«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Павлодардың тарихшы-ардагері еңбек ерлері туралы кітапты жазды

1174 0
Павлодардың тарихшы-ардагері еңбек ерлері туралы кітапты жазды
Павлодарда тарих ғылымдарының кандидаты, өлкетанушы Мария Терениктің «Герои Социалистического труда Павлодарского Прииртышья» атты документалды кітабы жарық көрді.

Кітап беттерінде еңбек жетістіктері үшін КСРО-ның жоғары наградаларына ие болған, облыстың 69 тұрғыны туралы очерктер мен мәліметтер орын алған, деп хабарлайды inform.kz.

Автор үшін осы жинақ – ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты саяси құжаттағы идеясына үндеу, онда еңбек қана баршамызға әл-ауқаттық пен өміріміздің жаңа сапасына қол жеткізуді қамтамасыз етеді деген ХХІ ғасыр трендінің дұрыстығы сендіре дәлелденген. 

Кітапта жазылған Еңбек ерлері – өз ісіне деген берілгендіктің үлгісі. Бұл әр түрлі ұлт өкілдері – қазақтар, орыстар, украиндықтар, немістер. Олар туралы ақпаратты Мария Серафимовна мұрағатта, газеттердің ескі тігіндісінде түйірлеп жинаған.

Облыс бойынша 1948 жылғы наурыз айында диқаншы Татьяна Кирпиченко алғашқы болып жоғары наградаға иеленген, соңғылары 1986 жылы алюминий зауытының спекальщигі Николай Софьин және Екібастұз қаласының экскаваторшысы Николай Пешков Батыр жұлдыздарын алды. 


Сурет pavlodarnews.kz сайтынан 

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English