«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Жүміле жұртты жәбірлеген күн

1297 0
Жүміле жұртты жәбірлеген күн
1990 жылғы 20 қаңтарда Бакуде болған оқиғалар әзірбайжан халқы тарихындағы қаралы беттердің бірі

Астанадағы Әзірбайжан Республикасы Елшілігінде 1990 жылғы 20 қаңтарда Бакуде болған қаралы оқиғаларды еске алу күні өтті. «Қаралы қаңтар» Әзірбайжанда Бүкілхалықтық аза тұту күні болып аталып өтеді.  Іс-шараға дипломатиялық миссиялардың, халықаралық, ғылыми, қоғамдық ұйымдардың, диаспоралардың және БАҚ өкілдері қатысты. Әзірбайжан Елшісі Рашад Маммадов жиналғандарға бейбіт наразылық акциясын басып-жаншу үшін Бакуге совет әскерлері енгізілгеннен кейін орын алған қаралы оқиғалар туралы айтып берді.

Оқи отырыңыз: Қайғыру мен мақтаныш күні  

– 1990 жылдың 19-шы қаңтардан 20-на ауысқан түнде Әзірбайжанның территориалдық тұтастығын бұзуға, бұрынғы ССРО басшылығының әзірбайжан халқына қатысты жүргізіп отырған әділетсіз саясатына қарсы әрекеттерге қарсылық белгісі ретінде көшеге шыққан бейбіт тұрғындарды жазалау мақсатында Бакуге және республиканың бірқатар аудандарына заңсыз түрде советтік әскерлер кірді.

Бұрын-соңды болмаған қатыгездікпен жүзеге асырылған жазалау шаралары нәтижесінде 136 адам қаза тауып, 744 жараланып, 841  жазықсыз адам заңсыз тұтқындалды. Әзірбайжан халқына қарсы жаппай террор актісі жүзеге асырылды. 1990 жылғы 20 қаңтар оқиғалары Совет Одағаның ыдырауына әкеп соққан қаралы оқиғалар тізбегіндегі кезекті буын деп атап өтті Рашад Маммадов.

Тарихтың осындай қаралы беттеріне ағайындас Қазақстанның жеріне совет әскерлерінің қосымша контингентін енгізу және 1986 жылғы желтоқсанда шеруге шыққандардың аяусыз басып-жаншылуын (Алматы), 1989 жылдың сәуірінде Грузияда бейбіт халыққа қарсы әскер қолданылуын, Литва мен Латвияда 1991 жылдың қаңтарында бейбіт наразылық акцияларының басып-жаншылуын айтуға болады.

Бұдан әрі халықаралық конкурстардың лауреаты, Әзірбайжан президентінің стипендиаты, талантты әзірбайжандық пианист Атабалы Манафзаденің концерті өтті. Жиырма жасар музыкант Баку музыкалық академиясының фортепиано класы бойынша Мамед Кулиевтан оқиды, 4-ші курс студенті. Ол әзірбайжандық композиторлар Кара Караев пен  Узеир Гаджибейлидің, сонымен қоса  орыс композиторы Сергей Рахманиновтың шығармаларын орындады.

– Бұл шығармаларда мен өзімді көрсетуге тырыстым. Мен композиторды орындаушыдан да маңызды дер едім. Сондықтан да мен өзімді емес, композиторды көрсетуге тырыстым, – дейді А. Манафзаде.

А. Манафзаде өзінің Астанада, жалпы Қазақстанға тұңғыш рет келгенін жеткізді. Қала қатты ұнады, бірдеңесімен Бакуді еске түсіретіндей, ғимараттары да қызықты, қалаға көп еңбек төгілгені көрініп тұр.

– Мен өзімді үйімде жүргендей сезінемін, мен үшін бұл шетел мемлекеті емес, – дейді жас музыкант. Қазақстандық «Номад» квартеті әзірбайжандық, қазақстандық және әлемдік композиторлардың шығармаларын орындап, кешке ерекше әр берді. Ұлттық намысын қорғауда өмірін құрбан еткен ұл-қыздарын әзірбайжан халқы әрқашан да мақтан етеді.

 

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English