«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Жорға Желмая

940 0
Жорға Желмая
Желмая – бәйге аты емес, жорға жүйрігі. Қожамсейіт Асантаев баптаған жорға тек су төгілместердің бәйгесіне емес, екі аяқты бірдей тастаудың да өнерінен бақ сынасқан

Сөйтіп XIII бүкілодақтық бәйге жарысында әсем жүрістен жеңімпаз атанып көзге түседі.

Желмая Ленин колхозынан шыққан сұлу бітімді, ең әдемі ат болды. Қанқызыл түсті, аққу мойынды, жалпақ денесі, бота көзі, ұзын аяғы бір көргеннен адамды баурап алатын. Ал әдемі жүрістен аудан, облыста оған жететін сәйгүлік болмады.

Табиғатта сирақтары ұзын болуы себепті тегіс жерде жорға жүрісі қалыптасқан екі жануар бар. Олар: керік пен түйе. Жылқы жануарда мұндай жүріс сирек кездеседі десек те, қазақ даласында тумысынан жорға болып келетін жүйріктер аз болмаған. Ғалымдар жылқы ішінен екі жағдайда: табиғатынан немесе үздіксіз жаттығудан жорға шығатынын дәлелдеген.

Бұл Желмая соның алғашқысына жатады. Сирек те сұлу тұрпатты жорға Абай тойында (1971) тайпалғандар бәйгесі бойынша бәсекелес шақ келтірмеді. Ғабең «Жорға жарысында Бошайдың «Желмаясы» тағы да жалғыз-дара болып келді. Қазақша айтқанда басқа жорғалар далада қалды. Сегіз километр жорғалаған «Желмая» бусанған да жоқ» деп таңырқайды. Және мақаламыздың басында айтып өткеніміздей, Жамбыл Жабаевтың 125 жылдың тойында да жорға жарысында Желмая алдына қара салдырмаған.

Ленин колхозының ғана емес, Үлкен Нарынды қойып, шығыстың намысын қорғаған дүбірлі тұлпарлардың жеңісті жолы сексенінші жылдары Тайжирен даңқына ұласты.

Әңгіме түйінделердегі татымды сөз Тайжиренге тиесілі.

 

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English