«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Бурабай академиктер алаңына қалай айналды?

2501 0
Бурабай академиктер алаңына қалай айналды?
Соғыстың дәл қызып тұрған шағында совет үкіметі бірталай маңызды шешімдер қабылдады. 1941 жылдың шілдесінде Одақтың асқан ойшылдарын тұтас эшелондармен шағын ғана шипажайлық қала Бурабайға алып келді

Бұл жердің олардың бірқалыпты өмірін мәңгілікке өзгерткен еді. Бастапқыда ел басшыларының бүйректері Том жағына қарай бұрғандығы ешкімге құпия емес, алайда Том өндірістік кәсіпорындарға толы болатын. Бұндай жағдайда жанға жайлы қала Бурабай үздік вариант болды – ғалымдарға зауыттардың корпустары мен өндірістік үй-жайлар керек емес еді.

Осылайша революцияға дейінгі байлардың Омбыдағы саяжайлары 160 ғалымға, солардың ішінде Глеб Кржижановскийдің, Алексей Фаврскийдің, Николай Зелинскийдің, Лев Бергтің, Леонид Мандельштамның және Владимир Вернадскийдің отбасына пана болды. Ғалымдармен және олардың отбасыларымен бірге Бурабайға Сеченов атындағы Одесса институты, Мәскеу түбіндегі балалар пионерлагері мен Сосновский әскери госпиталінің бір бөлігі Бурабайға көшірілді.

Замандастарының естелігі бойынша ғалымдарға өздерімен бірге 20 келілік жеке жүк алуға рұқсат етілген, оның өзі алдымен ұшақпен Тихвинге, одан әрі теміржолмен жеткізілген. Әр ғалымның жолы жеке-дара талданғандықтан, жолға қанша уақыт кеткені туралы нақты ақпарат жоқ.

Вернадскийдің отбасы өздерінің жаңа үйіне біршама жайлы жетті. Владимир Иванович өзімен бірге өзінің жақсы көретін тербелме-креслосын ала келе алды, бірақ неге кітаптарын алуға рұқсат бермегендерін түсінбей дал болатын. Ғалымдардың көпшілігі шипажайдың бас корпусына орналастырылды.  В.И. Вернадский, әйелі Наталья Егоровнамен, ұлының әйелінің әпкесі Екатерина Владимировна Ильинскаямен, хатшысы Анна Дмитриевна Шаховскаямен және үй күтушісі Прасковья Кирилловна Казаковамен 37-ші бір қабатты ағаш саяжайдың жарты бөлігіне орналасты. Орналасып болар-болмастан ғалымдар академиктердің қазақстандық тобын құрайды, оны құрметті академик Н.Ф. Гамалея басқарады, ал академик С.Г. Струмилин хатшы болып тағайындалады.

ССРО ҒА-ның вице-президентіне ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қаражат бөлуді сұрап жеделхат жолдаданады. Жауап ретінде О.Ю. Шмидт Бурабайда олардың уақытша екендіктерін және олар ол жерге демалып, күш-қуаттарын қалыпқа келтіру үшін жіберілгендіктерін естеріне салып, жеделхат жолдайды.

Алайда, құбылыс уақытша болғандығымен, басым бөлігі қариялар болып келетін ғалымдар айтарлықтай демалған жоқ. Мысалы, Берг фаунаны, Бурабайдың табиғатын зерттесе,  вирусолог Гамалей туберкулезді емдеудің жаңа тәсілдерін сынады, әдебиетші Орлов қазақ жырларын жазып,жергілікті тұрғындармен әңгімелесіп, 5 мың сөзден тұратын орысша-қазақша сөздік дайындады, Қобыланды мен Алпамыс батыр туралы дастанды орыс тіліне аударды.  Максим Горькийдің әйелі Мария Андреева балаларға арналған драма үйірмесін басқарды.

Ғалымдардың өмірі мен еңбегін қалыпқа келтіруде Қазақстанның Халық Комиссарлар Кеңесі мен Облыстық комитеті көп көмек көрсетті. Соғыс уақытының тұрмыстық кемшіліктерін еңсеруде қоғамдық Үлестіруші бюро үлкен рөл атқарды, академик С.А. Зернов, Мәскеулік ғалымдар үйінің директоры М.Ф. Андреева мен  академик С.Н. Бернштейн бірінен кейін бірі осы бюроның төрағасы болған.

Біздің атақты ғалымымыз Қаныш Сәтбаев қазақ жеріне эвакуацияланған академиктермен тығыз байланыста болған. Владимир Иванович Сәтбаевқа ызаға толы хат жазған:

«Осындай қарағайлы орман ішінде өмір сүре отырып, неге адамдар бір үйден екінші үйге барып от сұрап жүреді? Сіріңке шығаруды ұйымдастыруға болмай ма?»

дей келіп, академик Вернадский сіріңке жасаудың барлық процесін сипаттап береді.

Осылайша Қаныш Сәтбаевтың бастауымен Бурабайда артельдер жасалып, Щучинскіде жұмыс карточкасы бойынша алатын 200 грамм нанға бірнеше қыз сіріңке жасай бастайды.

Сіріңке шығарудан басқа да салаларға академиктердің еңбегі сіңген, мысалы теміржолшы Владимир Образцов Қарағанды магистралі мен Түрксіб бойынша жүктасымалын кеңейту бойынша ұсыныстар әзірлеген. Математик, отандық әскери-теңіз кемелерін жобалау мен жасаудың теориясы мен тәжірибесін әзірлеген А. Крылов дәл осы Бурабайда болған кезінде ағылшындық корабельдік инженерлер қоғамының құрметті мүшесі атанады.

Ғылым академиясының корреспондент мүшесі В. Вологдин болат суарудың жаңа тәсілдерін қолданса, химик А. Фаворский қызыләскерлердің жарақаттарын емдейтін бальзам жасап шығарады.

Бурабайда туберкулезді емдеу талпыныстарына зор мән берілді. 20 шақты танымал ғалымды, олардың ішінде ССРО-ның тұңғыш денсаулық сақтау халық комиссары Н. Семашконы да басқарған 80 жастағы вирусолог Н. Гамалея арнайы ғылыми лаборатория ашқан. Николай Федорович тез арада қазақ тілін үйреніп алып, туберкулезді емдеудің түрлі жолдарын іздейді: туберкулезді бұқаның көзімен, алтынмен емдемекші болады. Отандастарымыз оны «Гамал аға» деп дәл атаған, бірқатар ғылыми жұмыстар «Медициналық микробиология оқулығы», «Микробиология бойынша басшылық» және «Тұмау және онымен күрес» брошюрасын жазған.

Жаратылыстану ғылымдарының докторлары жергілікті жердің таулы-жасыл алқабын кеңінен атап көрсеткен. Осылайша, көлдердегі планктондарды академик Зернов сипаттаса, курорттық аймақ пен балық шаруашылығын зерделеумен Л. Берг айналысқан. А. Рихтер «Бурабай жағдайындағы дәрілік өсімдіктер мен олардың дақылдары» тақырыбында жұмыс істеген. Ғалымдар эвакуацияда болған жылдарында Бурабайда гидробиологиялық станса құру туралы ұсыныс жасаған.

Бурабайда аз уақыт болса да, Женева университетінің тұңғыш әйел профессоры Лина Штерн тұрған. Қазақстанда тұрған уақытында Лина Соломоновна жергілікті хирургтарды өзінің шокты емдеу әдістеріне үйреткен. Кейінірек Л.С. Штерн стрептомицин көмегімен менингитпен күрестің жаңаша тәсілін тауып, мыңдаған адамның өмірін құтқарып қалды. Бұдан кейін советтік режим оған өзінше «алғыс» білдіреді, онысы – «Еврей антифашистік комитеті» ісі бойынша тұтқындап, 3,5 жыл түрмеге қамап, 5 жылға Жамбылға жер аудару.

Вернадский да тұтқындалуы мүмкін еді, алайда оны күнделігіндегі мына жолдар құтқарып қалды:

«Ослабление – умственное – коммунистического центра, нелепые действия властей (мошенники и воры проникли в партию), грозный рост недовольства, все растущего. «Любовь к Сталину» есть фикция, которой никто не верит. Будущее тревожно. Я уверен в силе русского (украинского и т.п.) народа. Он устоит».

1943 жылдың 2-нен 3-не ауысқан түні академиктің әйелі қайтыс болып, ол жергілікті зиратқа жерленеді. 12 наурызда 80 жасқа толған академик бірінші дәрежелі Сталиндік сыйлықты иеленіп, Еңбек Қызыл ту орденімен наградталады. Ол салтанатты құттықтаудан бас тартып, ақшасының жартысын – 100 000 рубльді қорғаныс қорына бөледі.

1943 жылғы тамыздың аяғында В. И. Вернадский Мәскеуге оралады да, 1945 жылғы 6 қаңтарда қайтыс болады. Бурабайдағы зиратта академик-шығыстанушы  Федор Щербатской мен Агафангел Крымский, химик-органик Михаил Ильинский, лингвист Борис Ляпунов, Ляпуновтың, Щербатскийдің, Ильинскийдің, Гамалеяның, Масловтың әйелдері жерленген.

 

Автор: Аян ӘДЕН

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English