөзіне «с» көптік жалғауы жалғанудан жасалған болуы мүмкін. XI-XII ғасырдағы Керейт хандығының бір тайпасы Тобауыт, ол тобау дегеннің моңғол тіліндегі көпше айтылуы, Тобауытты тобоуғұт немесе тобоғұт деп оқуға да болады, бұл қазақтың Арғын құрамындағы белді тайпа Тобықтының атын еске түсіреді.
  2. Бониң (慕容), яғни Баян тайпасы. Жоғарыда көрсетілгендей бай деген мағынада, олар Қытайдың шығысын басып алып, Ян патшалағын құрған (337-370 жылдары). Ал 313 жылы олар батысқа ығысып Тибеттің шығысы мен Құмыл жерінде «Тұйғын мемлекетін» құрады. 663 жылы оны Тибеттер аударған. Осы тайпаның сахарада қалғандары баян атымен жүрген сияқты, баянның көпшесі баят, ІХ ғасырда Сыр бойында құрылған Оғыз мемлекетіндегі 24 тайпаның бірі баят еді, Қорқыт Ата осы баят болатын. Ал ХІІІ ғасырда Саян, Алтайдада баят атты тайпа болып, 1209 жылы Жошыға бағынған. Қазір моңғолдар ішінде баят руы бар, баяттың тағы бір көпше нұсқасы байас не байыс, бұл – Қазақтың Найман ішіндегі ең өскен рулардың бірі.
  3. Иоуын тайпалары. Олар Корейлермен жақсы қарым-қатынаста болған. 557-581 жылы олар солтүстік Жоу патшалығын құрғанда Түріктерге салық төлеп тұрған. Олардың ішінде дела тайпасы кейін Қидандарға барған, осы тайпадан Қидан империясын құрушы Абауке шыққан.

Ерте заман тұрғындарыны жасалған генетикалық анализдердің ішінде қазақтармен ең жақын халық – осы Сәнбейлер.

«Ішкі Моңғол археология зерттеу орталығынан 18 дана байырғы Сәнбейлердің сүйегі Уй Жиян доктор жағынан дайындалды. Уй мырзаның айтуынша, оны Цахар аймағының оң қанат хошұнынан 1995-1996 жылдары қазып алған. Жиыны 20 моланы қазып, ішінен 18-ін зертханаға жеткізген. Бұл сүйектер IV-V ғасырларға тән болып, Сәнбейдің тоба тайпасына жатады. Гаплогруп бойынша Туоба Сәнбейдің жиілігі: 43,75%, С3 :31,25%, 12,5% В, 6,25% А және 6,25% басқа» [16].

Ал Қазақтарға жасалған анализдердің қорытындысын тек мына мақаладан көрсек те жеткілікті: Қазақтарда гаплогруп С3-M217 типі 50.8% құрайды. Оның жартысы C3-M401 Шыңғысхан әулетінің гені» [17].

Екінші бір зерттеуде:

«Қытайдың Шанси провинциясының терістігіндегі көптеген молалардан 2004-2006 жылдары ерте заман тұрғындарының сүйектері қазып алынды. Естелік бойынша 56 моладан 89 адамның қаңқасы қазып алынды, оларды Қытайдың Чанчунь қаласындағы Цзилин университетінің зертханасына жеткізілді. Осы материялдарға жүргізілген анализ нәтижесі бойынша N, O*, O2a, O3 and Q1a1 Гаплогруптары анықталды, оның ішінде O3 тобы 33.34%-ды көрсеткен» [18].

Бұндағы O3 гаплогрубы Қазақтың 10%-ын құрайды. Ал Q1a1 Гаплогруптары Қазақта 3-4%.

https://www.familytreedna.com/public/alash/default.aspx?section=yresults осы сілтемедегі Генетикалық қортындыларда Қазақтың ең көп бөлімі C3 гаплогрубы екендігін, арғы Сәнбейлермен және кейінгі Моңғол (моғол) империясының өзекті тайпаларымен тіке туыс екенін көрсетіп тұр. Демек Сәнбейлер қазақтырдың арғы бабалары екеніне күмән жоқ!

Антропологиясы

Антропологиялық зерттеулер Сәнбейлердің Солтүстік Азиялық типке жататын халық екендігін спаттады. Бұл типке Қазақ, Қырғыз, Моңғол халықтарымен Сіберия мен Алтайдағы Түрік халықтары жатады. Қытай археологтары Ba gou,Hulunbuir‐zalanur, Liaoning‐Beipyo‐Lamadong, Liaoning‐Tsoyang‐Zartai yanze, Tsayuhuji, Sandovan Tsayuhuji Ulaantsav, Ulaantsav‐Sandu‐dundaji, Tsayuzunji‐Chilansan қатарлы жерлерден табылған ежелгі Сәнбей молаларынан 51 адамға анализ жасаған. Чанчунь қаласындағы Цзилин университетінің археология-антропология зертханасының анализі қортындысы мынадай:

«Антрополог zhu Hong мен Quan Chao ішкі Моңғолия мен басқа жерлерден алынған Сәнбей бас сүйектері антропологиялық ерекшелігі жағынан, нәсілдік типі жағынан қазіргі заманғы солтүстік Азиялық моңғолоид нәсіліне жататынын, кейбір сүйектерінің физикалық характерлері қазіргі Моңғолдармен және солтүстік Қытай тұрғындарымен тығыз байланысты екендігін көрсетті» [19].

Көне Қытай сызбаларындағы Сәнбей (қызыл киімді)

Ғұндардың антропологиялық ерекшеліктеріне жасалған зерттеулер олардың монғолоид нәсілі мен еуропалық нәсілдің араласпа типіне жататындығын анықтаған. Демек осыдан 2000 жыл ілгері Моңғолияның өзінде Еуропа келбетті адамдар көптеп өмір сүрген, бірақ біртіндеп азая берген. Қазақтардың антропологиялық ерекшеліктеріде негізі солтүстік азиялық моңғолоид нәсілі, десе де Сәнбейлерге қарағанда еуропалық белгілер көбейген, бұл кейінгі заман туындысы деуге болады, өйткені олар батысқа жылжығанда Ғұндармен, Деңлеңдермен араласты, XIII ғасырда зор топта батысқа қоныс аударған Қазақ рулары да батыстағы ру-тайпалармен үздіксіз араласты, осылайша бүгінгі қазақтың бет-пішіні қалыптасқан деуге болады.

Салт-дәстүрі мен шаруашылығы

«Тілі, тұрмыс салттары Ахуандармен бірдей, жерлері шығыста Лиаудұңға, батыста батыстағы қалаларға тіреледі. Көктемде үлкен жиналыс болып су үстінде қызықтайды, қыз алысып, қыз беріседі, шашын қырып (бастарының көп бөлімінің шашын тоқырайтып қырып, тек бір бөлімін өсіріп оны өріп, тұлым қояды) қояды. Мал түліктері Жұңгоға ұқсамайды, құлан, елік (ешкі?), мүйізді сиыр ( тәуешкі). Мүйізден садақ жасайды, бұрыннан айтылатын мүйіз садақ осы. Тағы барыс, на (суда жасайтын маймыл тектес аң), сусар, тері-жүндерімен төрт тарапқа аты шыққан. Сәнбей өздерін Модон талқандағаннан кейін Лияудұңға кіріп тасаланып, басқа елдермен қырқысқан емес, Хан еліне келіп байланысқандары да жоқ, ал Ахуандармен іргесі тиіп жатыр» [20].

Сәнбейлердің шаш қою салты XIII ғасырдағы моңғолдардың шашын елестетеді, ХІІІ ғасырдың ортасында моңғолдарға барып қайтқан Карпини моңғолдардың шашын былай сипаттаған:

«Олар маңдайларына дөңгелентіп кекіл қояды, Барлығы құлағының айналасынан үш елі жерін қалдырады, ол маңдайдағы кекілмен жалғасып тұрады, ал қалған жерлерін қырып тастайды, қалған шашын өсіріп өріп қояды [21]. Кейінгі кезде Моңғолдардың Жетісу жерінде құрған мемлекеті Моғолстандықтарда 1353 жылы Тұғлық Темір исламді қабылдағанша осылай жүрген екен. Мұсылмандыққа бет бұрғаннан кейін де Қазақтар кішкене балаларына тұлым және кекіл қойған, бұл әлі жалғасып отыр.

Ал шаруашылығына келсек малшылық пен қатар аңшылықта басты күнкөріс көзі болғаны айтылып отыр. Қазақтар күні кешеге дейін тәутеке мүйізінен садақ жасағаны баршаға аян. Сәнбейлер кейін Ғұндарды қуалап жіберіп сахараға шыққаннан кейін малшаруашылығы басым бола бастаған.

Уй кітабында Сәнбейлердің салттары туралы көп тоқталмаған, өйткені олардан бұрын Ахуандар туралы баяндалған, ал онда Ахуандар Сәнбеймен тегі бір әрі салттарыда бірдей екендігі айтылған.

Ахуандардың салты:

«Садақ тартуға шебер, сумен шөпті қуалай көшіп жүреді, тұрақты мекені болмайды, киіз үйді тұрақ етеді, есігін шығысқа қаратады. Күннің сәтінде аң аулайды, етін азық, жүні мен терісін киім етеді. Ер азаматты ардақтап қарттарға сәл қарайды, мінездері дойыр келеді, ашуланса әкесін, бауырында өлтіреді, бірақ аналарына зақым қылмайды, анарына ұйысады, әке-бауыр бойынша ұрық жалғайды, жауынан қайталап кек алмайды. Ер азаматтары таласта жөнге жығылғанда үлкендерге тоқтайды, әр тайпаның кіші көсемі болады, ұрпақ жалғап көсем болмайды. Жүздеген, мыңдағаны қосылып бір тайпа болады. Атамандарының өз атаулары болады, ағашты кертіп есте сақтайды, тайпалық дағдысы мен жазуы жоқ, ал бұқара қиғаш іске бармайды. Тегі болмайды, үлкендерінің аттарын тек ретінде қолданады. Ұлықтарынан төмен әр қайсысының өз мүлкі болады, оған таласпайды. Қыз айыттырғанда алдын ала адам жібереді де құдаласуға барады. Жарым жыл не жүз күннен кейін біреулерді қой, сиыр, жылқы мен той салтына жібереді. Күйеу қызбен бірге үйінде қалады (қыздың). Осылай қайындарына бармаса құрметсіздік болады, күніне тұрғанда қайын атасымен қайын апасына сәлем етеді, ал өз әке-шешесіне олай істемейді. Қайынында екі жыл тұрған соң, олар қызын шығарып салады, үйімен қоса мүлік беріп бірге жолға салады. Сондықтан салыттарын ханымдары орналастырады, тіпті соғыс кезінде де. Әкесі, ұлы, қызы малдас құрып отырады, шаштарын қырып тастайды (ерлері төбесінен бір жерінің шашын ғана өсіріп қалған бөлігін қырып тастайды) . Ханымдар үйінде шаштарын күтеді, бөліп өреді, Гүйже киіп киімін алтынмен әшекейлейді. Әкесі, ағасы өлсе тоқалын не жеңгесін әмеңгері алады, егер әмеңгері болмаса онда әкесімен туысқан өзге туыстары алады... Үлкендері ертұрман жасайды, металдардан сауыт, қару жасайды, ауырса ыстықпен ауырған жерін отқа қыздырады немесе тасты отқа салып сонымен болмаса жатар орынын отпен қыздырады. Тамырларынан пышақпен кесіп қандарымен жер мен көкке, тау, өзен, киелерге тасаттық етеді, дәрімен емдемейді. Батыры өлсе қанжары сүйегімен бірге жерленеді, өлгенде жылайды, жерлеген кезде әндетіп шығарып салады (жоқтау айтып). Семіз иті, өлушінің аты, киімі, сауыты бірге өртеледі. Ерекше төбеттерді де сүйтеді, осылай істесе өлушінің аруағын қорғап жүреді деп сенеді. Жерлегеннен кейін туыстары аттар мен төбеттерді тізіп қояды да, кеште жылап өлең айтады. Екі адам шығып дұға оқиды, өлушінің аруағына бағышталады, бөгеттерден ада, жын-шайтаннан сақта делінеді, онан аттар мен төбеттер, киімдер өртеледі. Аруақ, кие, жер мен көк, күн, ай, жұлдыз, тау, өзен және өткен атақты адамдардың атын атайды. Сиыр мен қойды да тасаттық ретінде өртейді, сусындықтарды да тасаттық қылып шашады. Жосын бойынша күнәсі ауыр адам өлтіріледі, ұры өлтірілмейді. Бір-бірін өлтіргенде есесі кеткендердің өш алуына жол беріледі. Айыпты өлімін сиыр мен қой беріп сатып алуына болады» [22].

Ахуандармен Сәнбейлерді ұқсас деп қарап, олардың салттары да бірдей деген тұрғыдан қарасақ, онда Сәнбейлердің салты Қазақтармен өте ұқсас болғанын байқауға болар еді. Қазақтарда күні бүгінге дейін киіз үйдің есігін шығысқа қаратады. Әмеңгерлік салттың күні кешеге дейін жалғасқанына ешкімнің таласы жоқ. Қызығы Қазақтарда да Сәнбейлер сияқты күйеуі өлсе, оның тіке  туыстарына, егер олар болмаса аталас туыстарына, тіпті руластарына дейін талдау құқығын берген, оны «Ерден кетсе де, елден кетпейді» деген дәстүрге сыйдырған. Ерлерді ардақтап қарттарға сәл қарайды деген айтылым Ғұндарды суреттегенде де солай айтылады, бірақ Ғұндарға ұзатылған Жүй Хуаң Ие атты әйел бұны құрметсіздік емес, қайта соғысқа шығар алдында ер-азаматтарға көрсетілген құрмет деп түсіндіреді. Ер азаматтардың дау-шарда үлкендерге тоқталуы да Қазақ ғұрпы. Қыз айыттырғандағы қалың мал беруі мен құдаласуыда Қазақтарға ұқсас, ал қыздың үйінде екі жыл тұру Шыңғысханның хикаясындада айтылады. Ал қызды ұзатқанда оған мал беруі Қазақта да бар, қыздың жасауы да соның ішіне кіреді. Малдас құрып отыруын айтудың өзі артық!  Ханымдардың шаш күтуі мен киінуіде Қазақтардан алыс емес. Ал діні жағынан жер мен көкке, әулие-әнбиелерге, киелерге табынуы, аруақты сыйлауы олардың Тәңір дініне сенетінін көрсетеді. Ал өлгенге өлеңмен жыр айтып шығарып салуы қазақы жоқтаумен бірдей, ал өлген адамға тасаттық беріп дұға тілеуі де солай, ал Қазақта мұсылмандыққа кіргеннен кейін малын, атын қоса жерлеу тоқтаған. Сусындықтарды жерге шашуы да Қазақтардың көктем келгенде үйді айналдыра сүтті немесе айранды шашып тілек тілеуіне ұқсайды. Ал кісі өлтірген адамға мал беріп, жанын сатып алу – қазақтың құн алу дәстүрі. Бұдан Сәнбейлердің Қазақтың ата-бабасы екеніне еш талас жоқтығын көруге болады.

Әдебиеттер:

1. «Жүңго тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер». 1-том.Си Мацян. «Тарихи жазбалар».110-бума. «Ғұн баяны»

2. «Жүңго тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер». 1-том . Фан ие. «Соңғы хан кітабі». «Сәнбей бяны»

3. «Жүңго тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер». 1-том . Бан Гу. «Ханнама». 94-бума . «Ғұн баяны»

6. «Жүңго тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер». 1-том . Фан ие. «Соңғы хан кітабі» 19-бума. «Гің Яннің өмірбяны»

7. «Жүңго тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер». 1-том . Фан ие. «Соңғы хан кітабі» . 20-бума. «Жәй Рұңның өмірбяны»

8. «Жүңго тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер». 1-том . Фан ие. «Соңғы хан кітабі» . 45-бума. «Юань анның өмірбяны»

9. «Жүңго тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер». 1-том . Фан ие. «Соңғы хан кітабі» . 89-бума. «Солтүстік Ғұн бяны»

10. «Жүңго тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер». 1-том . Фан ие. «Соңғы хан кітабі» . 89-бума. «Оңтүстік Ғұн бяны»

11. «Жүңго тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер». 1-том . Фан ие. «Соңғы хан кітабі» . 89-бума. «Оңтүстік Ғұн бяны»

12. Уй шу. «Уй кітабі». 87-бума.  «Сәнбей тарауы».

13. Уй шу. «Уй кітабі». 87-бума.  «Сәнбей тарауы».

14. Уй шу. «Уй кітабі». 87-бума.  «Сәнбей тарауы».

15. Уй шу. «Уй кітабі». 87-бума.  «Сәнбей тарауы».

16. Genetic analysis on Tuoba Xianbei remains excavated from Qilang Mountain Cemetery in Qahar Right Wing Middle Banner of Inner Mongolia. Yu Changchuna,b, Xie Lib, Zhang Xiaoleia, Zhou Huia,c,*, Zhu Honga. October 2006

17. Distribution of Y-chromosome haplogrups ofthe kazakh from soth kazakhstan, zhambyl and almaty. 2017

18. Ancient DNA Reveals That the Genetic Structure of the Northern Han Chinese Was Shaped Prior to 3,000 Years Ago

Yong-Bin Zhao,# 1 , 2 Ye Zhang,# 1 Quan-Chao Zhang, 3 Hong-Jie Li, 3 Ying-Qiu Cui, 1 Zhi Xu, 4 Li Jin, 4 Hui Zhou, 1 , 3 ,* and Hong Zhu 4~    . 2015

19. Tumen D.**Anthropology of Archaeological Populations from Northeast Asia. 02. 2011

20. «Уй кітабі». 87-бума.  «Сәнбей тарауы».

21. «Рубруктің Моңғолияға сапар естелігі» . 1985 ж. Пекин қытайша басылымы

22. Уй шу. «Уй кітабі». 87-бума.  «Ахуан тарауы».

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English