«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Қазақ-түрік дипломатиялық қарым-қатынасының орнағанына 27 жыл

447 0
Қазақ-түрік дипломатиялық қарым-қатынасының орнағанына 27 жыл
1992 ж. 2 наурыз күні Қазақстан мен Түркия арасында дипломатиялық байланыстар орнатылды. Одан бұрын, 1991 ж. 16 желтоқсанда Түркия Қазақстанның тәуелсіздігін таныған болатын

Халықтарымыздың тарихы, тілі мен мәдениеті тамырлас, дүниетанымы мен түсінігі жақын. Сондықтан ортақ болашақты бірге баянды етуге бағытталған бірлескен жұмысты жүргізуіміз заңды. 27 жыл ішінде қазақтүрік байланыстары сауда-экономика, көлік-инфрақұрылым, туризм, мәдениет, білім беру, қауіпсіздік және т.б. салаларда қарқынды дамып, бүгінде жан-жақты стратегиялық ынтымақтастық деңгейінде жалғасып жатыр. 1992 жылы 30 млн. АҚШ долларымен басталған екіжақты сауда көлемі қазіргі таңда 2 млрд. доллар деңгейінен асып түсті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2009 жылы Түркияға жасаған ресми сапары ынтымақтастығымызды жаңа деңгейге көтерді. Сапар барысында Қазақстан мен Түркия арасында Стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойылды. Президент Н.Ә. Назарбаевтың Түркияға 2018 жылы өткен ресми сапары шеңберінде екі ел арасындағы Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің үшінші отырысы өтті.

Оқи отырыңыздар: Османлы сұлтаны ІІІ Ахмет: Сіздің хаттарыңыз Сейітқұл Бахадыр арқылы жетті

Елдеріміздің халықаралық аренадағы ұстанымдары да астарласып жатыр. Қазақстан мен Түркия бір-бірінің халықаралық бастамаларын өзара қолдап келеді. БҰҰ, ИЫҰ, ЕҚЫҰ, АӨІСШ, ЭЫҰ сияқты ұйымдардың шеңберіндегі ықпалдастығымыз дамып келеді. Астана үдерісі жаһандық тұрақтылыққа үлес қосып отырған тиімді тетік екенін дәлелдеді. Түркі жақындасуының басты саяси ұйымы саналатын Түркі кеңесі елдеріміздің бастамасымен құрылды. Бүгін Қазақстан мен Түркия Еуразиялық кеңістіктің маңызды да беделді ойыншыларына айналды.

Қазақ-түрік қатынастарының елдеріміздің ұлттық мүдделері жолында одан әрі дамып, беки беретініне сенімдіміз.

Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі

 

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English