«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Қазақстан тарихы және доңыз жылы

1846 0
Қазақстан тарихы және доңыз жылы
Шығыс күнтізбесіне сәйкес 2019 жыл – Доңыз жылы. Бұл жылы сөзден гөрі іске басымдылық беріледі. Күш-жігер, талпыныс, оптимизм мен жаңашылдық сияқты қасиеттер басымдылықта болады

Көптеген Зодиак белгілері үшін 2019 жыл маңызды жыл болмақ. Доңыз маңызды істерге баса назар аударатындықтан NDH порталы Қазақстан үшін осы жылдың қандай болғанын білу мақсатында тарих қойнауына саяхат жасауды шешті.

Тарихи мақалалар топтамасын ХХ ғасырдағы алғашқы Доңыз жылы – революцияға дейінгі 1911 жыл ашады. Жаңа ғасырдағы алғашқы Доңыз жылы Қытайда «теміржолдарды қорғау» қозғалысы басталып, британдық «Титаник» лайнері құрастырылды, Италия-Түркия соғысы басталды, ал Луврдан  да Винчидің қаламынан шыққан «Мона Лиза» картинасы ұрланды.

1911 жылы Қазақстанда көптеген кітап, газет-журналдар басылып шықты, Доссордағы мұнай кен орындарын өнеркәсіптік игеру басталды, алайда, жыл трагедиядан басталды – Верныйда (Алматыда) жойқын жер сілкінісі болған еді. Революцияға дейінгі Қазақстанда 1911 жылы 5 млн 408 мың халық тұрған, оның  3 млн 639 мыңы, яғни  67,2% қазақтар болған. Дәл осы кезде орыстар мен украиндықтар 1 543 138 адамды құраған (28,5%). Қазақтардың көп бөлігі Орта Азияда (235 мың), Еділ бойында (269 мың),  Сібірде (80 мың) тұрған. Қытай мен Моңғолия аумағында қазақтар саны 100 мыңнан асатын. Қостанайда Ақмоладан қарағанда екі есе көп қазақ тұрды – 25 мыңнан астам. Қазақтар мен орыстармен қатар поляктар, бұқарлықтар, башқұрттар, татарлар және басқа да халықтар тұрды.

1911 жылдың 4 қаңтары Верный тұрғындары  5 баллдық жер сілкінісі мен жер асты дүмпуінен сағат таңғы 4-тен 29 минөт кеткенде ұйқыларынан үрейлене тұрды. Верныйда жер сілкінісі халық үшін үйреншікті болғандықтан, тұрғындар үйлеріне асығыс қайта кіре бастаған еді, алайда, бес минөттен соң (метеостансадағы сағат тілі 4:42-де тоқтап қалғанына қарамастан) тарихта Верный апаты деген атпен қалған негізгі жер сілкінісі болды.

Жер сілкінісінен жалпы Верный мен қала маңында 332 адам қайтыс болды. Олардың көпшілігі жер сілкінісі кезінде үйде қалғандар: қатты ұйқыдағы балалар (түрлі мәліметтер бойынша 107-202 бала), 10 гауптвахта тұтқыны және 14 солдат. Таудағы көшкін астында 100-ге жуық адам қайтыс болған. Жер сілкінісінің нәтижесінде тау шатқалындағы жартастың құлауынан өзіне көптеген туристерді тартатын Қайыңды көлі пайда болғанын айта кету керек.

1911 жылдың қаңтарынан бастап қоғамдық-саяси және әдеби-сыншыл «Айқап» журналы шыға бастады. журнал Троицк қаласында 1915 жылдың тамызына дейін шығып тұрған. Барлығы 88 нөмірі жарық көрген. Журналдың бас редакторы әрі шығарушысы қазақтың белгілі ақыны, прозаигі Мұхамеджан Сералин болған. Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Тайыр Жомартбаев сияқты авторлар журнал бетінен әлеуметтік теңсіздікті жоюға, қаналған қазақ халқын босатуға үндеу жасаған.

«Қазақстан» газетінің алғашқы нөмірі 1911 жылдың наурызында жарық көрген. Бұл газет бірінші болып әйел теңдігін көтеріп, халықты отырықшы өмір салтына, ілім-білім алуға шақырған. Газеттің басты бетінде «Газеттің қастерлі мақсаты – еңбексүйгіштікке, ғылым, мәдениет пен өнер үйренуге шақыру» деген ұран жазылған. Газет қазақ және орыс тілдерінде шығып тұрған, алғашқы екі нөмірі Қызылордада шыққан да, басқа нөмірлері Оралда шыққан. Елеусін Буйрин деген журналист, аудармашы, заңгер газеттің бас редакторы болған. Алайда, әкімшілік қысым мен цензура 1913 жылдан кейін газетті шығартқызбай тастады. Бүгінде газеттің жарық көрген 18 нөмірінің 16-сы Республикалық кітап палатасында сақтаулы.

1911 жылы Орынборда Шәкерім Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» мен «Мұсылмандық кітабы» еңбегі жарыққа шықты. 1911 жылы Орынборда А.Байтұрсыновтың «Маса» жинағы басылып шықты. жинақтың аты да кездейсоқ қойылмаған, Байтұрсынов халқын көпжылдық ұйқыдан масадай шағып оятуды армандаған. Бірақ, 1911 жыл – реакциялар жылы да болған. 1911 жылы қайта басылып шыққан «Оян, қазақ» жыр жинағы үшін Міржақып Дулатұлы қуғынға ұшырап, 1911 жылдың мамырында «Алаш» көшбасшыларының бірі  аймақтық сот шешімімен 19 айға түрмеге жабылып, күзетші айдауымен Семей түрмесіне жеткізіледі.

Доңыз жылы, 1911 жылдың сәуірінде, Доссор мұнай кен орны ашылған. Бұл мұнай орнының ашылуы бұрын-соңды болмаған дүрлігу туғызды. 1913 жылы атақты «Нобель» компаниясы екінші кен орны – Мақатты ашты. 1914 жылы осы екі кен орнында 200 мың тоннадан астам мұнай алынған. Алғашқы мұнайшылар мұнайды меске құйып, түйемен Хиуаға әкелген, одан әрі Ракушин портына жеткізген.

Келіп жеткен Доңыз жылы саяси оқиғаларға толы болатынын айта кеткен жөн болар. Мысалы, 1911 жылы шығыстанушы, ірі қоғам қайраткері Барлыбек Сыртанов «Қазақ елінің Уставы» деген еңбегін әзірлеген. Осы Уставтың (Жарғының) 25 тарауында Б.Сыртанов қазақстанның қазіргі қоғамының көптеген сәттерін болжап қойған. Б. Сыртанов Қазақстан үшін басқарудың ең тиімді формасы республикалық басқару екендігін, ал Президенттің өкілеттік мерзімі 4 жылды құрауы керектігін жазып көрсеткен.  2019 жыл экономикалық тұрақты жыл болып, әр отбасына молшылық әкеледі деп үміт артамыз.

Егер тарих бетіне үңілер болсақ, 1911 жылы Ақмола қаласында 162 сауда кәсіпорны болып, олардың жалпы айналымы 4110 мың рубльді құраған. «Матвей Кубрин және ұлдары» сауда үйі алтын, күміс бұйымдарын, дәріханалық, галантерея тауарларын, кеңсе заттарын, мануфактура (мата) бұйымдарын, дайын көйлектер, шай, қант сатқан. «Андриан Кубрин және ұлдары» сауда үйінде өзінің сыра қайнату зауыты болған, бакалея, мануфактура тауарларын сатқан. Осы сауда үйлерінің Көкшетау мен Атбасар қалаларында өз дүкендері мен ләпкелері болған. «Гергару және Гей», «Ағайынды Ф мен Каменскийлер» жүк тасымалдау бойынша көлік кеңселері жұмыс істеген1911 жылғы Доңыз жылы дәл осындай болған.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English