Жарияланымдар

Елбасы еңбектеріндегі тарихи тұжырымдар

30 Қараша 2018
926
0
Елбасы еңбектеріндегі тарихи тұжырымдар
Елбасы Н. Назарбаев еңбектерінде ұлт тарихы мен отаншылдық сезім, өткеннен қалған өнеге мен келешек күнге деген сенім дәлелімен тұжырымдалады
  1. Біздің байтақ мекенімізде баршамызды біріктіре түсетін ортақ құндылықтар мол. Ол – талайлы тағдырымызды тұтастыратын шежірелі тарихымыз. Ол – байтақ мұрамыз бен қазығы берік мемлекеттік тіліміз.
  2. Еуразияның ең бір бай да бірегей мәдениеті – қазақ мәдениеті.
  3. Тарих шартты райға мойынсыну дегенді білмейді, сондықтан әрбір шешім тек бүгінге ғана емес, болашаққа да жауап беруі керек.
  4. Мәдениет – ең алдымен, жәдігерлік. Оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші – зиялы қауым.
  5. Тарих дегеніміз тек өткеннің сабағы ғана емес. Ол едәуір дәрежеде болашақтың да көрінісі.
  6. Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты.
  7. Қазақ тарихы – фактілердің өлі қоймасы емес, бұл өзі орасан зор дәйектеуші және дәлелдеуші күш.
  8. Біздің жасампаз тарихымызды елдің әрбір азаматы мақтан етуі тиіс. Сондықтан да біз тамырын тереңге тартып, тәуелсіздікпен бірге мәуесін жайған тарихи танымды ұрпақ санасына сіңіруіміз қажет.
  9. Мәдениет, ақыр аяғында, қазіргі заманғы еңбек адамына, оның жасампаздық қадамына қарай бетбұрыс жасауы тиіс.
  10. Саяси жолмен реттеу әдістері нәтиже бермеген жерде Құдай Сөзі арқылы жарастыру үміттің жалғыз құралы болып қалады.
  11. Қазақтар орыс мәдениетін жете меңгерген. Ендеше қазақ әдебиеті де Қазақстанда тұратын барлық ұлт адамдары үшін жеті қат жер астындағы нәрседей алыс құбылыс болмаса керек. Қазақ әдебиеті, тілі, ауыз әдебиеті, музыкасы әрқайсымыздың да рухани дүниемізді орасан байыта алады.
  12. Қазақ халқы әрдайым интегратор болып келген. Ол болашақта да қоғамымызды топтастыратын ядро болып қалуы тиіс.
  13. Өзіндік төл мәдениетін құрған бірегей көшпелі өркениет бүгінгі күні әлемдік өркениеттер Олимпінен заңды түрдегі орнын иеленіп отыр.
  14. Қазақ ұлтының бүгінге дейінгі қат-қабат тарихының мазмұны азаттық үшін күреске сайып келеді. Елдік пен бостандық жолындағы күресіміздің байырғы скиф, ғұн, оғыз, сақ, үйсін, қаңлы, қыпшақ замандарынан кешегі шерлі Желтоқсанға дейін ғасырлық шежіресі бар.
  15. Қазақ даласында поэзия тек ақын-жыраулардың ғана еншісі болып қоймаған, ол қазақ мəдениетінің барлық тамырына нəр берген.
  16. Қазақ ұлты, басқа қай ұлтпен салыстырғанда да, мемлекеттікке лайық екендігіне сенімдімін. Мұны ол өзінің бүкіл тарихымен дәлелдеп отыр.
  17. Тарих пен тіл – тамырлас.
  18. Біздің ұрпақтың бойындағы тарихтың тынысы – бұл поэтикалық метафора емес. Бұл біздің миллиондаған бабаларымыздың алдындағы жоғары жауапкершілік.
  19. Қазақстанның тарихы мен мәдениеті – бұл біздің жастарымыз жасампаздықтың қуатты энергиясын көсіп ала алатын бұлақ көздері.
  20. Әйел – ошағымыздың ұйытқысы, Отанымыздың сақтаушысы, береке-бірлігіміздің алтын діңгегі, ұлттық мәдениетіміздің мәйегі.
  21. Тілді меңгеру үшін оған өзіңнің жүрегіңді ашуың керек.
  22. Ұлт дегеніміз – ұлттың өзін-өзі билеу идеясы басын құраған адамдардың жиынтығы.
  23. Мəдениет болмаса ұлт та өмір сүре алмайды. Ұлттың мəдениеті – оның қуат өрісі, қорғаныс тетігі.
  24. Тарих сабақтарын жалпы алғанда, сондай-ақ мəдениет тарихының сабақтарын жеке алғанда, олар халықтың жан-жүрегінен орын алса ғана мəн-мағынаға ие.
  25. Қазақ тарихында қазақ ұялатын еш нәрсе жоқ.
  26. Қазақстан – бұл ортақ жер, біртұтас халық жəне ортақ келешек.
  27. Өткенді тану, тарихты терең пайымдап, оған əділ баға беру – үлкен парасаттылық пен жауапкершілікті талап етеді.
  28. Өткен заманды аңсау емес, тауқыметі мол болса да, өзіңе етене жақын өз тарихыңды қастерлеу қажет.
  29. Қараңыздаршы: бір шеті Алатау, енді бір қиыры Алтай, тағы бір шеті Атырау сияқты қазақтың үш қиянынан табылған үш «Алтын адам» бір ғана мəдениеттің – біздің бабаларымыздың қолынан жасалған мəдениеттің үлесіне тиеді екен. Бүгінгі жас ұрпақты ұлт мəдениетін ұлықтау рухында тəрбиелеу үшін бұдан басқа қандай дəлел керек.
  30. Менің көзім анық жеткен бір нəрсе: өзгелердің ұлттық мəдениетіне тиісті құрметтеу жок, жерде шынайы азаматтық татулық та болмайды.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Ең көп оқылған
Сауалнама

«Болашақ» бағдарламасына 25 жыл толды. Бұл бағдарламаға қатысыңыз бар ма?