Жарияланымдар

Алматыда жас тарихшылар марапатталды

30 Қараша 2018
1128
0
Алматыда жас тарихшылар марапатталды
Алматыда Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында жас тарихшылар байқауы мәресіне жетті

Қазақтан шыққан тұңғыш ғалым Ермұхан Бекмаханов атындағы байқау «Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты президенттік мақаласы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын практикалық тұрғыда жүзеге асырудағы жас тарихшы-ғалымдардың міндеті» атты жас тарихшы ғалымдардың конференциясы аясында өтті.

Байқаудың жүлде қоры 600 мың теңгені «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры тағайындаған. Шараға құрметті қонақ ретінде Е. Бекмахановтың қызы – Қарлығаш Ермұханқызы және өзге де көрнекті ғалымдар  қатысты.

Шара өткен жылы өткен Е.Бекмаханов байқауына қатысушылардың мақалалар жинағының тұсаукесерімен басталды. Сондай-ақ конференцияға қатысушы жас тарихшылар мен қонақтарға жаңа ашылған «Жас ғалымдар кеңесі» стенд-көрмесі және Е. Бекмаханов мемориалдық кабинеті таныстырылды.

Арнайы құрылған комиссия шешімімен 2018 жылғы Е. Бекмаханов атындағы жас тарихшылар байқауының қорытындысы жарияланды. Сонымен жүлделі орындардан көрінгендерді атап өтсек.  Байқауыдың бірінші орының  Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының PhD докторанты Қуаныш Мурзаходжаев «Мусульманские учебные заведения на территории Казахстана (конец ХІХ – начало ХХ вв.)» атты  мақаласы үшін иеленді. Жеңімпазға 200 000 теңге сертификаты мен арнайы диплом табысталды.

ІІ орын – Әбеу Б., әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 3-курс студенті «Сейдазым Қадырбайдың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі»; Шагимолдин Е.Ө., ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстазы, тарих магистрі «Алаш автономиясының ұлттық қазынасы қалай қалыптасты?» мақаласы үшін (жүлде қоры 100 000 теңгеден).

ІІІ орын – Советхан И., С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің 1-курс студенті «Ешкім ұмытылған жоқ, ештеңе ұмытылмақ емес: Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы қарапайым адам тағдыры»; Дукомбайев А.Т., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің оқытушысы, тарих магистрі «Изучение зимовок-кыстау по материалам археолого-этнографических экспедиций»; Морякова М.Т., Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 2-курс магистранты «Қазақ-моғол байланыстарына қатысты мұсылман деректері» зерттеуі үшін (жүлде қоры 65 000 теңгеден) жеңімпаздары  болып танылды.

Аталған жүлдегерлерді де марапаттау рәсімі барысында жеңімпаздарға сертификат пен арнайы дипломдар табыс етілді.

Конференция жұмысына қатысуға Қырғызстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Ш. Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтының ғылыми қызметкері Алмасқызы Перизат арнайы келіп, баяндамасын оқыды. Сонымен қатар Өскемен қаласынан С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінен бір топ делегация, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінен, Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығынан, Алматы Технологиялық университетінен, Назарбаев Зияткерлік мектебінен және т.б. ғылыми-білім мекемелерінен өкілдер қатысты.

Конференция аясында жас ғалымдар Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты президенттік мақаласы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын практикалық тұрғыда жүзеге асыру бойынша өздерінің ізденістері және жаңалықтарымен бөлісіп, ұсыныстарын жеткізді.

National Digital History порталы

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Ең көп оқылған
Сауалнама

«Болашақ» бағдарламасына 25 жыл толды. Бұл бағдарламаға қатысыңыз бар ма?