«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Доңыз жылындағы тарихи оқиғалар

831 0
Доңыз жылындағы тарихи оқиғалар
Шығыс күнтізбесіне сәйкес 2019 жыл – Доңыз жылы. Өткен жарияланымда NDH порталы ХХ ғасырдағы алғашқы Доңыз жылы – 1911 жыл қандай болғанын әңгімелеген болатын

Келесі Доңыз жылдары 1923, 1935 жылдары болғанын, бұл жылдары Қазақстан КСРО құрамындағы автономиялық республика болғанын айта кету керек. Жаңа құрылған республика үшін Доңыз жылы қандай болды?

1923 жылғы 15 наурызда тұңғыш қалалық халық санағы жүргізілді. 1923 жылғы тамызда Халық комиссарлары кеңесінің бұйрығы бойынша Ақтөбеде алғашқы жинақ кассасы ашылды. Бұл жай ғана қатардағы оқиға емес, осы сәттен бастап Халық банкінің тарихы басталды.

1923 жылғы 22 қарашадаҚАССР ОАК қазақ тілін ісжүргізу тілі қылып бекіткен Декрет дүниеге келді. 1924 жылғы 1 қаңтардан бастап республиканың барлық болыстарында қазақ тілі ісжүргізу тіліне айналды. Тұрғындары аралас ояздарда ісжүргізу қырғыз (қазақ) және орыс тілдерінде жүргізілді.

1923 жылы жастарды білімге шақыру, ағартушылық бағыттағы жұмыстар белсенді жүргізілді, мектептер, техникумдар, жастар клубтары ашылды.

1923 жылы Орынборда Милицияның қазақ өлкелік мектебі ашылып, бұл оқу орнында орта буындағы басқарушы құрамды дайындаған. Ондағы оқу екі жылға есептелген.

1923 жылғы 23 желтоқсанда Риддер қаласындағы тау-кен техникумының бұрынғы ғимаратында «Шахтерлер үйі» ашылды. Күндіз ол жерде мектеп сабақтары өтсе, кешке шахтерлер клубы жұмыс істеді.

1923 жылы мектепті мұғалімдермен, әсіресе, қазақ мұғалімдерімен қамтамасыз ету мақсатында Қостанайда педагогикалық техникум ашылды. Губернияда мектептер саны өсіп, сауатсыздықты жою бойынша жұмыстар жүргізіліп, мұғалімдерге деген сұраныс артты. Осы мақсатта Қостанай губерниясынан ССРО мен Қазақстан жоғары оқу орындарына 23 адам жіберілді.

1935 жыл

1935 жылы республиканың тарих ғылымында үлкен оқиға болды, Алматыда профессор Санжар Асфендияровтың авторлығымен «Ерте заман бергі Қазақстан тарихы» еңбегінің бірінші томы жарыққа шықты. Санжар Асфендияров Жүз мыңдаған қазақтың өмірін жалмап кеткен ұжымдастыру мен 30-шы жылдардағы аштық қазақ халқының отырықшы болып, ұжымдық еңбекпен айналысуға мәжбүр етті. Отырықшыға айналған қазақтарға қолдау ретінде

1935 жылы мемлекет 30 миллион рубль бөлді. Билік басындағылар 1935 жылы ірі қара мал саны 23 %, жылқы - 12,4%, қой-ешкі 31,5% өсті деп баяндама жасады. Ал ұжымдастыру жылдарында қанша мал қырылды?

1935 жылы қазақстандық мұнайшылар арасында стахановшы қозғалысы етек алды. Әбдірахман Кәрімов – Доссор мұнай кәсіпорнының «Ембімұнай» тресінің стахановшысы. Доссор мұнай кәсіпорнының «Ембімұнай» тресінің стахановшысы – Әбдірахман Кәрімов. 2018 жылы 90 жылдығын тойлаған Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 1935 жылы ұлы ойшыл Абайдың есімі берілді. Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік музей өз тарихын 1935 жылдан бастайды.

1935 жылдың 23 қыркүйегінде Қазақ АССР Халық Комиссарларының Кеңесі Қазақ Мемлекеттік сурет галереясын ұйымдастыру туралы Қаулы қабылдады. Қазақ АССР-інің 15 жылдық мерейтойына орайластырылған сурет көрмесіне ерекше мән беріліп, музей содан бастау алды.

1935 жылы ССРО Ғылым Академиясының Алматыдағы қазақстандық базасы негізінде геология мен тарих секторлары құрылды.

Оқыңыз: ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ДОҢЫЗ ЖЫЛЫ

1935 жылы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде тұрған 1399 жылы жеті түрлі металлдан құйылған, салмағы 2 тонна болатын тайқазанды Эрмитажға алып кетеді. Қазақ түркі мәдениеті бөліміне қойылды. Кейін, ғалым Әлкей Марғұланның күш салуымен қазан елімізге қайтып оралды. 1935 жылы Жезқазған даласын зерттеу барысында Қаныш Сәтпаев қазақ даласына 1391 жылы Тоқтамысқа қарсы жорық жасаған Темірлан жазып қалдырған тасты тауып алды. 1936 жылғы күзде тасты Эрмитажға жібереді.

1935 жылдан бастап Қазақстанға халықтарды депортациялау толқыны басталды. Ленинград БКП (б) обкомы бюросының 1935 жылғы 4 наурыздағы шекаралас жер теліміндегі финн халқын көшіру туралы Қаулысымен 22 шақырымдық шекаралас аймақта орналасқан барлық финндер бірінші кезкекте қоныс аударулары керек болды. 1935 жылғы 1-25 сәуір аралығында Қазақстан мен Батыс Сібірге Карелиядан 316 отбасы қоныс аударылған. Бұдан кейінгі жылдары Қазақстан саяси сотталғандардың түрмесі мен ондаған халықтардың жер аудару орнына айналады.

Мұстафа Шоқай 1935 жылы Парижде қазақтың белгілі қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың орыс тілінде жазылған «Туркестан под властью Советов» кітабы жарық көреді. Кітаптың алғашқы нұсқасы 1928 жылы француз тілінде шықты. кітап ұзақ жылдар бойы ССРО аумағында оқуға тыйым салынған кітаптар санатында болды, кітаптың тарихи құндылығы зор. Мұстафа Шоқай Түркістандағы Совет үкіметін белсенді сынаған. Қазақ автономиялық республикасы үшін Доңыз жылы осындай болды.

 

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English