«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Оспан туралы шетелдіктер не дейді?

3329 0
Оспан туралы шетелдіктер не дейді?
Қазақтың соңғы батыры туралы Англия, АҚШ, Түркия тарихшылары көп қызығушылықпен қарайды. Оспан батырдың ерлігі туралы деректер шетел архивтерінде сақталған

Батыста Оспан батыр 1947 жылдан бастап зерттеле бастаған. Бәйтек оқиғасынан кейін оның есімі ағылшын, америка елшілерінің құжаттарында таңбалана түседі. Тарихшылардың айтуынша 1946 жылы батыр Бәйтекке келеді. Осы жерде ол моңғол әскерімен соғысады. Батырдың бұл әрекеті советтік үкімет пен моңғол басшыларына ұнамайды. Совет үкіметінің қолдауымен 1947 жылы 4-5 тікұшақ және 500-ге жуық әскер Оспан батырдың адамдарына шабуыл жасайды.

Бұл оқиғалардан соң «Чикаго Дейли Ньюс» журналисі Даок Барнетт Оспан батырды тауып алады. «Коммунистік төңкерістің қарсаңындағы Қытай» кітабында журналист 1947-1949 жылдардағы Қытайда көргендерін жазады. Оған қоса Даок Барнетт 1963 жылғы кітабында да Оспан батырдың қимыл-қозғалысын тәуір баяндайды.  

Оқи отырыңыздар: Туған жердің тасын да қимаған Оспан батыр

Оспан батырмен кездескен – ағылшын журналисі Ян Моррисон. Ол да кейіннен батыр туралы кітап жазған.

1956 жылы Лондон қаласында Оспан батыр туралы тереңірек зерттеліп жазылған жаңа кітап жарық көреді. Эндрю Форбессаның 200 беттен тұратын бұл кітабы «Kazakh Exodus» деп аталды. Ағылшыннан аударғанда «Қазақ көші» дегенді білдіреді. Кітапта Оспан батырдың жеке қасиеттерінен бастап, ол басқарған ұлт-азаттық көтерілістің жалпы сипаты мен стихиялы өрбуі толығырақ баяндалған.

1960 жылы кітап Түркияда түрік тіліне аударылып, басылып шықты. Онда Оспан батырдың туған жерінен бастап, оның ұлттық армияны жасақтау ісі мен ақырғы 1951 жылы тұтқынға түсіп атылуы егжей-тегжейлі сипатталады.

1986 жылы Эндрю Форбессаның «Орталық Азия мұсылмандары мен Қытайдың генералдары: Шыңжаңдағы 1911-1949 ж. республикалық саясат тарихы» атты құнды еңбегі кітап болып басылып шықты.

Оспан батыр туралы кейбір тың деректер америкалық тарихшы Линда Бенсон 1988 жылы шыққан «Іле көтерілісі» жайында еңбегінде де кездеседі.  Тарихшы кітаптың бір бөлімін Оспанға арнаған екен. Бұл бөлімде Оспан шайқасқан соғыстардың ау-жайы баяндалып, батырдың жеке басының айрықша қасиеттері әспеттеліп баяндалады.

Оспан батыр туралы тағы бір еңбек 1999 жылы Гонконгта шықты. Кітап «Совет үкіметінің көлеңкесіндегі Іле оқиғасы. 1944-1949 жылғы әлемдік және этникалық қақтығыстар»  деп аталды. Кітаптың авторы Қытай азаматы Дейвид Уан 1979 жылы Шыңжаңда тұрды. Іле оқиғасы туралы ол өзінің достарынан естіп, зерттегісі келген. Д. Уан оқиғаға қатысты ақпараттарды Қытайдан таба алмайтынын түсініп, Австралиядағы Тасмания университетіне түсіп, 1987 жылы докторлық диссертациясы негізінде жазып шығады.

Қалай болғанда да Оспан батыр Исламұлының батырлығы мен соғыс қимылдары, үш бірдей империямен қатар соғысуы, ұстанған тактикасы әлемдік соғыс тарихшыларының назарын аударған. Далалық соғыстың соңғы батырының өлімі де оларды қайран қалдырғаны айтпаса да түсінікті.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English